«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Көз ауру (трахома)
Көз ауру (трахома)
Дайындаған: 6 ай бұрын

 Алаш арыстарының кезінде, өз халқының келешегі тек саяси, әлеуметік қүрестермен шектелмей, ұлт мәдениеті мен денсаулығына да көп мән беріп, бұқаралық ағарту жұмысын жүргізгені белгілі.   Біз, оқырмандардың назарын осыдан жүз төрт жылдай бұрын «Қазақ» газетінде басылған денсаулық тақырыбына жазылған шағын мақаланы ұсынамыз.                                                                               

                                                                                                         Aqsaqaldar.kz

Көз ауруы толып жатыр, бәрін бірдей жазып шығу мүмкін емес. Сондықтан біздің қазақ арасында шебі болатын «трахома» деген ауру жайынан жазамын. Бұрын бұл ауру тек Мысырда болған еді. 19 –шы ғасырда сол жерде тұрған Франция әм Италия солдаттарына жұғып, елдеріне қайтқанда бірге біздің Европа жеріне ала келіп, бірден бірге таратып халыққа жайған.

    Трахома біздің қазақ сияқты салақ, тазалығы кем жұртта көбірек болады. Себебі ондай – мұндай настықты елемей біріміз ұстап тұтқан нәрсемізді екіншіміз қолданып жүре береміз. Мысалы, бір үйде бір рет орамалды өзіміз де, келген қонақтарда қолданады. Трахома біреуден екіншіге осы бет орамалдай нәрседен жұғады. Сондықтан ауруды жұқтырып алып емдетемін деп жігерленіп жүргеннен, тән тазалығына мұқым болып, салақтықты қалдырып, күн ілгері сақтану артық болса керек.

Өзге көз аурудан трахоманың айырмасы мынадай болады: қабақтың ішкі астарын орысша «коневиктива» деп атайды. Сол коневиктива трахома болғанда, айналдырып қарасаңыз, қызарып ісіп, бұжырмақтанып тұрады. Бұл бұжырманды  орысша «фулликула» дейді. Көз аурудың өзге түрлерінде де бұндай фулликула болады, бірақ трахома неге олардан көре басқарақ. Бір жағынан көбейіп өсіп жатады, екінші – бірімен бірі қосылып зорайа береді, үшінші – үлкейгендері, шайқауы жеткен жұмыртқадай жарылып, ішіндегі іріңі ағып, қайтадан қабының аузы бітіп жамалады. Бұл біткен жараны орысша  «рубец» дейді. Жара біткенменен жоқ болып жазылып кетпейді. Мұның орнына тағы да ірің толып, жаңа фулликула шыға береді. Осы рубец болғанда конунктива ағарып іріңдеп, жарылған жараның орнындай былжырап тұрады. Ауру бірдей екі ұлғасып көздің «роговая оболочка» деген бетіне жұғады. Мұнан кейін кірпіктер қиғаштанып қосылып, ішке қарай бүгіліп көзге жабысып, бір жағынан тынышты алады. Егер емделмесе, ұлғайып кетіп, ақырында көзден айрылуға болады.Трахома жаңа басталған кезде көзде тынышсызданып білінбейді. Сондықтан жанға батпаған соң біздің қазақ секілді жұрт, «елде қалай ауырғанды, өзі жазылар» деп жүргенде, ауру жұмысын бітіріп ұлғая бастайды. Бұ жылда емдеп жазуға да көп уақыт керек, һәм асқынған трахоманы біздің қазақ ішінде дәрігерлердің жазатын аспаптары да сай бола қоймайды. Соның үшін ауру жаңа білініп келе жатқан кезде доктор, фелшерге көріну керек.

Студент,  Есенғали

Қазақ (газеті).  1915. 4 апрель,  сенбі

Шығарушы: Ахмет Байтұрсынов.

Бастырушы: «Азамат» серіктігі

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер