«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық – зор байлық
Дайындаған: 1 ай бұрын

Еске сақтайық!

    Көбінесе адамдар өз денсаулықтарына жанына батып науқастанғанда ғана көңіл аударады. Аурулардың алдын алу үшін денсаулықты бағалауды әдетке айландырып күнібұрын қамдану да ұлттық тәрбиенің бір бағыты. Әр адам өзінің алдына қойған мақсаттарын орындау үшін алдымен денсаулығына көп көңіл бөлуі қажет. Бақытты болу, оқу, жұмыс істеу, өнер, ғылым жолын қуу, шығармашылық және спортпен айланысу арқылы биікке көтерілу үшін денсаулықтың жақсы болуы қажет. Бақытты, табысты, жеңімпаз адам – денсаулығы мықты адам. Сондықтан, ұлтық тәрбие туралы сөз болғанда осы мәселені алдыңғы қатарға қойып, әр адамның өз денсаулығын сақтаудағы сауатылығына зор мән берген жөн. Біздегі өмір ақиқаты адамдар бұл бағытта орасан сауатсыздықтың құлы болып отыр. Олар ауырса ғана денсаулығын ойлап, ем іздеумен қысқа ғұмырында қымбат уақытын, тапқан табысын шашып, науқастың азабын тартумен өмір сүреді. Денсаулықты сақтаудың жолындағы егіз, адамның жаны мен тән саулығы деңгейінің бір – бірімен  қабысып жататын тәбиғи қасиетін ұғуды үйрену керек.. Рухани тәрбиесі жоғары адамның денсаулығы да жоғары болады. Ызақор, өзімшіл, қатыгез, тәкапар, қызғаншақ, кекшіл адамдар науқасқа жиі шалдығады. Әр адам осыны ұғып өздерінің мінез – құлқын өзертуге көп мән беруі қажет. Өзін өзі тәрбиелей алмаған адамның денсаулығының нашар болуы табиғи заңдылық.

 

Пайдалы кеңес

    Бауыр, қан мен қантамырларының, тыныс және ас қорыту жүйелерінің  жақсы жұмыс істеуіне көмкетесіп, олардың қызметінде кінарат болса содан айығу үшін:

–  Шәңкіштің (калина) 500гр. жемісін жақсылап жуып, таза ыдысқа салып оқтаумен жемісі мен дәнін мыжғылап нәрімен бірге қоймалжың жағдайға жеткізген соң, үстіне 500гр. бал қосып жақсылап араластырып тоңазытқышта сақтау керек. Қүнделікті 3 уақыт ас ішер алдында 10 – 15 минут бұрын 1 қалайы қасықтан ішеді. Бұл қоспа адамның барлық ішкі ағзаларына пайдалы. Гипертониямен ауырып қан қысымы жоғары болса, соны түсіреді. Сонымен қатарбактериялы науқастар мен кейбір созылмалы ауруларды емдейді.                               Қан қысымы төмен адамдар абайлап қабылдауы қажет.

Сайхыман

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер