«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Шежіре тарату, ата тегін . . білу - тектіліктің, бірлікті . . белгісі.
Шежіре тарату, ата тегін . . білу - тектіліктің, бірлікті . . белгісі.
Дайындаған: 1 ай бұрын

«Атадан ұл туса игі – ата жолын қуса игі.
Өзіне келер ұятты, өзі біліп тұрса игі»
(Төле би)


Шежіре тарату, ата тегін білу - тектіліктің, бірліктің белгісі. Ұлттың қан тазалығы, халықтың азбай көбеюіне баулиды. Тәлім-тірбиелік мәні зор және ынтымақышлыққа, бауырмалдылыққа шақырады.
Рухтың мықтылығы шежіре білуде, яғни өткен тарихыңды білуде жатқанын ескеруіміз қажет. Шежіре – қазақ халқының атадан балаға мирас боп келген қасиетті аманатының бірі. Шежіре – халқымыздың қасиетті мұрасы. Қазақтың тоз-тоз боп кетпесіне кепіл де болған – Шежіре... .Ол - ұрпақтың үрім-бұтағына дейін біліп, жеті атаға шейін қан арластырмай, (кейде он, он екі атаға дейін) қыз алыспай ұрпақтың таза өсуін көздеген халық даналығы. Сондай ақ, «Жеті ғасырын білмеген – ұлт емес, жеті атасын білмеген – қазақ емес», «Жеті атасын білмеген – жетесіз», «Тегін білмеген – тексіз» деген аталы сөздер қалдырған да қазақ. Қайсысы болса да ру намысын күйттейтін сөз емес, ер намысын дүйттейтін сөздер. Елдікті, бірлікті қорғайтын сөздер. XXI ғасырдың басынан бастап, Қазақтың заманы туды. Халықтың ұлттық санасы өсті. Ел-жұрт жақсы мен жаманды, парасат пен парықсыздықты, адалдық мен арамдықты айыра білді. Халық өз тарихына, тереңде жатқан ата-тегінің шежіресіне бойлай бастады. Бұл халқымызды біріктіреді.
Қазақтың дәстүрі бойынша әрбір адам өзінің жеті атасын білуі міндет. Сол жеті ата төмендегідей аталады:


1. Баласы.
2. Әкесі.
3. Атасы.
4. Өз атасы.
5. Арғы атасы.
6. Ұлы атасы.
7. Түп атасы.
8. Бабасы.
9. Ағайын – туыстары.
10. Жамағаты.
11. Жұрағаты.
12. Тегі.


Қазақ халқы осы ретпен қанын араластырмай, ұрпақтарын таза ұстауға әрекет еткен. Өзара құдандаласу тек сегізінші ұрпақ жүрежаттан басталуы керек. Бірде он ата, бірде он екі ата деп те айтылып жүр. Жәрдем Кейкінің «Қазақы атаулар мен байламдар» кітабында былай деп жазылған:


1. Әке.
2. Бала.
3. Немере.
4. Шөбере.
5. Шөпшек.
6.Немене.
7. Туажат
8. Жүрежат.
9. Жекжат.
10. Жұрағат.


Бұл әкеден тараған ұрпақтың аталуы болуы керек.
Бәріміз, қазақ халқының, келер ұрпақтың денсаулығын ойласақ, Халқымыздың шығу тегін қарастыруымыз керек, ол үшін шежіре білуіміз керек деп білеміз. Қазір, қазақ үшін жаңғыру, қан тазалығы аса қажет. Қазақ тілін, ділін, дінін, жерін, мәдениетін қорғауы - міндетіміз. Халықтың санын өсіру - қарызымыз. Ұлттық сананы қалыптастыру – парызымыз.
«Жеті атасын білмеген – жетесіз» деген сөз ер жігіт үшін ауыр сөз болған. Жетімін де, жесірін де ешкімге телміртпеген. Сондықтан, ата-анасы ер балаға ата - тегін білуді – парызы еткен. Сонымен қатар, ұл балаға жеті жұртын да білуге міндеттеген. Оны қазақтың төмендегі мақалынан байқаймыз.


«Жеті атасын білген ер,
Жеті жұрттың қамын жер.
Өзін ғана білген ер

Құлағы мен жағын жер.», – демекші,

 халқымыз тәлім-тәрбие мәселесін от басы – ошақ қасымен шектеліп қалмауын қадағалаған. Ел қорғаудағы тәрбие ер баланың құлағына туғанынан бастап құйылған. Жақсы ұл тәрбиесі әкеге сын болған. Анасына мін болған. «Қазақ қызға қырық үйден, ұлға отыз үйден тыйым» жасап отырған.                                .
Жеті ата (жеті жұрт) жөнінде филология ғылымдарының докторы, профессор (марқұм) Алма Қыраубаева төмендегідей ата таратуды көрсетіп кеткенін еске түсірсек. Олар:

1. Өз атасы,

2. Нағашы атасы,

3. Кіндік атасы,

4. Сүндет атасы, 5.

Пір атасы,

6. Өкіл атасы,

7. Қайын атасы.

                       .
Қазақ баласы осы жеті жұрттың (атаның) қайыссы біріне жау тисе қорғауға міндетті болған. Қазақтың ұмытқан, соның арқасында ұтылғаны көп. Үш жұртты ғана алып, оның өзін бір-біріне қарсы қойып отырмыз.
Әйткенмен, қазақта үш жұрт туралы ұғым жақсы қалыптасқан, олар: өз жұрты, нағашы жұрты, және қайын жұрты. Соның ішінде, өз жұрты сыншыл, қайын жұрты міншіл, ең жақыны нағашы жұрты деп есептейді.
Халқымыз ер баланы қашанда ел қамын ойлайтын азаматтылыққа, ержүректілікке, парасаттылық пен жігерлілікке, ұстамдылыққа алаштың ала жібін аттамайтын адалдыққа баулыған. Бабаларымыз "Атадан ұл туса игі – ата жолын қуса игі. Өзіне келер ұятты, өзі біріп тұрса игі" – деп ұрпағына өсиет қалдырып кеткен.                                      .
Біз Ұлы Далалықтардың ұлағатты ұрпағымыз. Қарға тамырлы қазақпыз. "Орнында бар оңалады" - дейді атам қазақ. Шежіре тарату отбасында дұрыс жолға қойылуы қажет. «Жаман ұл – еліне қас болады, Жақсы ұл – еліне бас болады – дегендей жасқы ұлды отбасынан тәрбиелесек. Олар: туған елі мен дос-жарандарына адалдығын; қырандай алғыр, сұңқардай өр, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет, нардай төзімді қадыр-қасиеттілігін; тылсым сырды ұға алатын зейін-зердесін; биікке бастап шығатын білімін; өмірден сыбағасын әперер өнерін; аяқтан шалғанды жыға алатын қайрат-қуатын; ел басқаратын, дау шешетін қабылетін; кара қылды қақ жаратын әділеттілігін; қаймықпастан, тура айтатын шыншылдығын; жау жүректілігі мен шешен тілділігін. Осындай қатаң талаптар ер жігітке қойылған.
Ата-бабаларымыз ұрпақтың тәлім-тәрбиесінде ар тазалығы үшін бар жиған-тергенін құрбан еткен. Сондықтан, халқымыз адамгершілік хақындағы түсінікті:
Малым жанымның садағасы, Жаным арымның садағасы –
деп, мақалмен тасқып бекітіп тастаған. Және қазақ «Өлімнен ұят күшті» - дейді.
Ата-анаңа не істесең, сенің перзентің де саған соны жасайды.
Мөде хан "Бірліктен күш туады" деген философияға сенетін.
Бауыржан Момышұлы: «Отан үшін отқа түс күймейсің, суға түссең батпайсың» деп кеткен.

 

Әнуарбек Ералы,  "Ерен Мәдениет және қоғам қайраткері

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер