«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық – зор байлық
Дайындаған: 2 апта бұрын

Пайдалы кеңес

      Жасы егде тартқан адамдардың есту қабілеті төмендей бастауы адам ағзаларының табиғи өзгеріске ұшырауына байланысты. Оның басты себебі қан айналымының нашарлауынан ағзаларда қорек жетіспеуі орын алғаннан ағзалар тозады. Сондықтан, әр адам өзінің денсаулығына көп көңіл аударғаны жөн. Науқасты басынан емдеу денсаулық сақтаудың ең негізі екенін ескеріп, уақ – уақ тәжірибелі дәрігерге қаралып ағзалардағы өзгерістерді уақытында емдеп отыру керек. Ешқашанда пәленше «мына дәріні» ішіп жазылыпты деп өз бетімен емделу зиян шектіреді. Адамның ішкі құрылысының ерекшелігі, оның бет бейнесінің ешкімге ұқсамайтыны сияқты болады. Даналардан қалған сөз бар: «Адам өзі денсаулығының сырын ұқпаса, ешбір емші ол адамды аруынан жаза алмайды». Әр адамға тән емшілік денсаулық сақтайтын қасиеті болады (әр тағамның адамға жағуы. Ас ішу мәдениеті.). Адам табиғаттың жоғары деңгейде дамып жетілген өнімі (продукт). Жасанды химиялық дәрілерді мөлшерсіз қабылдамай, сақтана ішу қажет. Халық емшілерінің есту қабілеті төмендегенде ұсынатын бір тәсілі:

    – Кішілеу домалақ сарымсақты (пияз) аршып теркадан өткізіп, содан кейін сығып нәрін таза қақпағы жабылатын әйнек шөлмекке құйып тоңазытқышта сақтау қажет. Бір ай бойы, жылытып күнде 3 уақыт екі құлаққа 3 тамшыдан тамызып отыру керек. Содан кейін, 1 ай дем алып қайталайды. Осылай 1 жылда 3 рет ішіп отыру керек. Тек, ешқашанда бір құлаққа 3 тамшыдан артық құюға болмайды. Мөлшерді сақтамау зиян әкеледі.

 

*

 

      Қуыққа суық тиіп (цистит) кіші дәретке жиі жүгіріп, іштің төмен жағы қатты ауырып мазалауы көбінесе әйел адамдарда жиі кездеседі. Ер адамда бүйрек, құық ауруы көбінесе табанынан сыз өткенде пайда болады. Қазақта: «Адам аяғынан шіриді» деген дана сөз бар. Оны  уағында емдемесе асқынып созылмалы науқасқа айлануы мүмкін. Осындай жағдайда халық емшілері қолданатын қарапайым, бірақ өте тиімді емнің бірі:

    – Сақырлап қайнап тұрған 2 стақан ыстық суға 2 қалайы қасық қарандыз тамырын ұнтағын салып 2 сағат тұндырады. Содан кейін сүзіп, жылыдай күніне 3 уақыт ас ішер алдында 20 минут бұрын ½ стақаннан әбден жазылып кеткенше ішеді.

Сайхыман

 

Aqsaqaldar.kz

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер