«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
 

Жұмабай Доспанов,  ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

" /> "Халық жауы" Әлихан . Бөкейхановтың полковник қызы
"Халық жауы" Әлихан . Бөкейхановтың полковник қызы
Дайындаған: 3 ай бұрын

       Елімізде бірінші рет толық мәліметтермен шыққан, яғни 7477 майдангер енген "Женщины-фронтовики Казахстана" 6 томдық кітабымызда 22 қазақ ұлтты офицер қыздарымыз бар. Солардың ішінде екеуі Ұлы Отан соғысында аға офицер шенінде болған.

      Бүгінгі шағын ақпаратта сол екеудің бірі - СӘДУАҚАСОВА Елизавета Әлиханқызын атаймын.

      Ол 1903-жылы Ресейдің Омбы қаласында дүниеге келген. Әкесі - Алашорда Үкіметінің төрағасы (1917-1920) Әлихан Бөкейханов, 1937-жылы Мәскеуде атылған. Қазақстанның бір ғалымы Елизаветаны 1908-жылы туған дейді, онысы қате. Өйткені ол 1923-жылы қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері (Орынборда 1920-жылы РКСМ Қазақ облыстық комитетінің секретары, 1921 және 1925-1926 жж. "Еңбекшіл қазақ" (қазіргі "Егемен Қазақстан") газетінің жауапты редакторы, 1925-1927 жж. Қазақ АССР-і Ағарту халық комиссары, 1927-1928 жж. Ташкент қазақ педагогика институтының ректоры) Смағұл Сәдуақасовпен жанұя құрады. С.Сәдуақасовтың өмірі қысқа болды (1900, Солтүстік қазақстан облысы-1933, Мәскеу).

       Елизавета Әлиханқызы 1927-жылы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің медицина факультетін бітірген. Осы университетте аспирант (1928-1931). СССР Денсаулық сақтау халық комиссариатының емдеу бас басқармасында статист, аға дәрігер, бөлім бастығының орынбасары (1931-1941). Медицина ғылымының кандидаты (1932).

       Армияға 1941-жылдың 1-тамызында Мәскеу қаласындағы Краснопресненск аудандық әскери комиссариатынан медицина қызметінің капитаны шенімен алынады.

       Соғыста атқарған қызметтері: Солтүстік-Батыс майдан әскери санитарлық басқармасының емдеу-эвакуациялау бөлімінде дәрігер-статист (1941-1943), 2-ші Белорусь (1943-1944) және 3-ші Прибалтика (1944-1945) майдандары әскери санитарлық басқармалары емдеу-эвакуациялау бөлімдерінің аға дәрігер-статисі. Медицина қызметінің майоры (02.1943), подполковнигі (02.1945).

        2-ші дәрежеоі "Отан соғысы" (13.10.1943), "Қызыл Жұлдыз" (17.10.1944) ордендерімен, "Жауынгерлік еңбегі үшін" медалімен (27.01.1943) медалімен марапатталған.

        Соғыстан кейінгі бейбіт өмірде: СССР Медицина ғылым академиясы Денсаулық сақтау ғылыми-зерттеу институтының ғылыми секретары (1945-1948). СССР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық статистика бөлімінің меңгерушісі (1948-1959). Медицина ғылымдарының докторы (1948).  

Медицина қызметінің запастағы полковнигі (1950).

 

Елизавета Әлиханқызы СӘДУАҚАСОВА 1971-жылы Мәскеу қаласында өмірден озды.

 

Жұмабай Доспанов,  ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер