«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Отбасының асыл парызы
Отбасының асыл парызы
Дайындаған: 2 апта бұрын

1. Ең бірінші, ерлі-зайыптылар арасында өзара сүйіспеншілік болуға тиісті.
2. Отағасы – отбасының киімін және басқа да қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін еңбек етуге міндетті.
3. Отағасы – отбасында діни және адамгершілік міндеттердің орындалуына ұйытқы болуға, олардың игіліктерін толтырып отыруға жауапты.
4. Ерінің әйеліне нәзік, жұмсақ болуы, дөрекілік жасамауы, ренжітпеуі шарт.
5. Әйелі күйеуіне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарап, үй шаруасында, бала тәрбиесінде жұбайына көмектесуі қажет.
6. Әйелдің үнемшіл болуы керек. Жұбайының тапқанын ысырап етпей, үйге ие болуға тиісті.
7. Әйел үйін, отбасын ойлап, оның намысын қорғауға міндетті.
8. Күйеуіне әйелі қарсы шықпай, шайпау мінез көрсетпейді, бір жаққа шығарда күйеуінен рұхсат алады.

ІІ. Ер адамның міндеті
1. Ері ізгі мінезбен әйелін қадірлеп, жарасымды өмір кешуге тиіс. Ешуақытта әйеліне жаманшылық жасауына болмайды. Ұлық пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сендердің ең жақсыларыңызәйелдеріңізге жақсы болғандарыңыз», - деген.
2. Мұсылман еркектің зайыбына, үй шаруасына көмектесуі – сүннет.
3. Әйеліне мейірімді болу.
4. Еркек әйелінің намысын аяқасты етпей, қадірін сақтауға міндетті және аяғы келеңсіздікке апаратын істен сақтан-дырғаны жөн.
5. Әйелді асырау, киіндіру және тапқан нәпақаны ысырап етпей ретімен жарату ер адамның міндеті.
6. Егерде әйелі діни міндеттерді білмесе, күйеуінің үйретуі қажет.
7. Мұсылман еркектің сөзімен де, ісімен де әйелінің жаратылысын, мінезін келемеждеуіне, туған-туыстарын балағаттап қорлауына, кемсітуіне рұхсат жоқ.
8. Отбасына жан-жақты жағдай жасауға, баспанамен, ас-ауқатпен, киім-кешекпен қамтамасыз етуге тиіс.
9. Алыс сапарға шығарда үй іші тарықпас үшін қажетті заттармен қамтамасыз етуге міндетті.
10. Зайыбын сыйлауы, оған күш көрсетпеуі, қоқан-лоқы жасамауы – ерлерге қойылатын басты талаптардың бірі.
11. Ері әйеліне бір жаққа кетерінде қайда баратынын ескертуге тиіс.

ІІІ. Әйелдің отбасындағы міндеттері
1. Күйеуіне бағыну, оның абыройын қорғау, сыйлау және күту.
2. Ерінің тапқанын ұқсату, балаларын жақсылап тәрбиелеу.
3. Бір жаққа шығарда міндетті түрде күйеуінің рұхсатын алу.
4. Күйеуіне қарсы шықпау, шайпау мінез көрсетпеу.
5. Басқа еркекке көз салмау.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистері бойынша:
Ерінің рұқсатынсыз бір жаққа қыдырып кетуге, қонақ шақыруға қақысы жоқ. Ерінің ықтиярынсыз оның мүліктерін, ақша-дүниесін, өзге де нәрселерін (мәселен: кітабын, қалам-қағазын) өзгелерге бере алмайды.

• Әйел ешкімнің зорлауынсыз отбасындағы міндеттерін атқара беруге тиіс.
• Ерінің қас-қабағына қарап, оның қуанышы мен қайғысын бірге бөліседі. Мәселен, ері әлденеге ренжіп, қайғыға батып отырғанда әйелінің ештеңе ойламай жарқылдап, күліп жүргені жарамайды.
• Әйелі ерінің тапқанын қанағат тұтады. Ерінен артық нәрселерді талап етпейді.
• Еркек үшін жақсы әйел ерінің сөзін екі етпейтіні.
• Себепсізден себепсіз ерінен ажырасқан әйелге жәннат иісі – арам.
• Әйел еріне ашуланып үйіне кетіп қалса, қайта оралғанынша Алланың қаһарында болады.
• Дүние –бір пайдаланатын нәрсе, оның ең жақсысы – мінезі мен амал-әрекеті дұрыс әйел.
• Алла Тағала әлде-кімге адал да дұрыс әйел нәсіп етсе, расында оған діннің жартысындай көмек көрсеткендей болады. Қалған екінші жарымы үшін өзі әрекеттенсін.

ІҮ. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың міндеттері
1. Балаларын дені сау етіп өсіру, оның тән мен жан саулығын қорғау.
2. Балаларына арам нәрселерді жегізбеу.
3. Баласына жақсы ат қою.
4. Баласын жақсы тәрбиелеп, оған ахлақ тұрғысынан үлгі болу.
5. Баласына намаз оқытуы, басқа да діни және ахлақи міндеттерін үйрету.
6. Баласын оқытып, күнін көре алатындай мамандық иесі етіп қалдыру.
7. Балаларды жақсы көріп, оларға әр уақыт көңіл бөлу. Өйткені, олар ішіп-жеуді қажет еткені сияқты сүйіспеншілікті де қажет етеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) балаларын өте жақсы көрген.
8. Балаларын жақсы көре отырып, оларға сыйлық бергенде ажыратпау, тең және әділетті болу.
9. Ержеткен шақта балаларын үйлендіру.

Ү. Балалардың ата-анасына міндеттері
1. Ата-анаға жақсылық жасау.
2. Күн көрісі қиын болса, оларға көмектесу.
3. Ата-ананы ешқашан сөзбен не қылығымен ренжітпеу, тіпті «УҺ!» демеуі керек.
4. Ата-анаға жылы шырайлы қарап, сыпайы сөйлеу. Олардың жүздеріне ашулы немесе қабақ түйіп қарамау.
5. Шақырғанда лезде жетіп бару.
6. Алла Тағаланың бұйрықтарына қарсы болмаған ата-ананың әмір-талаптарына мойынсұну және орындау.
7. Кез-келген істе олардың ризашылығын алу және оларды риза ету.
8. Олардың қасында дауыс көтеріп сөйлемеу.
9. Ата-ана жәрдемге мұқтаж болған шақтарында оларға жан-тәнімен қызмет ету.
10. Жолда кетіп бара жатқанда алдын кеспеу.
11. Олардың рұқсатынсыз еш жерге бармау.
12. Қайтыс болғанда оларды құрметпен еске алып, дұға қылу, олардың рухтары үшін қайырлы істер жасау, өсиеттерін орындау, ата-ананың достарына жақсылық жасау, ата-анасына жаманат келтірмеу.

Әнуарбек Ералы

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер