«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық – зор байлық
Дайындаған: 1 ай бұрын

Пайдалы кеңес

      Адамның аяғының үлкен бақайының үсті қызарып, түн кезінде шаққылап, кызып басталатын падагра науқасы ер адамдарда жиі кездеседі. Бұл науқас зәр қышқылының (мочевина) қандағы мөлшерінің көбеюіне байланысты болады. Бұл науқасты дұрыстап емдемесе аяқтың табанына, өкшесіне тізе мен қолдың саусақтарының буынына тұз байланады. Қуық ауырып, зәр жүретін жолға тұз байлануынан жеңіл дәрет жүруі нашарлайды. Бұл науқасты емдеу ас ішудегі диета сақтауға байланысты. Жас ет, балық, уылдырық, ішімдік, сыра, домалақ және жамбас бұршақ (горох и фасоль), майлы сорпа, қақталған сүрі тағамдар, консерв, маргарин, қара шәй, кофе, шоколад сияқты біраз тағамдардан бас тарту қажет. Бұл науқаспен ауырған адамдар күнделікті таза суды көп ішкені пайдалы. Сонда адам қанында зәр қышқылы азаяды.  Сүт өнімдерін, сүтке емес суға пісірген ботқалар, жеміс-жидек, көк өніс, картоп сияқты тағамдарды көбірек пайдалану керек. Кептірілген қара өрікті үнемі жеген пайдалы. Халық емшілерінің кейбір әдістерін ұсынамыз:

      – Ақ шіліктің (белая ива) қара тал емес, ұнтақталған 1 қалайы қасығын беті жабылатын  ыдысқа салып, оған сақырлап қайнап тұрған 0.5 литр ыстық су құйып бетін жауып, қазанда (кострюлде) ақырын қайнап жатқан суда 30 минут ұстау қажет. Содан кейін сүзіп күнделікті сусын ретінде іші  керек.

      Сонымен қатар, қазтаңдай (тысячалистник) шөбінің 1 қалайы қасығын 1 стақан ыстық қайнаған суға салып, бетін жауып 1 сағат тұндырады. Сонсоң сүзіп, осы тұнбаны күніне 2 уақыт ас ішер алдында 20 минут бұрын ішіп отырады.

Осы тұнбаларды 3 апта ішіп, 2 апта дем алып қайталап отыру керек.

                                        *

      Адам ағзасын зиянды холестериннен ХНП (холестерин низкой плотности) тазарту үшін кешке қарай 0.5 стақан домалақ бұршақты, немесе жамбасбұршақты (горох, фасоль) алады да, үстіне стақан толғанша суық су құйып, бетін жауып ертеңгі таңға дейін сақтайды. Таңертең ішіндегі суды төгіп, жаңалап су құйып, отқа қойып пісіреді. Оттан алған соң, үстіне пышақтың ұшындай мөлшерде ас содысын (ішекте газ пайда болмау үшін) салып араластырады. Осы ботқаны бөліп күнде 2 уақыт жеп отырады.

Емделу мерзімі 3 апта.

Сайхыман

 

Aqsaqaldar.kz

 

     

 

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны