«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық – зор байлық
Дайындаған: 4 апта бұрын

Пайдалы кеңес

 

      Ер адамдарда орта жастан асқаннан кейін жиі кездесетін простатит, оның ушыққан түрі аденома ауруларына қарсы қолданылатын халық емінің бірі:                             

 –   Күнбағардың (подсолнуха) 2 қалайы қасық қабығы аршылмаған және (қуырылмаған) дәнін жақсылап жуып кептіреді, содан кейін оны кофемолқада тартып ұнтақтайды. Осы ұнтақтың үстіне 1 литр ыстық су құйып отқа қойып қайнау деңгейіне жеткенше ұстайды (қайнатпай тек бұрк еткізеді). Содан соң сүзіп, үстіне тым тәтті болмайтындай 2, не 3 қалайы қасық бал (қант емес) салып араластырады. Осы дайын болған сұйықтықты  күніне 2 – 3 рет ас ішер алдында 15 – 20  минут бұрын 100 – 150 гр. ішіп отырады. Оны әр адам өзінің хал – жағдайына байланысты ішеді, тіпті үнемі ішуге де болады.

                                     *

 

      Әр адам өз денсаулығына мән беріп, ішкі ағзаларының дертке шалдығуын жол бермеуі қажет. Адамның екінші жүрегі деп саналатын бүйректі тазалау үшін:

 –   Зығырдың (лен) дәнінен жасалған ұнның 4 қалайы қасығына 3 литр су құйып жақсылап араластырп қайнатады. Осы дайын болған қайнатпаны жарты стақаннан 2 күн ішінде 2 сағат сайын ішіп бітіру қажет. Дайындалған қайнатпа қоймалжың болғандықтан оған су қосып суйылтып  ішкен дұрыс.

*

 

       Көбінесе жасы ұлғайған адамдардың склерозға шалдығуына байланысты құлағында шу пайда болып, кейбір кезде орнынан тез қозғалып тұрған кезде көздері қарауытып басы айналуы болады. Бұл адамның қан тамырларының қабырғаларын шлак алып қан жүретін жолдардың бітеле бастауына әкелген жағдайда болады. Яғни, қан тамырлары өзінің табиғи қасиетінен айрыла бастағанын көрсетеді. Халық емшілері қолданатын мына бір хан тамырларын тазартатын ем ұсынылады:

  –   Кептірілген 1 қалайы қасық шақпа шөп(крапива) жапырағының ұнтағын қақпағы жабылатын ыдысқа салып, үстіне 150 гр. қайнап тұрған ыстық су құйып, оны жылы орап 4 сағат тұндырады. Содан кейін сүзіп, үстіне таза 150 гр. алманың нәрін құйып тоңазытқышта сақтайды. Күнделікті 3 уақыт ас ішердің алдында 15 – 20  минут бұрын  ішіп отыру қажет. Бұл тұнбаның адам ағзаларына тигізетін зияны жоқ, үнемі ішіп жүруге болады.

Сайыман

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

      

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер