«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық – зор байлық
Дайындаған: 3 ай бұрын

Пайдалы кеңес

         Адамдар қалқанша безінің (шитовидный железы) жұмысының бұзылуынан  зоб ауруына шалдығады. Бұл науқастың пайда болуы адам ағзасындағы йодтың жетіспеуінен болады. Одан басқа себептерге тұқымқуалаушылық, инфекциялар мен психикалық өзгерістер, депрессия, әлсіздік, шаршау және жүйке жүйелерінің қызметінің нашарлауы жатады. Зоб науқасының негізгі белгілері, көбінесе: а) тыныс тарылып, тамағы ауырып жұтыну қиындайды;  б) дауыс қарлығуы болады;  в) булығып, жөтел келсе де, жөтеле алмай қиналуы мүмкін; г) ентігу және бас айналуы пайда болады. Йод тапшылығын қалпына келтіретін халық емдерінің  бір әдісімен таныстырамыз:

–    Зоб қатты мазалаған жағдайда, күнделікті аш қарынға таңғы ас ішу алдында 30 – 40 минут бұрын 3 – 4 шәй қасық зығырдың майын (льняное масла) 1 апта ішеді. (Бұл майды ішу қиын болса аздап бал қосып ішеді, немесе қара нанды батырып жейді.) Содан кейін 4 күн дем алып, зығырдың майын күнделікті 1 уақыт таңертең 1 шәй қасықтан 1 ай ішеді. Без қалқаншасының жақсы жұмыс істеуі үшін бұл науқаспен ауырған адам 2 – 3 айдан соң 1 ай зығырдың майын күніне бір қасықтан ішуді қайталап отырса адам ағзасындағы йодтың қажетті қалыпта болуына көмектеседі.

 

                                *

        Кейбір адамдарда ас қорыту жүйесі нашар жұмыс істеуіне байланысты асқазанына ішкен тамақ жақпай іш бұзылып, өтуі (дисбактериозға ұшырауы)жиілейді. Сондай жағдайда халық емдерінің мына бір әдісін қолдану жақсы көмектеседі:

–      Күріштің үйіліп салынған 1 қалайық қасығын сақырлап қайнап жатқан 0.5 литр ыстық суға салып, маздап жанған отта ақырын 40 минут қайнатады. Содан кейін оны салқындатып суыған соң, қабаттаған дәке (марля) арқылы сүзеді. Дайын болған қайнатпаны жылыдай ¼ стақан мөлшерінде әр 2 сағат сайын ішеді. Қайнатпаны қатарынан 3 күн ішу қажет. Бұл қайнатпа жақсы көмектеседі. Халқымыздың «Көзің ауырса қолыңды тый, ішің ауырса аузыңды тый» деген даналығы бар, сондықтан бір – ер күн тамақты аздап ішіп, шала аштық жариялаған ас қорыту жүйесінің жақсаруына көмектеседі.

Сайхыман

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер