«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық – зор байлық
Дайындаған: 4 апта бұрын

Пайдалы кеңес

       Денсаулықтың мықты болуы көбінесе мойын, арқа, бел омыртқаны сақтауға көңіл бөлуге байланысты.  Әсіресе суық тигізуден, ауыр жүк көтеріп салмақ түсіруден және жүріп, тұрғанда оқыс қимылдардан сақтану қажет. Сонымен қатар, кейбір адамдардың дұрыс отырмауы және түрегеп тұрып еңкейіп ауыр салмақты көтеруі омыртқаға зиян келтіретіні белгілі.  Соның салдарынан жиі радикулит науқасына ұшырайды. Бел ауыра басталғанда оны созылмалы түрге айналып кетпеуі үшін бірден көңіл бөліп емдеу қажет.

Шығыс емшілерінің қолданатын емдерінің бірі:      

  –  Қақпағы жабылатын әйнек шөлмекке қызыл бұрыштың кішілеу 2 басын салып үстіне 100гр. медицина спиртін, не таза арақ құйып қақпағын мықтап жауып, 3 тәулік қараңғы жерде сақтайды. Содан кейін, кешке қарай денені терден тазартып, шайынып құрғатып сүрткен соң, осы тұнбаны арқаға, белге жағып сылау керек. Ол үшін алақанға 0.5 шәй қасық (одан көп болмауы керек) тұнбадан құйып, сонымен арқаны, белді жақсылап сылайды. Сонан соң, арқасын салафанмен жауып үстіне жылы көрпе жауып 30 – 40 минут жату қажет. Салафанмен жабу бұрыштың иісі жамылғыға сіңбеу үшін қажет. Бұрыш денені қыздырып, күйдіргендей әсер береді, оған шыдау керек. Спиртке тұндырған бұрыш теріні ешқашан күйдірмейді. Бұл емді жасағаннан кейін 3 – 4 күндей  суық тигізбей жылы киініп жүру керек. Осылай 2 – 3 ем жасаудан кейін адам радикулиттен жазылады.

 

                                       *

 

        Адамдар кейбір кездерде тез шаршап, еш нәрсеге зауқы  болмай, көңіл күйі бұзылып, тез ашуланатын күйге түседі. Бұл адам денсаулығының жүйке жүйесіне (нервная система) түскен артық салмақтан иммуналық деңгейінің төмендеуін көрсетеді. Осындай жағдайға кез болғанда:

  –   Тазартып, жуылған бидайдың  2 қалайы қасық дәніне 1 стақан сақырлап қайнап тұрған ыстық су құйып, беті жабылған ыдыста ақырын жанып тұрған отқа қойып, 30 минут бүлкілдетіп қайнатады. Содан кейін оттан алып, беті жабық күйінде жай жылы қалып түскенше күтіп барып қайнатпаны сүзеді. Содан соң, күнде 3 уақыт ас ішер алдында 30 минут бұрын осы қайнатпаны 1/3 стақаннан күнделікті ішіп отыру қажет. Емделу мерзімі бір ай.

Бұл қайнатпа адамның имуналық деңгейін көтеріп жүке жүйесінің жұмысын жақсартады.

Сайхыман

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер