«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық – зор байлық
Дайындаған: 1 апта бұрын

Пайдалы кеңес

      Адамдардың жасы ұлғайған кездерде ұйқыларының бұзылуы жиілейді. Сондай жағдай болғанда дәрі ішуге әуестенбей халық емдеріне сүйену пайдалы. Бірінші кезекте, әр адам өзінің мінезін түзеп, орынсыз әр нәрсеге алаңдап ашу шақырғаннан безуді, өз көңіл күйін төзімділікпен бір қалыпта ұстауға дағдылануды үйренуі қажет. Ұйқыны қалпына келтіру үшін:

     –  Келіге түйіп кептірілген долана дәнінің 2 қалайы қасық ұнтағын 1.5 стақан қайнап тұрған ыстық суға салып оны 3 бөлікке бөліп күніне 3 рет ас ішер алдында жарты сағат бұрын жылыдай ішіп отыру қажет.       

Сонымен қоса,  1 кішкене кесе балдың үстіне 3 қалайы қасық алма сірке суын (яблочный уксус) құйып араластырып элексир жасап, оны тоңазытқышта сақтау керек. Бұл элексирдің  2 шәй қасығын күнделікті жатарда ішіп отыру қажет.    

                                     *

Кейбір адамдар сүйсініп ас іше алмай тәбатым асқа шапайды деп жатады. Шынында тәбаты болмай ішкенастың пайдасы болмайды. Бұл жағдай адамның көңіл күйіне және денсаулығын да өзі көңіл аудармаған ақаулардың әсерінен де болуы мүмкін. Бұндай жағдайда  халық еміне жүгінсек:

    –  Бақ – бақ  шөбінің кептірілген тамырының 2 шәй қасығын 1 стақан суық суға салып 8 сағат бетін жауып тұндыру керек. Содан кейін сүзіп дайын тұнбаны 4 ке бөліп ас ішер алдында 15 – 20 минут бұрын күніне 4 уақыт ішеді. Тұнбаны кешкі жатар уақытта дайындау ыңғайлы.  Бұл тұнба адамның ас қорыту мүшелерінің жұмысын жақсартып, тәбатты ашады.

Тағы бір  асқазан, ішектердің жұмысын жақсартып, адамның тәбатын ашатын шөп ол – ермен. Ұсақтап тураған ермен шөбінің 1 шәй қасығына 1 стақан қайнаған ыстық су құйып 30 минут  бетін жауып бықтырады, содан кейін сүзіп, күніне 3 уақыт ас ішер алдында 20 минут бұрын 1 қалайы қасықтан ішіп отыру қажет.

Сайхыман

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

                                                                                                                           

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер