«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық – зор байлық
Дайындаған: 1 ай бұрын

Пайдалы кеңес

        Көбінесе әйел адамдарда жиі кездесетін аяқтарының бас бармағының жанында тұздың жиналуынан шошайған пайда сүйек болады. Бұл аяқкиім кигенде, көп жүргенде мазалайтыны белгілі. Оны емдеп кетірудің машахаты да көп болады. Осындай тұздан пайда болатын қолдағы саусақтарда да сүйектер болады. Кезінде дұрыстап емдемесе саусақтардың майысып бұралуы мумкін. Буын ауруы асқынса жүрекке әсер етуі де мүмкін. Осылардан айғу үшін қолданатын халық емі:

   –  Беті жақсы жабылатын әйнек, не шыны ыдысқа ошағанның (лопух) кептіріліп ұнтақтаған жапырағының 1 қалайы қасығын салып, оның үстіне 1 стақан қайнап тұрған ыстық су құйып, бетін жауып сыртынан жұмсақ сүлгімен қабаттап орап 2 сағат ұстайды. Содан кейін, сүзіп 2 қалайық қасықтан күніне 5 уақыт жылыдай ішеді.

       Сонымен қатар, жоғарыда дайындалған тұнбаға қоса арасына 1 сағаттай уақыт өткізіп ішетін дәрі жасау қажет:

   –  Кептірілген қарандыз (девясил) үнтағының пышақтың ұшындағыдай мөлшерін алып, оған сұйық болмайтындай аз мөлшерде бал қосып кішілеу түйменің көлеміндей етіп араластырғанда дәрі таблеткасы сияқты етіп түйіршектер жасалады. Осылай дайындалған дәрінің 3 түйіршегін ас ішерден 30 минут бұрын қүніне 3 уақыт ішеді.

      Осы ошағанның жапырағы мен қарандыздың ұнтақтарынан жасалған емді күнделікті үзбей 2 апта ішеді.  Емделу мерзімі өткен соң тұрақты түрде кептірілген итмұрын, жалбыз тағы да басқа буындарды емдеуге көмегі бар дәрілік қасиеті бар шөптерден дайындалған шай ішуді әдетке айландырған жөн.

                                 *

 

      Бас қан тамырларының түрлі себептермен зақымдануының салдарынан (атерсклероз, инфекция, мертігу немесе тұқым қуалау т. б.) ми жұмысының нашарлауынан бастың, қолдың, аяқтың дірілдеуі пайда болады.  Осындай жағдайда науқастың жағдайын жақсартатын,  алғаш науқас белгілері пайда болған кездерде ерртерек қабылдаса айықтыратын халық емі:

    –  Күнделікті 2 уақыт ас ішкеннен кейін 40 минуттан соң ара балауызының (прополис)  1 – 3 грамын ауызға салып асықпай жақсылап шайнап сілекейін жұту қажет. Емделу мерзімі 1 ай. Емделудің алғашқы 15 күнінде балауызды 2 – 3 гр, содан кейін айдың екінші 15 күндерінде балауыздың мөлшерін азайтып ішеді.

Сайхыман

 

Aqsaqaldar.kz

  

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер