«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық – зор байлық
Дайындаған: 3 ай бұрын

Пайдалы кеңес

      Инсультпен ауырған адамдардың денсаулығын қалпына келтіруге көмектесетін халық емшілерінің емдері бар, солардың бірі:

      –  У сарымсақтың (чеснок) 100 грамын ет тартқышқа тартып аузы тығынмен жабылатын қара әйнектен жасалған ыдысқа (шөлмекке) салып үстіне 100 грамм таза арақ, не болмаса дәріхананың спиртін құйып 10 күн қараңғы жерде сақтап тұндырады. Содан кейін оны жақсылап сүзіп, үстіне                  20 гр. бал және 10 млг. дәріхананның спиртте тұндырған прополис  қосып, жақсылап араластырып тағы да қараңғы жерде 2 күн ұстау қажет.

Содан кейін, дайын болған тұнбаны күніне 3 уақыт ас ішер алдында 30 минуттай бұрын аш қарынға 50 гр. суық сүт қосып ішіп отырады.

Тұнбаны қабылдау тәртібі:

Бірінші күні 3 уақыт 1 тамшыдан; екінші күні 2 тамшыдан; үшінші күні 3 тамшыдан; төртінші күні 4 тамшыдан; бесінші күні 5 тамшыдан (бес күнде 15 тамшы) ішеді;  Соан соң, алтыншы күннен бастап оныншы күнге дейін күніне бір тамшыдан кемітіп ішіп отырады (бес күнде 15 тамшы). Содан кейін, он бірінші күннен бастап күніне 25 тамшыдан 20 күн ішеді. Емделу мерзімі 30 күн. Осыдан емделу мерзімінен соң, әр адамның жағдайы мен табиғи ерекшелігіне байланысты қол – аяқтары, сөйлеу мен көру қабілеті толық, не жартылай қалпына келіп, басының аурырғаны, құлақтағы шу басылып, қан қысымы қалпына келіп, ұйқысы түзеледі, көңіл күйі көтеріледі. Осы емнің әсері тұнбаны ішіп тауысқанан кейінде ұзақ уақыт науқастың ағзаларына әсер етуін тоқтатпайды.

Бұл емді енді тек бес жылдан кейін ғана қайталау қажет.

                                   *

       Адамдардың өз денсаулығына мән бермеуінің салдарынан тыныс жүйесі суыққа шалдыққаннан мұрынның екі жағындағы қапшығы қабынуы мүмкін. Оны медицинада гайморитке шалдыққан деп атайды. Ондай жағдайда халық емшілері мынандай емді қолданады:

     –  Жатар  алдында таза дәкені (бинт) танаудың ішінде тұратындай етіп мұрынға тығатын жағын жіңішкелеу жасап орайды (мақта емес). Оны мұрынға тықпай тұрып жіңішке жағына  1 – 1.5 см. жеріне таза бал жағып мұрынның бір – ақ жағына тығып 4 – 5 сағаттан соң (түннің ортасында) алып тастау қажет. Таңертең тұрған соң жақсылап сіңбірініп, танаудың екі жағында жылы сумен шайып тазалайды. Келесі күн кешке мұрынның екінші жағына соны жасау қажет. Науқас асқынып кеткен болса 3 – 4  рет осылай айыққанша  қайталау керек. Кейбір адамдар бір рет жасалған емнен де айығып кетеді.

Сайыхман

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер