«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық – зор байлық
Дайындаған: 2 ай бұрын

Пайдалы кеңес

          Адамның денсаулығының мықты болуы, оның жасынан отбасында алған тәрбиесі мен қалыптасқан мінез - құлқына тікелей байланысты. Денсаулық әр адамның өзінің ғана мәселесі емес, ол ұлттың тағдырына тікелей ықпал ететін маңызды мәселе. Саулық мәселесі ұлттық тәрбиенің негізгі тармағының бірі. Біз, халқымыздың келешегін ойласақ, ең алдымен ұрпақты өз денаулығына жасынан көңіл бөлуге үйретуіміз керек. Халқымыздың «Дені саудың  - жаны сау» деген дана сөзін ұмытпайық. Денсаулығы мықты адамдар оқуда да, еңбекте де, өмірде де жақсы жетістіктерге жетіп, бақытты, ауырмай ұзақ ғұмыр кешеді. Денсаулықтың жақсы болуыны ықпал ететін маңызды нәрсе дұрыс тамақтану мен парасаттылық. Бірінші, дұрыс тамақтану деген әртүрлі дәмді асқа тою емес, ол тағамның денсаулыққа әкелетін пайдасы мен зиянын айыра біліп, қанағат сақтау. Екінші, дені сау ұзақ өмір сүретіндердің өмірде кең пейіл, ұстамды, кешірімді, паңдықтан таза, қызғанышқа тежеу салатын,  қанағатшыл, ары таза, бауырмал болатынын есте сақтай білу. Сонымен қатар, ұзақ өмір сүруге ықпал ететін, ол адамдардың өздерінің тәбиғи мекендеріне байланысты генетикалық тегінің бейімделген тәжірибесінен ажырамауды ескере білуі.

       Бағзы заманнан, ата – бабамыздан келе жатқан, салтымызға сіңген арпадан жасалатын тағамдар бар. Солардың бірі, адамның ішкі қуатын күшейтетін, нашар жұмыс істейтін ас қорыту жүйесін қалпына келтіретін және жүректің қызметін арттырып, адамның жасаруына ықпал ететін арпа дәнінен дайындалатын ем астың бір түрін ұсынамыз:

    – Арпаның дәнін құрғақ табаға салып, сарғыш – қоңыр түске енгенше отқа ұстап қуырады. Осы қурылған арпаның 2 қалайы қасығын сама сүзетін торы бар аққұманға (заварной чайник) салып, үстіне сақырлап қайнап тұрған ыстық су құйып 10 минут жылы жауып бықтырады. Осы шәйді өз жағдайына қарай, денсаулығында жоғарыда көрсетілгендей ақауы бар адамдар кәдімгі ас шәйі ретінде ішеді. Шәйдің дәмін келтіру үшін аздаған бал қосуға болады. Егер, таза арпа болмаған кезде арпаның жармағын, не болмаса қыпығынан тазаланған дәнін (перловка) қолдануға болады.

 

                            *

 

      Сусамырмен (сахарный диабет) ауырған адамдарға қанттың деңгейін төмендететін қарапайым емнің бір түрін ұсынамыз:

   – Ас сарымсағының (пияз) 4 – 5 - ін алып, сыртқы бір қабат қабығынан ғана тазартып, жақсылап жуған соң, қалған қабығымен қоса ұсақтап турайды. Кешке таман, туралған сарымсақты ыдысқа салып, үстіне сарымсақты толық жауып тұратындай етіп жылы қайнаған су құйып бетін дәкемен (марля) жауып бір түн тұндырады. Ертеңінде сүзіп, қақпағы жабылатын ыдысқа құйып салқын жерде сақтайды. Күнделікті 3 уақыт ас ішерден 30 минут бұрын 1/3 стақаннан жылыдай ішіп отырады. Бұл тұнбаны қанттың деңгейі қалпына келгенше ішу керек және сусамырдың алдын алу (профилактика) үшінде ішуге болады.

Сайхыман

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер