«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық – зор байлық
Дайындаған: 3 ай бұрын

Пайдалы кеңес

        Суық тиіп ауырғанда, созылған жөтел, қан қысымы  көтерілгенде, суық суда көп жүріп қалғанда буындар және невралгиямен ауырғанда жақсы көмектесетін ем шөптердің бірі қарандыз (коровяк). Ертеде, халық емшілері бұл шөптің емдік қасиетін өте жоғары бағалаған.

        – Ыдысқа салған 1 қалайы қасық қарандыз гүлінің үстіне сақырлап  қайнап тұрған 1 стақан ыстық су құйып бетін жауып 15 – 20 минут тұндырады.  Содан кейін, қабатталған дәкемен (марля) жақсылап  шөптің қылшығын өткізбей сүзеді. Тұнбаны күніне 3 рет ас ішкен соң 1 сағатан кейін жылыдай 1 қалай қасықтан ішу керек. Емделу мерзімі жөтел кетіп сауыққанша. Тұнбаны тоңазытқышта сақтап, жиі жаңадан дайындап отыру қажет. Осы тұнбадан қан қысымы төмендейді. Қан қысымы төмен адамдар сақтануы  керек.

 

*

 

        Бауыр ауырғанда дәріленбей қамбада сақталған, не болмаса дәріханада сатылатын тазаланбаған сұлымен емдейді. Сұлы өт жолдарын тазалайды, өт қабының қызметін реттеп, бауырдың жұмысын жақсартады.

        – Ыдысқа 1 литр су құйып, оған тазаланбаған сұлының жуылып, шөп – шалаңнан арылған 2 қалайы қасығын салып, отқа 15 минут қайнатады. Содан кейін үстіне 2 қалайы қасық сүт құйып, отта тағы 3 минуттай ұстайды. Сонан соң отан түсіріп 20 – 30 минут дем алдырып, оған 2 қалайы қасық бал салып араластырады. Осы қайнатпа сұлы тосабын күнделікті 3 уақыт ас ішердің алдында 20 минут бұрын 1/3 стақаннан ішеді. Емделу мерзімі 2 апта. Емделу кезінде тамақты талғап ішіп, диета сақтау қажет.

Сайхыман

 

Aqsaqaldar.kz

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер