«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Димаш аға туралы үздік . . сыр
Димаш аға туралы үздік . . сыр
Дайындаған: 3 ай бұрын

       Кім не айтса, о десін, онда менің шаруам жоқ. Біреулер Димаш ағамды даттар, біреулер мақтар. Ал, мен атамның көзін көрген көрші апамның әңгімесін жазайын.   

  
      – Бибишка, сен, Димаш ағаңды жұрттың сөзіне еріп, ешқашан жамандап жазушы болма! Кейбіреулер оттай береді. Өз көзімен көрді ма екен ол кісіні? Жоқ. Ал, мен көрдім. Ол өте шырайлы, әрі қарапайым жан болатын. Сол оқиғаны ойласам, әлі күнге дейін бір күліп аламын, -деді де,- Сен қыз, неге осы тамақты тауысып жемейсің? Жаманнан жарты қасық тамақ қалады. 
 

      – Ой, апа, жарайды жаман адам-ақ болайын. Бәрібір бұл жұртқа жақпайсың. Онан да Димаш ағам туралы әңгімені айтып беріңізші? -дедім қиылып.
      – Жарайды, қызым, көңіліңе алма. Қалжыңдадым. 76-шы жыл болатын. Жұмыстағы қыздар үйден тамақ алып келіп, тығылып жейтінбіз. Бастығымыз өте қатал кісі еді. Столовыйдың тамақтары ұнамайды деп талай рет шағымдансақ та, тыңдамайды. Жұмыста шәй ішіп, тамақ жеуге қатаң тыйым салған. Отыратын жерімізде свет болса да, жақпаймыз. Қорқамыз. Біліп қойса оңдырмайды. Содан әдеттегінше төрт әйел болып тығылып тамақ жеп отырсақ, бір кісі кіріп келді. Көлеңкеден байқағаным екі иығына екі кісі мінгендей, бойы ұзын кісі екен.

      Шошып кеттік. "Қыздар-ау, қалайсыздар? Мыналарыңыз не? Светті жақпайсыздар ма?",- деді де, жанында тұрған светті жақты.

      Ойпырым-ай, Бибишка, екі көзім шарамнан шығып кете жаздады. Қарсы алдымызда Дінмұхамед Қонаевтың өзі тұр. Жалғыз. Есімде жоқ, амандасқаным. Атып түрегелдік барлығымыз. Ол кісі болса:
"Қыздар, отырыңыздар, асықпай шәйларыңызды ішіңіздер. Бірақ, "екінші рет қараңғыда отырмаймын" деп уәде беріңіздер. Көздеріңізді құртасыздар ғой. Ал, Сіздей аяулы жандар елімізге ауадай қажет",- деді.

      Барлығымыз басымызды шұлғып, бір орында қасқиып қалғанымды білем. Ал, ол кісі болса жағдайымызды сұрап, арқамыздан қағып, күлімсіреп шығып кетті, - деп әңгімесін аяқтады көрші апам. А, айтпақшы сол оқиғадан кейін көрші апамның бастығы қыздарға шәй ішуге рұхсатын беріпті. 
Бүгін Димаш атамыздың туған күні. Біз Сізді ұмытпадық аға, мәңгі жадымыздасыз!

 

Бибігүл, ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны