«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Отбасы берекесінің сыры неде...
Отбасы берекесінің сыры неде...
Дайындаған: 2 ай бұрын

                                                               Келін

 

      Қазақ отбасының берекесі, ынтымағы, абройы бабаларымыздан қалған салт, ғұрыптарға негізделген. Салт, ғұрып дегеніміз халқымыздың талай ғасырлар бойы адамдардың өзара қатынастарының шыңдалған тәжірибесі негізіндегі тұрмыстың қыр – сырларының сынынан өтіп екшелген рухани мәдени мұра.

      Қазақ халқында отбасын құру, отауға келін түсіру мәселесіне өте жауапкершілікпен қарау қалыптасқан. Халқымыздың: «Анасын көріп – қызын ал, аяғын көріп – асын іш» деген даналығында терең фәлсапалық ой жатыр. Тексіз жерден қыз алып өз әулетінің тегіне нұқсан келтіру, ер жігіттің арына сын және аруақтарға обал деп, ата – баба алдында күнәға батпауды есте сақтаған.

      Ата – анасының тәрбиесінен сусындаған отбасын құратын жігіт өзінің келешектегі ұрпағының тағдырына деген жауапкерлігін есінен шығармаған. Ескіден қалған аталы сөз: «Ердің (атқа салар) мықты болуы ағашынан, ер жігіттің мықты болуы нағашыдан» деудің түбінде әр баланың табиғи жаратылысында ананың қанынан келетін қасиеттердің басым болатынын уағаздаған халық даналығын, қазіргі генетикалық ғылым жетістіктер де қолдап отырғаны белгілі. Біздің бабаларымыз оны мыңдаған жылдар бұрын білген. 

      Жабайы батыс, Еділ (Аттила) жорығынан кейін ғана текті жерден қыз алуды үйренген. Кеңес дәуірі кезінде таптық саясат ықпалына жығылған көптеген жазушы, ғалымсымақтарымыз халқымыздың осы қасиетті салтын жамандап, ұрпақтың аталар жолынан алшақтауына жол ашты. Біз азғындыққа ұшыраған ұлттық сананы жаңғыртуымыз қажет. Рухани құндылықтарымызды адамзат өркениетінің тиімді жетістіктерімен байыта отырып, ұлттық ерекшелігімізді сақтауымыз керек.

      Ол үшін біз отбасын құратын жігіт пен қызды тәрбиелеу мәселесіне мұқият көңіл бөлуіміз қажет. Бүгінгі қыз бала ертеңгі келін, болашақтағы ұрпақтың анасы екенін жастай әр баланың мінез - құлқында отбасын қалай қалыптастыруға болады және оған қоғам мен әр ел азаматының ықпалы қандай болуын шешуіміз қажет. Бұл жерде ең ауыр салмақ та, жауапкершілік те бала тәрбиелейтін анаға тиесілі болатыны аян.

      Қазіргі жастардың санасынан тыс қалаған, бірақ қазақ қоғамында ертеден келе жатқан қасиетті ұғым бар. Ол, қазақ келінінің өзі келген босаға әулетінің бұрыннан қалыптасқан салт, ғұрыптарын жан – тәнімен қабылдап, жаңа ұрпақты өз әулетінің құндылықтарын құрметтеп намысын қорғайтындай мұрагері етіп тәрбиелейтін отбасының ұйтқысы  бола білетін тұлға деңгейіне жету. Ондай келіндерді жұрт қатты силап, «Келін ененің топырағынан жаралады» деген ғой, енесі – жарықтық  ақылды, жақсы адам еді, деп тамсанып қадірлеумен өз қыздары мен келіндеріне өнегесін насихаттап отырған. 

      Келіннің инабатты, қайырымды, жақсы болуына өз анасының дұрыс тәрбиесімен қатар, енесінің білімді, ақылды, көпшіл, адамгершілігі мол, сабырлы мінезі үлкен әсер етеді. Өкініштісі, кейбір аймақтарда қазақтың жақсы салттарының тонын теріс

165

айландырып, келінді адуын, парасатылықтан хабары аз енелері, «отырса – опақ, тұрса - сопақ» деп,  үй шарусы үшін келген әйел ретінде ұстауға тырысатындары бар. Ол туралы халқымыз жиренішпен: «Жақсы үйге келген келін – келін болады, жаман үйге келген келін – келсап болады» деп айтқан. Осындай тәлімі жоқ отбасында тәрбие алған ұрпақтардың өз балаларына ұлағатты тәрбие береді деу қиын. Кейбір келіндердің төзімсіз, үлкенді силап, кішілерге қамқор болудың орнына, келген ортасына одырая қарап, жігітінің жақын – жақпайларын менсінбей, тек өз төркінінің  артықшылығын ойлаумен жүріп, талай отбасының іріп, тозуына себепкер болатыны өкінішті.

      «Жақсы әйел бар үй – жұмақ, жаман әйел бар үй – тозақ», дегенді жастар естерінде сақтауы керек. Бұның тамыры, қыз баланы өсірген өзімшіл, көргені жоқ, оқығаны болса да, тоқығаны аз білімсіз ананың тәрбиесінде жатқаны баршаға аян. Ақылды ана қыз баланы мейірімділікке, ізеттілік пен төзімді болуға тәрбиелеп, оның жатжұрттық үшін жаралғанын ескертіп, барған жерінде жігітінің туыстарын құрметтейтін, сыйлы, қадірлі болуын ойлап тәрбиелейді.

      Жақсы әйел әрқашанда отбасының берекесі мен намысы үшін өзінің өзімшілдігін ақылмен басып, ер адамның жаманын жасырып, жақсысын асырып, жігеріне қуат қосып, кейбір жағдайларда қате жібермеуіне себепкер болып отырады. Өйткені, әйелдердің табиғат берген ерекшелігі ер адамдар көңіл қоя бермейтін тұрмыстағы ұсақ – түйектерді саралап, қалт жібермейтіндіктері. Сондықтан бір уақ әйел адамдардың сөзіне құлақ асып отырған жөн. Отбасының берекесі болу үшін ортақ мәселелерді әрқашан келісіп шешіп, бір – бірінің пікірімен санасып, ерлі – зайыптылардың бірін – бірі қолдауы шаңырақтың мықты болуына үлкен әсер етеді. Ақылды әйел, үй ішіндегі ұсақ – түйек әйел жасайтын шаруаға ерін жолатпайды, өзі де ерінің отбасына қатысы жоқ шаруаларына араласпайды. 

      Отбасы болған соң ыдыс – аяқ сылдырламай тұрмайды деген халқымызда аталы сөз бар. Ондайда жағдайдың ушықпауына әйелдің тәрбие көргендігі мен ерінің ақылды, парасаттылығы ықпал етеді. Тегінде сөзге жуықтық, сабырсыздық, әр нәрсенің артын ойлауды білмей артық сөйлеу көп зиян шектіретінін есте сақтау қажет. Өйткені, ерлі – зайыптылардың арасындағы қарым –қатынастың ширығуына екі жақта кінәлі болады. Осыны ойда ұстау қажет. Бір жақ қана кінәлі болу сирек кездеседі.                                   .                                                                                                                                

       Қазақ халқының тарихында ақылды, ер жүрек ел бірлігін сақтау мен намысын қорғаған әйел затынан шыққан тұлғалар аз болмаған. Мысалы, аттары аңызға айналған кіші жүз бен орта жүздің арасындағы сыйластықтың негізін қалаған Адай бабаның ұрпағы Әлпеш ана болса, ал, орта жүз бен ұлы жүздің арасын біріктіретін Бәйдібек бидің Домалақ анадан туған Күнсұлу мен Айсұлу деген қыздары найман елінің Мұрын, Қызай деген руларының атына ие болғаны белгілі. Бұл қазақ келіндерінің отбасы ғана емес, барша елдің қамын жеген кемеңгер тұлғалар деңгейіне көтеріле білгенін көрсетеді.                                                                                                                                                                            

      Біздің алдымызда ел болашағының қандай болуын шешіп, бағытымызды нақтылайтын өте маңызды мәселе тұр. Бүгінгі кезеңдегі рухани құндылықтарынан айрылған науқасқа шалдыққан шалажансар отбасы институты келешек көшіне ілесе алмайды. Біз ұрпақ тәрбиесін отбасының тәрбиелік мәртебесін арттырмай, кемшілктерінен арылмай тұрып елінің келешегін сақтайтын озық мемлекетшіл қоғамдық сана қалыптастыра алмаймыз.

      Ұлтымыздың абройы мемлекеттің негізін құрайтын отбасының тәрбиелік мәртебесінің өсуіне тікелей байланысты. Сонда ғана ұлттық сана негізінде қалыптасқан қоғамдық сана елімізді рухани азғындықтан сақтап қала алады. Сонда ғана тәуелсіздігіміз мәңгі жасайды.

                    

                                        Ербала – отау иесі

 

      Қазақ халқы келешек отау иесі ер баланы тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлген. Ер бала қазақ қоғамының тірегі, елінің намысы мен дәулетінің қорғаны, өз тегінің рухани құндылығын  байытып, тіршілік жолын жалғастырушы, адамгершілік пен жігердің қайнар көзі, бабалар қонысы туған жерінің мұрагері және иесі. Соданда халқымыздың  бағзы заманнан: «Ер бала он үшінде отау иесі» деп жасынан оның ерте есейуіне ықпал жасап, 

166

жұртының алдындағы  жауапкершілігін  ұғуға жетелеген.  Яғни, ер бала ең алдымен өз жұртының алдындағы орындайтын парызының басы отбасын құрудан басталатынын  ұғуы қажет. Өйткені, от басының берік, берекелі  болуы отау құрған  ер баланың отау иесі болуға  жасынан бейімделіп, өмірдің  сан қилы сырлары мен қиын соқпақтарына дайындығы мен маңайындағы басқа адамдардың да дағдырына  жауапкершілігін мойнына алудың керектігін ұғу деңгейіне жету.

      Отбасын құруға байланысты алған тәлім, тәрбиенің аздығынан ақылға емес, өтпелі сезімге беріліп пайда болған отаулардың  өмірлерінің  қысқа болып, қоғамда тірі жетімдер мен жесірлердің  көбеюін өкінішке қарай – қазіргі өмірдің дертті ерекшелігі екенін мойындауымыз керек. Өз отбасына жақсылық жасай алмаған адамның әрқашанда қоғамға пайда әкелуінен гөрі келтіретін зиянының көп болатынын ұмытпауымыз керек. 

      Бүгінгі ер бала ертеңгі отау иесі – келешек ұрпақты, жұртының намысын қорғайтын азамат етіп тәрбиелейтін әке. Біздің ата – бабаларымыз ер баланы тәрбиелеуге мұқият көңіл бөлгені белгілі. Ал біздің қазіргі тәуелсіз елімізде сол атадан мирас болып қалған өнегені неге қайта жаңғыртпаймыз. Қашанғы батыстың тәрбиесіне еліктеп, өз халқымыздың  рухани құндылықтарына «ескінің қалдығы» деумен оның артықшылығын пайдаланбай жүреміз?  Мысалы,  өз халықының  рухани құндылығы негізінде ұрпақ тәрбиелеу идеологисын жүргізіп отырған  жапон, қытай тағы басқа шығыс елдерінің  жетістігін кім жоққа шығара алады.

      Отбасы мемлекеттің негізін қалайтын кірпіші болғандықтан  еліміздің мәңгілік тәуелсіз болуы келешек отау иелернің – бабалардың  рухани  қасиеттерінен нәр алған, адамзат өркениетінің адамгершілік пен ізгілікті, әділдік пен теңдікті қалыптастыратын тәжірибелерін талғаммен игерген, жанжақты білімді, парасатты азаматтар деңгейінде тәрбие алуына  бар жағдайды жасап, ықпал етуіміз қажет. Бұл мәселе, ұрпақ келешегінің кепілі болатындықтан біздің қоғамның әр азаматы оны өзінің ең  маңызды  борышы екенін ұғуы қажет. Соған жұмыс істеуіміз  керек. Сонда ғана ел намысын қорғайтын, әділдік пен теңдіктің тепе – теңдігін ұстайтын қоғамдық сана қалыптастырған  өркениетті ел бола аламыз.                                  .                                                           

      Кеңес дәуірінен қалыптасып қалған бала тәрбиесіндегі үлкен кемшілік, ол балабақша, мектептен бастап  тәрбие мәселесін саясаттандырып,  ұрпақ тәрбиесін халқының рухани құндылықтарынан ажыратуына алып келгені болып отыр. Ер бала мен қыз балалардың өсу кезінде табиғи, психологиялық ерекшелігі ескерілмей оларды бір қораға қамағандай бір қалыпқа салынған бағдарламамен білім беру жүйесі тәлім,  тәрбие бермей тек пәндерді игеретін роботқа айналдырып отырғанын ұқпаймыз. Тәрбие беру тек шартты, жоспар бойынша ұйымдастырылған саяси мәні бар шаралармен  шектеліп қалған. Осындай не отбасында, не оқу орындарында жүйелі, халқының бай рухани құндылығынан сусындамаған, көше тәрбиелеген ұрпақтың келешекте қандай отау иесі болары, тек олардың  сүбъективті өмір шындығын қалай қабылдауына  байланысты болып отыр. 

      Соның салдарынан, қоғамда  жаңа  отаулардың тұрақсыздығынан өмірде әкесіз бала тәрбиелейтін әйелдер, әке тәрбиесін көрмеген әйел мінезді ерлер пайда болғаны белгілі. 

      Бұл құбылыстың ерекшелігі отау иесі ер адам – әкеге деген ұғым мен көзқарасқа  жеңіл қарауынан туындаған қайшылықтардың  әсерінен отбасында ер адамдардың беделі азайған. Осы келеңсіз құбылыстың тамыры тереңде жатыр,  одан айғу жолы өте ауыр және ұзақ уақыт, ол табандылық пен білімді қажет етеді.                                             .                                                                                                                   

      Ер бала мен қыз баланың тәрбиесіндегі ерекшелікке тоқталған жөн сияқты.   Шығыс халқының, әсіресе қазақтар бағзы заманнан ер бала мен қыз балалардың тәрбиесіне үлкен мән берген. Қазақ халқының көшпенді жаугершілік тұрмысына байланысты тәрбиедегі ерекшелігі қыз баланы кемсітпей ер баламен бірдей қиыншылыққа төзімді, тапқыр, қайсарлы болуға баулыған. Содан да, қазақ әйелдері  ерлермен бірдей шаруашылық пен жаугерлік өмірге араласып, діни фанатизмге ұшырамай өздерін қағамда еркін ұстап, сыпайы, ұяң, тәрбиелі, биазы, сезімтал ұстамдылығымен көрші халықтардың әйел

167

азаттарынан ерекшеленіп отырған. Қазақ отбасында қыз баланы биазы болуға, көргенділікке, үлкендер мен кішілер арасындағы қарым – қатынас этикасын сақтауға, тазалық пен ұқыптылыққа, отау құрғаннан кейін  ата – енесін силау мен ерінің беделін сақтау ғана отбасының береке –бірлігі мен босағаның беріктігінің кепілі болатынын үйреткен. Анасы қыз баланы жасынан дөрекі, тұрпайылықтан, салақтықтан, қыдырма – сөзуарлықтан, тәкәпарлықтан жирентіп, адамдармен қарым – қатынаста адалдыққа, көпшілдікке, көзімен көрмесе өсек сөзге ермейтін, ақыл мен намысқа сүйенген төзімді болуға баулып өсірген.                                             

      От басындағы ер адамның беделі бала жастан көріп өскен әкенің өнегесіне байланысты. Халқымыздың: «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген даналығы бала тәрбиесіндегі заңдылықтың түпкі тамырын көрсетеді. Тәрбиелеудегі ерекшелік отбасының  тағдыры мен беделіне жауапкершілікті  ер адамның мойнына жүктеген. Соған байланысты қазақ қауымында отбасы өміріндегі болып жататын небір жақсы, яки қолайсыз жағдайларды тек  ер адамның атымен байланыстырып  отырған.  Өйткені, келеңсіз жағдайлар отбасы шыққан әулеттің, не болмаса тамыр жайған ата беделіне сөз келтіруі мүмкін. Сондықтан ер баланың тәрбиесіне, оның қауым алдындағы жауапкершілігіне мұқият көңіл бөлінетін болған. Соданда, болашағын ойлаған тәрбиелі, есейіп отау құрамын деген жігіттердің: «Аяғын көріп асын іш, анасын көріп қызын ал» - дейтін халық даналығы зердесінде сақтаған.

      Халқымыздың салтында жаңа отаудың  босағасы берік  беделді отбасы болып қалыптасуына және жұбайы мен балаларының тағдырына жауапкершілікті ер адамның мойнына жүктеген. Қазақта: «Әйелді бастан, баланы жастан тәрбиелеу керек» деген дана сөз бар. Отбасы шағын мемлекет сияқты, ал отау  иесі (отағасы)  оны басқаруға үлкен дайындығы мен бейімділігі болуы қажет. Яғни ер бала жасынан өнегелі үлкен тәрбие беретін өмір мектебін көруі керек. Отағасы болу үлкен мәртебе  әрі отбасының береке, бірлігін қалыптастыратын ақыл, сабыр және төзімнің иесі болуы қажет. Әйелді бастан тәрбиелеу деген, билік жүргізіп, дауыс көтеріп «ірілік» көрсету емес, керісінше силап, қамқорлық көрсете отырып, ақылмен ата – енесін, туыстары мен достарын құрметтеуге бейімдеу, үй ішіндегі шаруаға ұқыпты, тазалыққа, қанағатшылдық пен үнемшілдікке, қонақжайлық пен көпшілдікке, әдепті сыпайылыққа, кешірімділікке жақын болуға өнеге көрсете жүріп жеткізу.

      Орынсыз әйел адамның үй шаруасына, әңгімелеріне араласатын дүниеқоңыз ер адамды қазақ құрметтемей ер санатына қоспаған, ал әйел адам үлгере алмай , не шамасы келмейтін жағдайда көмектесу өте орынды, бірақ ер адамға жараспайтын ұсақ – түйекке араласудан аулақ болуы қажет. Отбасының берекесі ер адамның тәрбиелі, көргені бар білімді, сабырлы, қиындыққа төзімді, тұрмыстың күрделі мәселелерін парасатпен шеше алтындай болуы керек. Ол өзі таңдап қосылған жарының кемшіліктеріне кешіріммен қарап, әрқашанда оған мейірім көрсетіп силайтын болса өзіде жұбайына, балаларына силы болатыны белгілі. Бірге өмір сүру аз уақыт қонақта болу емес, ол мына жарық дүниедегі мезеттік ғұмырды бағалаумен, парасаттылықпен өткізіп, ұрпағың мен еліңнің келешегіне тамшыдай тәлім болар өнеге тастап кету – әр пенденің табиғи борышы екенін ұғу және соны орындауға ұмтылу. 

      Ұрпағыңа жиған байлығың, атақ, дәрежең мирас болмайды, тек өнегелі өміріңнің ізі қалады. Ер адамдар осыны ұмытпауы қажет. Біздің мақсатымыз мемлекетіміздің өзегі – отбасы тәрбиесін ең маңызды мәселе деңгейіне көтеріп, содан келешек үшін нәтиже шығару.    

 

Болат Дүйсембі  

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны