«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Қазақстан - мәңгі ел болса болғаны!!!
Қазақстан - мәңгі ел болса болғаны!!!
Дайындаған: 2 ай бұрын

Өз отымда өзім жанған отынмын

Топ ішінде жалғызсырап отырмын,

Өз отымда өзім жанған отынмын.

Өмір жолда жолығатын жолдас көп,

Торыққанда мені іздейтін досым кім?

Дос іздедім, талай топқа қосылдым,

Арасынан дос таба алмай тосылдым.

Сыйластар көп, нағыз досым жоқ менің.

Бәлкім, керең...

Мүмкін тіпті соқырмын.

Жалғыз жанның елер дейсің қосын кім,

Қағар дейсің тереземді тосын кім?

Керексізбін, мен өзімнен шошындым,

Көңілімнің таба алады қошын кім?!..

P.S.

Әй бауырым, сен де топқа қосылдың,

Жабырқасаң жан сырыңды оқыр кім?

Ойран ойдан жүрек майдан болғанда,

Көңіл туын көтеретін досың кім?

 

*

Қазақты көзге кім ілген?

Оянатын дүбірден,

Мың өліп мың бір тірілген.

Қазақ едік бір кезде

Найзасына ту ілген.

Көші жарға тірелген,

Терісі соймай ірелген.

Жуасып, жүнжіп, жүдеген,

Халықты көзге кім ілген?

Шетелдіктер жүр шіренген,

Келімсектер жүр түнерген.

Елдігіңді менсінбей,

Танауларын шүйірген.

У-шу болып біз жүрміз,

Ата мекен, Отанда

Қойдай болып иірген.

Иттей болып жиі үрген.

Қысқан бізді бүйірден,

Қайғымыз көп үйілген.

Тарқатам деп шеріңді,

Шықпады арлан үйірден.

Көреді оны үңілген,

Асқынғаны білінген,

Көп індеттің барлығы

Тарап жатыр бір іннен.

Болса да кейпің күйінген,

Шыға алмайсың үйіңнен.

Жұлмақ түгілі түбірден,

Аса алмаймыз күбірден.

Жайымыз мынау түңілген,

Жігерді жинап үгілген.

Ел боламыз қашан біз,

Жұдырықтай түйілген?

Біз емес пе ек кешегі,

Қырандай жауға шүйілген?

ЕврАзияда атой сап,

Шоқпарын жауға үйірген.

Әр кімге бір иілген,

Тал шыбықтай бүгілген

Табанымның бүрі жоқ

Кімге айналдым бүгін мен?

Тілім анау тілінген,

Дәстүрім мынау үзілген.

Ата жолдан адасып

Ұрпағым жүр бүлінген.

Боданда болған түріммен,

Кеңестен қалған жүгіммен.

Жете алмай жатқа жүгірген

Келемін ілбіп бүгін мен.

 

*

О, арманы, қазағымның құс боп ұшқан шарықтап!

Қарайыншы, қарайыншы тағыда бір анықтап,

Аспан түстес туымдағы қыран тұр ма қалықтап?

О керемет, о керемет көкте күнді қыран барады арқалап,

Қарай бердім, қарай бердім көзім талмай шалқалап.

О, арманы, қазағымның құс боп ұшқан шарықтап,

Алтын күн мен ай астында қалықтап,

Биіктерде тұрар болсаң шалықтап,

Сені ешкім құлата алмас аяғыңнан шалып қап.

Басқа түскен томағаның салмағы,

Сен құс едің ұша алмаған қолдағы.

Дүр сілкініп қомданғанда саңқылдап,

Жасқаушы еді сені басқа салып қап.

Өткенің ғой, өткенің ғой ол-дағы,

Қиындықтар қалды - бәрі жолдағы.

Енді бүгін сен кеміңді толықтап,

Ұшып жүрсің көк аспанда қалықтап.

Еркін самғап ұша алмаған, темір торда қалып қап,

Орындалды, орындалды бабалардың арманы.

Ұрпақ үшін маңызды емес қалғаны,

Ту желбіреп тұрса ғана болғаны!

Қыран-бүркіт қанатынан арайлы күн шашып нұр,

Болашаққа апарар жол ашып тұр.

Маңызды емес, маңызды емес қалғаны,

Қазақстан - мәңгі ел болса болғаны!!!

 

Мұқтарбек Тұрысбекұлы, ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер