«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Екі әңгіме...
Екі әңгіме...
Дайындаған: 1 ай бұрын

 Ер мен әйелдің әдеттегі әңгімесі

Кез келген еркек жақсы жар тапсам деп армандайды. Олардан жас күнінде

қандай әйел аласың деп сұрасаң «иманды, тәрбиелі, ерін сыйлай білетін...» деп

бастап, біраз жерге дейін апарып тастайды (өздерінің иманы, басқаны сыйлай

білу дегенді біле бермеседе). Ал кейбір «бір қолымен әлемді тербеткісі кеп»

ашулы жүретін «жарты әлемнен» болашақ жары туралы сұрай қалсаң «ей бір

есі дұрыс бай тапсам болды ғой» деп қысқа қайырады.

Төменде сондай қолына қашанда шыбық алып жүретін бір әйелдің «есі дұрыс

болмай қалған» байымен әңгімесі:                                   .
 

Әйелі: - Ей, қайдасың, жұмыстан түскелі қай уақ, не істеп жүрсің қаңғып, тез

қайт үйге.                                                  . 
 

Күйеуі: - Ой жаным, екеуміз той жасайтынның алдында барған алтын

бұйымдар сататын дүкенді білесің ғой. Әттең, сол кезде қолым қысқа болып,

саған жақсы көрген алтын алқаңды алып бере алмадым ғой(... 
 

Әйелі:(күлүмсірей қалып) - Иә, иә, есімде жаным есімде, содан... 
 

Күйеуі: - Мен дәл сол дүкеннің қарсы алдындағы кафеде достармен азырақ

сыра ішіп отырмын...                          . 
 

Әйел: - Ой ынжық, сол жерде арам қат, келме үйге...)))    

 

                              *                                                     

Кәрімнің қағытпасы

Әр ауылдың аты аңызға айналып, кейінгіге сөзі қалып кеткен бір елеулі адамы

болады ғой, біз бүгін әңгіме еткелі отырған Кәрім атамыз сондайлардың бірі

еді. Кәрімнің түрлі қызықтары жақын адамдарының есінде ұмытылмастай

болып қалып қойған. Ол кісі әдетте өз үйіне сырттан келгенде әртүрлі

дауыспен "әй Кәрім барма" немесе "бұл кімнің үйі" деп дауыстап шақырып өз

отбасымен әзілдесіп жүретін көрінеді. Кәрім деген аттың көп болғандығынан

ба әлде тек түйе бағатын болғандықтан ба ел ол кісіні түйеші Кәрім атап

кеткен. Сол атамыздың тұсында аудандық сақшы мекемесін басқарған адам

болған. Ол уақытта сақшы мекемесін басқарушының ықпалы басқалардан

алабөтен жоғары болды дейді айтушылар. Сол бастықтың шешесі тым

тәкаппар адам болыпты. Анау мынауға онша шешіліп сөйлей бермейтін

көрінеді. Бір қызығы ол анамыздың аты Торғай екен. Елден оның тым

тәкаппар, көлденең көк аттыны көзге іле бермейтін менмен адам екенін естіп,

бір күні Кәкең оны жақсылап мұқатып кету үшін болса керек, бір жолдасын

ертіп апаның үйіне түсе қалыпты. Түрлері қатардағы бақташының бірі екенін

аңғартып тұрған соң болуы мүмкін, отанасы итпе, кісі ме деместен, өз

әдетінше отыра береді. Оның бұлайша қырсыққанын көрген Кәрім атамыз: -

Жә бәйбіше, біз бұйрықша келіп қалған құдайы қонақпыз. Бұл кімнің үйі, аты-

жөніңізді айта отырсаңыз", - деп әдейі танымағансиды. Бәйбіше әуелі бұл

сақшы мекемесі бастығының әкесінің үйі, ал алдарында отырған сарықарын

бәйбіше сол бастықтың шешесі екенін айтады. Ал атым Торғай дейді. Бұл

сөзді естіген Кәкең жарықтық қарқылдай күліп "ой Алла-ай, осындай да

ұқсастық болады екен-ау, менің де атым Торғай, сонда мен еркек торғай, ал сіз

ұрғашы торғай болады екенсіз ғой" депті))).

 

Бейсен Сұлтанұлы, ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер