«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Ассалаумағалейкүм, . əлеуметтік желідегі достарым!
Ассалаумағалейкүм, . əлеуметтік желідегі достарым!
Дайындаған: 1 ай бұрын

    Мына төменде тұрған Жезқазған орталығындағы суретке түсу сəтінде осыдан 20 жыл бұрын бастан өткен бір қызықты да қылықты оқиға есіме түсіп, сіздермен бөлісуді жөн көрдім.                   .
Басын бастап оқысаңыз соңына дейін аяқтай салыңыз....ұнап жатса қолдап қойсаңызда болады...                              .
      Əлқисса, сонымен 2001 жылдың ақпаны. Студентпін қысқы каникул кезі Алматыдағы көк базар қасындағы переговорный пунктін жағалап жүргеніме бір апта. Қолымда екі таксафон тағы бар.                                  .
Арасында оны да пайдаланып телефон шалам, ешкім көтермейді. Жауап жоқ. Не істеу керек?... Ойым сан саққа кетті. Бітті! Көрмейтін шығармын, енді келмейтін болды деген оймен неде болса, мініп көрмеген поезға отырып, барып көрмеген бағыттағы Жезқазғанды бетке алып, Жезді кентіне жол тартуға бел будым.                                             .
Не жеке куəлік жоқ (бір себеппен болмаған) ақша да табу қиынға түсті. Ебін тауып тапқан 5 мың теңгемді қалтамның бұрышына тығып вокзалға келдім. Жеке куəліксіз билет ала алмай, əскери билетті проводникке көрсетіп, əйтеуір сөйлесіп жатып, Жезқазған қайдасың? - деп жүрдек поезбен жүрдім де кеттім.

Көңіл мынау күлмеген мізбақпаған
Ішімдегі сырымды кімге ақтарам...
Шыдай алмай сағынып неде болса...
Алматыдан өзімді ұрлап барам...деп өлеңдетіп қоям арасында.

Жат жұрт білетінім тек бір тел нөмір ғана. Ол нөмірге де бір апта бойы звандап, звандап шаршағаным белгілі.                       .
Бара көрейін дедім де... поезд ішінде ары бері сандалып жүріп таңды атырдым. Сол поезда мен бара жатқан аймақтың Мәжит атты азаматымен танысып, үйінің адресін сұрап алдым....Қандай жағдай болатынын кім білсін..
Содан түске таман," əп біссіміллə" деп Жезқазғанға да кіріп жеттім. Не істеу керек?.. Қазіргідей қол телефоны да жоқ. Поездан түсісімен переговорный пункт іздеп қаланың орталығына қарай тарттым да кеттім. Аяқта топыли, қалың киіз ұлтарақ салып алғам... (ол кезде бір аяқ киім киетінбіз қыста ұлтарақпен, ал жазда ұлтарақсыз). Үстімде тігінші əпкем жақсылап қысқартып берген, жұқа жасыл пальто. Далада күннің суығы 40 градус шамасында. Жарты сағатта діттеген жеріме жеткенмен телефон соққанның пайдасы болмады. Сол баяғыша... ешкім көтермейді. Қорқа бастадым. Кеш батса қайда баратыным бір Аллаға ғана аян. Ары отырып бері отырып теңселіп жүргенде өзімнен бір курс жоғары оқыған Нұрлан деген жігіттің сол қаладағы «Дидар» телеканалында істейтіні ойыма сақ ете түсті. Жүгіріп барып жаңағы поштадан хабарласайын деп, TV телефон нөмірін тауып беруін өтіндім. Бұл жерде өтірік айтуға тура келді. «Алматыдан практикаға келген студент журналист едім..құжаттарымды жоғалттым, көмектесіңіз»– деп соқтым. Содан не керек...әйтеуір Нұрланды да таптым–ау. Трубканың ар жағынан "иə Нұрлан Исмайл сізді тыңдап тұр дегенде" əкемнің дауысын естігендей қуанғанымды көрсеңіз....
Жағдайды түсіндіріп болмай–ақ, ол (өзі өскен арқаның кең даласындай кеңпейілді бауырым): « сол жерде тұр қазір келем»–деп телефонды қоя салды. Ал далаға шығып Нұрекеңді күтейін 15 минут 15 жылдай болған шығар. әйтеуір дегенде, Нұрекең де келіп жетті–ау. Бар жағдайды сұрап үйіне апарып, ыстық шайын беріп, біраз әңгімелестік. Сол үйде бірер сағат аялдап, арнайы мен бағыт алған қазіргі Жезді кентіне жүретін автобусқа шықтым. Сағат 5 шамасы. Қолымда «алматының дәмі деп, қағазға орап салып алған алмаларым бар»????. Автобус толы адамдар. Олардың қыстық киіміне қарап, точна үсіп өлетін шығармын деген ойымды қазір күле отырып, еске аламын.
Сонымен «Жезді қайдасың» деп тағы тарттым. Жетіге таман Жездіге де жеттім– ау əйтеуір. Енді қайда бару керек.... Қараңғы түсіп кеткен. Бірден үйін іздеп баруға жүрек дауаламады ма білмеймін, әйтеуір автобустан түскен бойы ұзын көшемен жүріп келемін. Содан алдыңғы поезда танысқан Мажит деген ағаның үйін сұрастырып, сол үйге бас сұқтым. Құдайы қонағын да төріне шығарып күтетін өр қазақтың баласымыз ғой. Мені бөтен көрмей, барын салып күтіп жатыр. Содан, бір шай ішіп негізгі шаруаның басын түйіндемей тоқтамайын деп , ағамыздың баласын ертіп соның көрсетуімен телефонға жауап бермеген үйге тарттым. Түнгі сағат он бір шамасы сол үйдің алдында ысқырып, сыртқа іздеп келген адамым шығып қала ма, деген үмітті оймен тұрмын..... бірақ, ойымдағыдай болмады, содан, манағы жол көрсеткен ағамыздың кішкене баласын үйіне кіргізіп, келіп тұрғанымды айтқыздым. Бірер уақыттан соң, «бұл кім?»– деген таныс дауыс естілгенде барып.....ат арылтып, алып ұшып іздеп келуіме себеп болған жанның (Салтанаттың) есігінің алдында тұрғаныма сонда көзім жетті.

Сол Салтанат қыздарыңызбен, 20 жыл бұрын осындай бір кездесу болған еді. Міне содан кейін сыйласу сырласумен, сырласу өмір жолын бір басумен жалғасты ....құрметті, әлеуметтік желідегі достарым.

 

Ғабит Сәрсенбаев, ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер