«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық – зор байлық
Дайындаған: 2 ай бұрын

Пайдалы кеңес

     Адамдарда жиі кездесетін қанындағы темірдің қажетті мөлшері азаюының салдарынан гемоглобин деңгейінің төмендейтіні белгілі. Кейбір адамдар тәжірибелі дәрігерге көрінуге мүмкіншілігі болмай, өз бетімен  дәріхана таблеткаларымен емделгенде ас қорыту жүйесіне зақым келуі және қандағы гемоглобиннің қалыпқа келмеу жағдайына душар болуы мүмкін. Осындай кездерде химиялық дәрі ішуді тоқтатып, адам ағзасына зиян келтірмей науқасты емдеудің халық еміне жүгінуге болады. Ағзадағы темірдің қажетті қалыпта болуына ең бастысы күнделікті тағамдар ішінде:  көк алма, жаңғақ, бал, шәңкіш (калина), дала жидегі (қой бүлдірген), шырғанақ (облепиха) және қызылшадан (свекла) жасалған тосаптар (варенье) болуы қажет. Бұл тағамдардың емдік қасиеті оларды тойып жеу емес, оларды аз мөлшерде үзбей күнделікті бір уақыт жеп, не шайға қосып ішіп отыру қажет. Қандай тағам болсын оны тұрақты түрде аз мөлшерде ішу ағзаларға ем болатынын еске сақтау қажет. Назарларыңызға асқынып, созылып кеткен аталып отырған науқасты емдеуге арналған  бір әдісті ұсынамыз:

   – Орташа бір шикі қызылшаны алып, жақсылап тазалап жуып теркадан өткізіп аздаған қант қосып араластырып 30 минуттай нәрі бетіне жиналғанша тосып, содан кейін одан сығып алынған нәрді күнделікті 1 уақыт таңғы ас алдында 20 минут бұрын аш қарынға ішіп отыру керек. Емделу мерзімі 3 ай. Емделу кезінде әр 1 ай өткенде 1 апта дем алып отырады.

 

                               *

 

     Көптеген адамдар үнемі қол, аяғы жылынбай жүретіні мазалайтынын айтатыны белгілі. Бұл, сол адмдардың қол аяқтарының қан айналымының нашарлығына байланыты екенін екеруі қажет. Осындай жағдайлараға байланысты халық емінің бір әдісін қолдануға болады:

    – Қарақұмықты (гречка) тұз және басқадай ештеңе қоспай құр өзін суға қайнатып, күніне 1 рет  таңертеңгі уақытта жақсылап шайнап әр адам өзінің  тәбатына қарай жеп, артынан қайнаған бір-ер стақан жылы қайнаған су ішіп отыруы керек.  Емделу мерзімі 2 апта. Бұл емнің қосымша көмегі, адамның ағзасындағы қант мөлшері жоғары болса, соны қалпына келтіреді. 

Сайхыман

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны