«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық – зор байлық
Дайындаған: 4 ай бұрын

Пайдалы кеңес

       Өмірде жиі кездесетін науқастың бірі бүйрек ауруы. Бұл науқастың тұқым қуалап бала кезден ауыратын түрі де болады. Сондықтан, жас балалардың бүйрегі ауруына ата – анасы мұқият көңіл бөлуі керек. Табиғатта  барлық ауруларға ем болатын өсімдіктер  өседі. Адамдардың бір кемшілігі аурудың алдын алу үшін соларды біліп пайдаланудағы сауатсыздығы. Әрбір мәдениетті адам әрқашан өз денсаулығына дені сау кездерінде  көңіл бөліп, ағзаларындағы ауытқуларды бақылауда ұстап, аурудың алдын алуға үйренуі қажет.

     Дәрі шөп «Құсоты» (спорыш)

Ауылды жерде жиі кездесетін өсімдік  халық оны «құсоты» деп атайды, ал медицинада оны «қызыл таспа» деп атап жүр. Бұл өсімдік бүйрек ауруына ұшыраған адамдар үшін табиғи таза емдік қасиеті бар, қосымша адамдар ағзасына зияны жоқ дәрі шөп. Бағзы заманнан қазақ емшілері пайдаланған.

    –  Кептірілген құсоты шөбінің 3 қалайы қасық ұнтағын 1.5 литр қайнаған суға салып 5 минут қайнатып, суытып, сүзіп қақпағы жабылатын әйнек ыдыстта тоңазытқышты сақтау қажет. Дайын қайнатпаны жылыдай күніне 2 уақыт 1 стақаннан ішеді. Осы дайындалған қайнатпа 3 күнге жетеді. Одан кейі оны жаңалап қайнатып отыру қажет. Осылай науқастан таза айыққанша ішу қажет. Балаларға 7 – 8 жастан бастап беруге болады.

Ал, бұл шөп қайнатпасы тіске зиянды деген ұғым бар, бірақ өмір тәжірибесінде ол анықталмаған. Шөптің нілі ішкен адамның тісін қарайтуы мүмкін, сондықтан оны тіске тигізбей ішу керек.

 

                                 *

 

Адамның қуығы ауырып кіші дәреті ұстамайтын науқасты халықта шыжың –  деп атайды. Шыжың (энурез) науқасына балалар жиі ұшырайды. Бұл аурудан құлан таза жазылу үшін:

  –  Өсіп тұрған сәбіз сабағының бір бумасын (бас бармақ пен үсік саусақты қосқан арасына сыйатындай) алып соның жартысын жуып, ыдысқа салып үстіне 3 стақан сақырлап қайнап тұрған су құйып, бетін жауып 25 минут тұндырады. Содан кейін сүзіп, ыстықтай күніне 3 уақыт ас ішердің алдында 20 минут бұрын, не ас ішкенен соң 1 сағат кейін шәй сияқты ішіп отыру керек. Осылай 1 апта ішіп, содан соң, науқастан айықпаса, 3 күн дем алып қайталайды.

     Қуыққа суық тиіп жеңіл дәретке жиі жүгіргенде де осындай шәй ішсе тез жазылады.

Сайхыман

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер