«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық – зор байлық
Дайындаған: 1 апта бұрын

Пайдалы кеңес

          Қазіргі замандағы адамдардың өмір сүруі техника мен технологияның дамуы салдарынан тіршіліктің өзгеруі мен экологияның нашарлауы әкелген себептерге тікелей байланысты. Сондықтан, кейінгі кезде адам денсаулығын сақтау мәселесіне мұқият көңіл бөлу қажеттілігінің туындап отырғаны аян. Әр адам өз денсаулығын сақтаудағы бұрыннан мінезде қалыптасып қалған енжарлықтан пен денсаулық бағытындағы сауатсыздықтан құтылуы қажет. Бабаларымыз: «Дені саудың – жаны сау» деген даналығын ұмытпаған жөн. Біз ұрпақтың келешегін ойласақ, оларды жасынан өз денсаулығына көңіл бөлуге баулыйтын тәрбие беруге ұмтылуымыз керек. Біз өз денсаулығымызға жауапкерлікті дәрігерлер мен денсаулық саласына ғана артып, ал, науқас туралы тек ауру жанымызға батқанда ғана жүгеретін жағдайдан құтылуымыз керек. Ол үшін денсаулық сауаттылығын отбасы тәрбиесінен бастап, адам өміріндегі үзіліссіз жалғасатын ұлттық тәрбие деңгейіне көтеру қажет. Оны іске асыру үшін бар адамдарды арнай медициналық курстарынан өткізудің қажеті жоқ (онда, ол көз бояп, ақша жасайтын кәсіпке айналады). Біз адамзат тарихындағы табиғат қасиетіне жүгінетін орасан мол тәжірибе, халық емдерін пайдалануды үйренуіміз керек. Ол шексіз бай, асыл қазына.

        Адамдар күнделікті өмірінде көңіл бөлмейтін, бірақ өте таныс өсімдік күнбағысты (подсолнух) алып көрейік.  Бұл өсімдіктің тамырынан бастап сабағы, ішіндегі ақ мақта сияқты үлпілдек, дәні, дәннің басындағы шашағы, гүліне дейін адамдарда кездесетін көптеген науқастарды емдейтін қасиеті бар. Мысалы атерсклероз науқасына шалдыққандар қан қысымына душар болған жағдайда, осы науқастан құтылу үшін:  

  –   Құнбағыстың әлі пісе қоймаған шикі жас дәнін 0.5 литрлік әйнек банкіге толтырып алады да, оны қақпағы жабылатын ыдысқа салып, үстіне 2 литр су құйып отқа қояды. Суы қайнаған соң, астындағы отты ақырындатып, маздаған отта 2 сағат ұстап пісіреді. Содан кейін, оны сүзіп дайын болған қайнатпаны күнделікті, күні бойы аз – аздан бөліп ішіп бітіреді.                   

Емделу мерзімі, 2 апта ішіп, 1 апта дем алып барып қайталайды. Осылай қан қысымы ретке келгенше ішу керек.

 

                                         *  

 

         Өзен бойындағы  тоғайда өсетін құлмақтың басын күзге қарай жинап, күн тигізбей кептіріп шүберектен тіккен дорбаға (қалтаға) сақтап (полиэтилен пакетін пайдалануға болмайды), оны біраз нақастарды емдеуге пайдалануға болады. Бауыр, өт, бүйрек, қуық, ас қорыту жүйесі ауырғанда:

  –   Кептірілген құлмақтың 200гр. ұнтағын қақпақпен жабылатын әйнек ыдысқа салып, ұстіне 2 литр бұлақтың, болмаса тазартылған салқын су құйып ыдыстың бетін жауып, жарық түспейтін көлеңке жерде 5 – 6 сағат тұндыру қажет. Содан кейін сүзіп, тұнбаны тоңазытқышта сақтайды. Сонан соң, күнделікті  3 уақыт тамақ ішкен соң 1 – 1.5 сағаттан кейін 1 қалайы қасықтан ішеді. Емделу мерзімі 8 – 10 күн ішіп 5 күн дем алу керек. Содан соң қайталауға болады.

Құлмақ улы зат, сондықтан оны айтылған мөлшерден артық ішу зиян әкелуі мүмкін, абай болған жөн.

         Сонымен қатар, адамның ауырып тұрған жеріне құлмақтың тұнбасына малынған шүберекті басса, ауырып тұрған жерге (подагра, ревмотизм) мазалағанын қояды

Сайхыман

 

Aqsaqalar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер