«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық – зор байлық
Дайындаған: 1 ай бұрын

Пайдалы кеңес

Қазақта ұмыт болып бара жатқан боза сусыны

 

       Қазақта боза деген ұлттық сусын бар. Бірақ қазір оны көбісі біле бермейді. Дәмін татып көрмек түгілі атын естімегендер де жетерлік. Көп насихатталмағандықтан оның аты белгісіз. Дегенмен артында іздеушісі болғаны жақсы ғой. Сондықтан мен осы сусынның пайдалы-зияндылығын ашып көрмекпін.

                                          .
Ал онда кеттік!                                 .
      Боза – дәнді дақылдардан ашытып жасалатын ежелгі сусын. Бір тәулік бойы суға бөктіріліп қойылған дән жармасының сарысуын төгіп тастағаннан кейін, қалған тұнбаға белгілі мөлшерде май, су құйып, оттың табына жайлап қайнатып, ботқа жасайды. Оны суытып қойып, дәнді дақылдың бір түрінен (тары, арпа, т.б.) ашытқы дайындайды. Ол үшін дақылды қажетінше алып, үстіне ыстық су құйып, 3 — 4 сағат бөктіреді де, сүзіп алады. Содан кейін оны жылы жерге жайып қойса, 3 — 4 күнде дәндері өнеді. Және дақыл бірден кеуіп кетпес үшін үстін жауып тастайды. Өндіріп алған соң келіге салып жаншиды. Осылайша дайындалған уытты тұнбаға мөлшерлеп салып, үстіне суытылған қайнаған су құйып, жарты тәуліктей ашытып қояды. Содан соң, дайын қоспадан ыдысқа керегінше салып, қайнаған салқын суға араластырып, сүзгіден өткізеді.

 

Емдік қасиеті:.

        Бозаның қоректік қасиетінің күштілігі сонша ағзадағы зат алмасуды күшейтіп, қандағы шлактарды айдап шығады. Ал медицинада қандағы қалдықтарды тазалау өте қиын екені белгілі. Бүгінде екінің бірі қаназдылықпен ауырады. Осы аурудың алдын алуда боза таптырмас ем. Буын ауруларына, тұз жиналғанға, ас қорыту мүшелеріне тигізер пайдасы мол. Бозаның құрамында ферменттер көп болғандықтан, залалы мол бактерияларға қарсы әсері бар. Оның құрамындағы аз ғана спирттің өзі ағзаға көп пайдасын тигізеді.

 

Ескерту:
Бүйрегіне тас, тұз жиналған науқастардың оны аса абайлап ішкені жөн. Егер уытты бозаны көп ішсе, қатты ауырып қалуы да мүмкін. Бүйрегінде тасы бар адамдар бозаны әу баста 50-100 грамнан бастап ішіп үйренгені жөн. Содан кейін ғана мөлшерін ұлғайта берсе болады. Бозаны кез келген жастағы адам іше берсе болады. Бірақ 3 жастан асқан балаларға 5 ас қасықтан артық ішкізуге болмайды. Әсіресе бүйрегі, асқазаны мен бауыры ауыратын адамдар бұл сусынды арнайы дайындатып емге пайдаланса, ауруынан айығатын күн алыс болмайды.


        Бозаның мал шаруашылығында тағы бір артықшылығы бар. Бозадан қалған қалдықпен бәйге аттарын бағады. Оның түбін жеген мал жұқпалы індетпен ауырмайды. Бозаның түбі деген – дақылды дайындаған кезде сүзілгеннен қалған ең түбіндегі маңызы. Оны жеген мал да қоңды болып, сырқаттан алшақ болады.

                           .
       Өкінішке орай, бүгінгі күні бозаны шыңына жеткізіп дайындау екінің бірінің қолынан келе бермейді. Өйткені жоғарыда жазғанымыздай жасалу жолында бейнеті мол шаруа. Сондықтан оны базарлардан өте сирек көреміз. Оның өзінің қандай жолмен даярланғаны беймәлім.

 

Ramadan Turgaliuly zhubandyq,  ғаламтордағы жазба

 

Aqsadaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер