«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық – зор байлық
Дайындаған: 3 апта бұрын

Карантин аяқталмайды...

         "11 мамыр болсын, баняға барам", "шаштаразым күтіп отыр", "дүкеннен бірдеңе сатып алам", "анда барам, мында барам" деп құлшынып отырған ағайын! Президент айтты екен деп, коронавирус Қазақстаннан қашып кетпейді. Жұқтырып алғандар бар, емделіп жатқандар бар, өзінің әлі ауру екенін білмейтіндер мен енді жұқтыратындар бар...

        Әлі аурудың шарықтау шегі, яғни, пик болған жоқ. "Пәлен санға жетеді" деген ресми болжамдарға да сенуге болмайды. Өйткені жағдайдың қандай болатынын бір Құдай біледі. Ең бастысы, адам көп жиналған жерге, жабық ғимараттарға (дүкендер, аурухана, емхана, шаштараз, монша т.б.) барудан қашу керек. Тығылып алып, той жасайтын санасыздар кездесері анық. Олардан да бас тартыңыздар. Балалармен далаға шыққанда темір, ағаш, асфальтты ұстамасын. Ұстай қалған жағдайда қолдарыңызда антисептик болсын. Жиі сеуіп отырыңыздар. Қазір дүкен, дәріханаларда антисептиктер қымбат. Ақшаңыз жетпесе, кәдімгі 90%-тік спирт, перекись пен глициринді бірге араластырып қолданыңыз.

        Жуырда Қытай дәрігерлері аурулар бармаған ғимараттардан да COVID-19 таяқшалары табылғанын айтты. Демек, вирус ауа арқылы да тарайды. Қалай және қандай жағдайда екені әзірге жұмбақ. Сондықтан әзірге далаға көп шыға бермеген дұрыс.

        Бүкіл әлем бойынша ауруханаларға адамдар жеңіл, орташа және ауыр халде түсіп жатыр. Біздің елде де. Неге? Себебі, егер адам ауру адаммен не вируспен бір-екі рет қысқа ғана байланыста болса, жеңіл түрі болады. Ал вирус бар жерге қайта-қайта барғандар организмге вирус таяқшаларын көптеп тартады. Ауыр халде ауруханаға жеткізілетіндер - солар. Үйде өз бетінше емделем деп, асқындырып алуға да болмайды. 39-40°С температура, тамақ ауруы, иіс пен дәм сезбеу, іш өту болса, бірден 103-ке хабарласу керек. Жолда жүрмеңіз, маска киіңіз, әйтпесе басқаларға жұғады. Бұл туралы еуропалық дәрігерлер наурыздың басында-ақ ескерткен. Жүрек-қан тамырлары, бүйрек, бауыр, өкпе, тыныс алу жолдары т.б. созылмалы ауруы барлар коронавирусқа қарсы тұруға қауқарсыз.

       Бұл жас пен кәріге түгел қатысты. COVID-19 талшықтары жоғары температураға шыдамайды екен. Бірақ ертең күн ысығаннан кейін де індет бірден жойылмайды. Өйткені ауырып жатқандар түгел жазылуы керек, ал сау адамдар аурулардан жұқтырмауы тиіс. Яғни, карантин кезіндегі талаптарды әрбір азамат саналы түрде сақтауға мәжбүр әрі міндетті. Бұл - өзіңе, туғандарың мен отандастарыңа жасалған жақсылық пен жауапкершілік.

 

Нәзия Жоябергенқызы,  ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер