«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Әйел сыры
Әйел сыры
Дайындаған: 4 ай бұрын

Ертеректе, оқуға дайындалып жүргенде таңертең бір компанияда бір сағатқа барып директорының кабинетін тазалап, жуып кететін кезім. Қалған уақыттың бәрінде сабаққа дайындалам, себебі ақшамен оқуға ата-анамның жағдайы көтермейтін. Бірінші КазГУ-ге жеңіп алған грантым күйіп кетті, ол жерден жылап кеттім. Кішкентай ғана ауылдан арманымды арқалап, елімнің дамуына үлес қосуға уәде беремін деп келгенімде, Назарбайға хат жазам деп, қатты сағым сынған кезі. Одан кейін де ең болмаса, өзім үшін оқиын деп тапсыруға дайындалып жүрген кезім. Сол компания итальяндықтарға тиесілі болатын. Таңертең бір сағатта полын жуып кеткенге 80мың алатынмын. Ол кезде ол жақсы ақша болатын. Таңертең ешкім жоқ кезде жуып кетіп қалам. Бір күні Лариса есімді хатшысы түсте шақырды: директор сенімен танысқысы келеді-деп. Содан кең етек, ұзын көйлегімді киіп, шашым белімнен төмен түсетін, жоғарыға түйіп, қалғанын түсіріп бардым. Директорды күтіп тұрдым. Бір кезде артыма қарасам, көз алмай қарап тұр екен. Пиеро Шевольетто-деді. Ағылшынша сөйлесетінбіз. Сол күннен бастап, күнде ерте келетін болды. Сондағысы, сәлем беруге. Мен сәлемдесіп, полымды жуып, кетіп қалам. Бір күні Яна деген орыс қызы(қазақша әдемі сөйлейтін): Пиеро сізді қатты жақсы көреді, өзі бойдақ, үйленбеген-деді. Мен жымидым да қойдым. Содан бір күн Пиеромен сөйлестік. Ол: қазақтың қыздарының бір бойынан бәрін табасың-нәзіктікпен бірге батылдық, биязылықпен бірге туралық, әдемілікпен бірге бойсұнушылық-деді. Мен: сол себепті қазағымды жақсы көремін, қазағыма тұрмысқа шығамын-дедім. Ол түсінді. Мен түсінбедім. Себебі, сол мұнай-газ тасымалдау компаниясында небір сұлулар жүрді, бойы талдырмаш, бота көзді, көздің жауын алатын сұлулар. Бәрі директордың алдынан олай да, бұлай да, жасанып өтетін, үмітті еді. Мен қысық көзді, бойы кішкентай, асып бара жатқан білімі жоқ, пол жуатын біреу болатынмын. Бірақ Пиеро бәріне менен асқан ешкім жоқтай етіп, сұлулық эталоны етіп қойған еді. Сол сәтте әлгі жігіттен үміттілер етек-жеңін жиып, әдепке мән бере бастады. Ал мен, оған дейін, турасы сол, қазақ жігіттерінен ондай құрмет көрмеген болатынмын. Мен танысқан жігіттер әйелді тәрбиелемек түгілі, өздерінің кім екенін білмейтін, тілін бұрап, әйтеуір біреуге ұқсағысы келіп, өзінің кім боларын білмей жүргендер еді. Пиеромен арамызда симпатия бар болатын. Себебі әйелдің табиғаты сол, және олар соны танып, біліп, сол табиғилықты бағалайтын. Сол кезден бастап, өз болмысымды, жаратылысымды сүюді үйрендім. Сол кезден бастап, өзімді құрметтеуді үйрендім. Иә, мен ұлтшылмын. Бірақ ақиқатты айту керек. Ұлтшыл болғаным себепті, өзге ұлт жігітіне тұрмысқа шықпадым, қолымнан да ұстатпадым. Ол менің шешімім, менің таңдауым. Бірақ қазақ жігіттерінің өзгеге тұрмысқа шыққан қазақ қыздарын қарғауға хақысы жоқ. Әйелдің жаратылысы нәзік, әлсіз, аңғал, сенгіш, армандағыш, қиялмен ұштасып жатыр, ал мұраты-кету, ана болу, өзін сүйгенге адал болу, сүйікті болу. Өз болмысын сүйетін әйел ешқашан еркекті басқарсам, не ұлтты, не елді басқарсам деп армандамайды. Менің де мұратым не қызмет, не ақша, не басқа болған емес. Барынша әр тараптан соққан тағдыр дауылдарына ықтап кете бермей, қарсы тұрып, адамдығымды сақтап қалғым келеді. Барлық пасықтық, қасиетсіздіктен биік тұрып, азаматымды өзімнен биік еткім келді. Әр қазақ қызын қадірлеңіздер! Өз қыздарыңыздай. Сонда олар өзгенің мейіріміне мұқтаж болмайды, өзгеге кетпейді да. Әрбір қазақ қызы қазақ азаматын қадір тұтып, қанаттандырып, небір биіктерге самғатады, намыстарыңызды қорғап, сіздердің сүйіспеншіліктеріңізге лайық болуға тырысады. Ер - азаматтық биігінде қалса, әйел өзінің орнын біледі. Ұлтты әйел тәрбиелесе, әйелді ер тәрбиелейді.                                             .
Стетхемнің бір ауыз сөзі әйелді тәрбиелеуге жеткілікті екен. Тек ол армандаған болмыстан батыс әлдеқайда ажырап қалған. Ал, қазақ әйелдері әлі ажырай қойған жоқ. Азаматтардың рухының әлсіздігі(өлім ғой бұл еркек үшін), жауапсыздығы, өзін тани алмағаны, қорқақтығы, елі үшін емес, құр қарақан басының, жоқ нәпсісінің құлы болып әрекет еткені, ұлтының, яғни ұрпағының болашағын ойламағаны(мына жүйе ұрпақтарын құлдыққа сатып жатқанын біле тұра үнсіз, бұғып, тығылып жата беруі), әйелді қадірлемеуі, оның Құдай берген әлсіздігін бетіне надандықпен басуы, әйелді үйдің қазығы да, азығы да етіп, өзқадірін даулауы-бәрі, бәрі қазақ әйелдерінің мойнына ауыр салмақ болып, қатыгезденіп, табиғи болмысынан (нәзіктігі) ажырап бара жатқаны ақиқат!                                 .
Қазақтың қыздарын жылатпаңдар, қазақтың азаматтары үшін бәріне дайын болды ғой, дайын да(біреуінің ұлы, біреуінің, әкесі, біреуінің ағасы, біреуінің сүйген жар). Сендер жылатсаңдар, өзгелер не істемейді?!

Егер ұлт болып қалам десе, ой салар. Ал, бәрібірлерге өкпе жоқ, өздерінің жеткен жерінде қалсын.                                            .
 

Ақерке Әбіштегі, ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер