«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық – зор байлық
Дайындаған: 3 ай бұрын

Пайдалы кеңес

      Денсаулығы жақсы болуы әр адамның өзінің мінез құлқы мен мәдениетіне  тікелей байланысты. Бұл жерде мәдениет дегенді сәнді киініп, жұрт алдында сыпайылық пен алған біліміy көрсетуге тырысу деп ұғу қателік. Біздің бабаларымыздан қалған рухани тәрбие жолы адамды қызғаншақтықтан, тәкапарлықтан, қатыгездіктен, мешкей болудан, және көрсеқызар дүниеқорлықтан сақтану адамның бауыр бүйрек, жүрек, ас қорыту жүйелерінің қызметін жақсартатынын насихаттап, түрлі науқастарға ұшырамаудан сақтайтын сана қалыптастырған. Халқымыздың: «Дені саудың – жаны сау» деген даналығын есте сақтаған жөн. Өзін мәдениеттімін деген адам, өз денсаулығына салғырт қарамауы тиіс. Біз күнделікті өмірде денсаулығымызға көңіл бөлуге өзімізді тәрбиелеуге үйренейік. Дені сау адамның өмірі мазмұнды, еңбегі табысты болады.

Сіздердің назарларыңызға, адам ағзаларын тазалайтын бір қарапайым жолын ұсынамыз:

      – Жергілікті өсетін (шетелдік алмада химиялық заттар болады) алманың 3 – 4 ін жақсылап жуып, қабығын аршымай отқа қоятын ыдысқа салып, үстіне 1.5 литр су құйып, оған ½ стақан мүкжидек (клюква) қосып отқа қойып 20 минут қайнатады. Содан кейін, суытып әр адам өз қалауынша аздаған бал қосып, күнделікті сусын ретінде ішеді. Бұл қайнатпа адамның ағзаларын  тазартады және ас қорыту жұмысын жақсартады.

 

          *   

 

      Буын науқасынан зардап шеккенде, әсіресе тізе ауырып полиатрит мазалағанда пайдаланатын халық емінің бірі:

      – Ұсақтап тураған жақсы піскен қарбыздың қабығын күн түсірмей кептіреді содан соң кофетартқышқа тартып ұнтақтайды. Ұнтақтың 1 қалайы қасығын 1 стақан  жылы қайнаған суға салып 30 – 40 минуттай тұндырады. Осындай тұнбаны күніне 3 уақыт ас ішер алдында 25 минут бұрын 1 апта ішеді. Содан кейін, 1 апта дем алып, тағы 1 апта қайталайды.

Сайхыман

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер