«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық – зор байлық
Дайындаған: 3 ай бұрын

Пайдалы кеңес

       Жас жетіп қартая бастаған кезде егде адамдар денсаулығын сақтау үшін гимнастика жасауға көп көңіл бөлетіні белгілі. Гимнастиканың кейбір түрлерін жасауда және сол сәттерде жас шағындағыдай тез қимылдаудан сақтану қажет. Әсіресе жас кезінен бастап  спортпен айналысып, түрлі қимылдар мен дем алу ритімін сақтап, гимнастиканы күнделікті жасамаған және қара жұмыс істеп бұлшық еттері мен сіңірлері ауыр  салмаққа төтеп беруге дағдыланбаған адамдар абай болуы қажет. Ондай адамдар тұрақты гимнастика жасауға асықпай, өздерін баяу қимылдауды және дұрыс демді (дыхание) алуды үйренулері қажет. Тек сонда ғана жасаған гимнастикалары денсаулығна пайда әкеледі. Егде тартқан адамдар:

   – Аяқтарын тік ұстап еңкейіп тез қиылаудан және сондай жағдайда жерден ауыр нәрсе көтеруден сақ болуы тиіс. Өйткені ол кезде омыртқаларға түсетін салмақ күрт көбейіп, олардың орнынан тайып кету қауіпі ұлғайып жүйе жолдарына зақым келуі мүмкін (защемление нервов, грыжи).  Тағы бір еске сақтайтын нәрсе, ол саяжайда, бақшада еңкейіп жұмыс істеген кезде омыртқаларға артық салмақ түсірмеу үшін тізені бүгіп, аяқтың арасын кең ұстау қажет.

   – Гимнастика жасаған кезде омыртқаны түрегеп тұрып оңға – солға бұру және еңкейіп қолдарын созып оңға – солға бұру («диірмен» әдісі) омыртқалардың орнынан тайып кетуіне әкеледі.  Бұндай қимылдарды жасауға болмайды, абай болыңыздар. Өйткені, адамдар дың жастары келе бастағаннан арқадағы омыртқаны ұстап тұратын бұлшық еттері тайып, әлсірей бастайды.

  – Шалқадан жатып гимнастика жасаған кезде, жас кездеріндегідей басты  көтеріп, аяқты созып, іш бұлшық еттерін жаттықтыру үшін деп кеудені көтеретін қимылды жасауға болмайды. Бұл қимылдың әсерінен омыртқаға түсетін салмақтың нәтижесінен келетін зақымдардың болуы еселеп өседі. Абай болыңыздар.

        Ескерту:   Жасы келген адамдар денсаулықтарын сақтау үшін, әрқашан гимнастика жасағанда және басқадай жұмыс істеген кездерде, баяу, асықпай қимылдауды әдетке айландыруы қажет.

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер