«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
«Құтты білік пе, әлде . «Құтты билік»пе?
«Құтты білік пе, әлде . «Құтты билік»пе?
Дайындаған: 1 ай бұрын

      Елбасымыз жариялаған «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында та­рихи мұраларымызды ұлттық көзқараста зер­делеуге соны қадамдар жасалуда. Осы ба­ғыт­тағы қандай зерттеу жұмысы болса да, бар­лығы еліміздің тұғырын бекітіп, мемле­кет­тігін нығайтып, мәңгілік ел болуымызға қыз­мет ету керек. Иә, осы тұста мынадай заң­ды сұрақтар туады: рухани мұрала­ры­мыз­ды насихаттау арқылы мемлекетіміздің тұ­рақ­тылығын қалай сақтаймыз? Ұлттық ко­ды­мызды жаңғыртып, халқымыздың са­­на­сын қалай жаңғырта аламыз? Ең маңыз­ды­сы, мәңгілік ел болу үшін не істеуіміз ке­рек?

       Бұл сұрақтардың жауабын бабаларымыз он ғасыр бұрын жазып қалдырғанын біреу біл­се, біреу білмес. Нақтырақ айтсақ, 1069 жы­лы қазақ топырағында туған Жүсіп Бала­са­ғұн бабамыз «Құтадғу білік» атты еңбегінде мұның барлығын егжей-тегжейлі баяндайды. Бүгінде мемлекеттік басқаруды жетілдіру, са­палы кадр дайындау, билік өкілдері мен қо­ғамның қарым-қатынасын реттеу, ішкі сая­си тұрақтылықты сақтау және сыртқы ел­дермен ынтымақтастық орнатуда бұл кі­тап­тың алар орны ерекше. Алайда бұған дейін «Құт әкелуші білім» және «Құтты білік» деген секілді атаулар беріліп, кітаптың білімге қа­тысты қырына көбірек назар аударылып кел­ді. Енді «Құтадғу біліктің» билікке қатыс­ты тұстарына басымдық беріп, бүгінгі мем­ле­ке­тіміздің тамыры тереңде жатқанын ашып көрсетуіміз керек. Міне, біз он ғасыр бұрын ба­баларымыз құрған мемлекетіміздің құры­лымын, оның басқару жүйесін және қоғам­мен қарым-қатынасын көре аламыз. Мем­ле­кет­тік лауазымдар мен олардың дәре­же­­лерімен және ол лауазым иелеріне қойылатын талаптар мен жүктелген міндеттермен танысамыз. Сон­дай-ақ адамның тұлға ретінде қалып­та­сып, кемелдік деңгейге жетуіне үйрететін ілім­нің кілтін табамыз. Айталық, ел басқару ісі­не араласқан кісінің шыққан тегі мен ал­ған тәрбиесі, болмыс-бітімі, ақыл-парасаты, бі­лімі, қабілеті, мінез-құлқы және сырт кел­беті қандай болу керек? Олардың атқаратын қыз­меті, құқығы және ел алдындағы мін­дет­тері қандай? Осының барлығы аталмыш кі­тап­та кеңінен жазылған. Бір сөзбен айтқанда, құ­қықтық қоғам мен демократиялық мем­ле­кеттің өлшемдері көрсетіледі. Жүсіп Бала­сағұн өз еңбегінде жазылып сақталған мәлі­мет­тің құнды екенін айта келе, «бізге дейінгі мә­лімет жазылып сақталмағанда, олар­дың хабарын қайдан білер едік» дейді. Демек, ол мемлекет басқару туралы идеяларында Қа­рахан мемлекетіне дейінгі бабаларымыз құр­ған қағанаттардың тәжірибелерінен үлгі ал­ғаны байқалады.
Ертеден әлемде көптеген мемлекет қай­рат­керлері мен саяси тұлғалар бұл тақырыпта ар­найы қалам тербеген. Кезінде утопия се­кіл­ді көрінсе де, грек ойшылдары Аристо­тель, Сократ, Платон және ежелгі Қытайда Кон­фуций секілді ойшылдар қоғамның, мем­лекеттің ізгілікпен, біліммен, парасатпен басқарылу керектігін айтты. Қазақ даласынан шық­қан әл-Фараби «Қайырымды қала тұр­ғындары» атты трактат жазды. 1091 жылы би­лік тақырыбын көтерген Селжұқ мемле­ке­тінің бас уәзірі Низамүл Мүлк «Саясатнама» атты кітап жазып, оны Селжұқ сұлтаны Мә­лік­шахқа тарту етті. 1513 жылы Италияда Ник­коло Макиавелли «Il Principe» (Государь, The Prince) деген кітап жазып, король Лорен­зо до Медичиге сыйлады. Олар мемлекетті әді­летті басқару, елдің жағдайын жақсарту се­кілді құқықтық-демократиялық мемле­кет­тің өлшемдерін көрсетті. Дәл осы еңбектер се­кілді Қарахан мемлекеті тұсында 1069 жы­лы Жүсіп Баласағұн «Құтадғу білік» атты кітап жазып, оны Табғаш Боғра ханға сыйға тарт­ты. Шындығында, ол кітаптың жазылу мақ­саты – мемлекетті нығайтып, ел бас­қару­ды жетілдіріп, халықты сауаттандырып, құт-бе­реке дарыған, бақыт қонған ізгі мемлекетке ай­налдыру болатын. Демек, Жүсіп Бала­сағұн­ның кітабы «Құтты білік» немесе «Құт әкелу­ші білімнен» гөрі, «Құтты билікке» жа­қы­нырақ деуге болады. Оның идеясы Сен Си­мон, Фурьё секілді Еуропа ойшылдары кө­тер­ген «әлеуметтік утопия» емес, өмірде қол­д­анылған идеялар. Өйткені Жүсіп әйгілі кіта­бын жазғаннан кейін ханның Бас уәзірі (қа­зіргіше Премьер-министр) болады. Мем­лекет басқару туралы ойларын жазып қана қой­май, оны премьер-министр ретінде жү­зеге асырады. 1074 жылы жазылған Мақмұт Қаш­қаридың «Түркі тілінің жинағы» атты сөздігінде Жүсіптің ойларын қуаттайтын мә­ліметтер жетерлік. Сондықтан бұл – елімізде мем­лекеттік және жергілікті басқару сала­сын­да, кадр даярлау мен саяси және идео­логиялық мәселеде бірінші кезекте оқылып, қолданылуы керек нұсқаулық кітап. Арғы-бергі тарихымызда мұндай идеяны дәл осы­лай нақты көтерген еңбек жоқтың қасы де­у­ге болады. Сондықтан бұл кітап мем­ле­ке­ті­міз­дің тарихын он ғасырдан да әріге апара­ды. Бұл мақалада тақырыпты тереңірек зерттеу үшін «Құтадғу біліктің» түпнұсқа мәтіндері (Ферғана және Каир варианттары) мен 1947 жылы Түркия ғалымы Р.Арат жасаған ла­тын әрпіндегі транскрипциясы қаралды. Сон­дай-ақ жолма-жол мағыналық аудармасы жа­са­лып, ол тақырыпты зерттеуде негізге алын­­ды.


Мемлекет құрамындағы кіші ордалардың бас­шысы жаны таза, қанағатшыл, Құдайдан қор­қатын, халыққа қайырымы мол, жомарт, бі­лімді, ақылды, іскер, батыр адам болу ке­рек. Оның мемлекет басшысына адал қызмет етіп, жанашыр болуы айтылады. Елге әділ заң орнату және мемлекет, облыс, қаланы әділ басқару – басшыларға ең басты талап ре­тінде қойылады.

             Кітаптың атауына қатысты пікірталас


      Айта кету керек, ХХ ғасырдың басында әлем­дік түрколог ғалымдар арасында кітап­тың атауына қатысты ғылыми пікірталас бол­ды. А.Кононов «Благодатное знание» ат­ты кітаптағы мақаласында ол туралы кеңі­нен түсіндіреді. Сондай-ақ бұл мәселе 1825 жылдан бергі әлемдік түрколог ғалымдардың ең­бегінде айтылған. Сондықтан «Құтадғу бі­лік» сөзінің этимологиясы мен семанти­ка­сына тоқталмай, кітаптың ішкі мазмұнына, онда не туралы жазылғанына тоқталуды жөн көр­дік. Сол арқылы мың жыл бұрын баба­лары­мыз құрған мемлекетіміздің құрылымы қан­дай болғанын, оны қалай басқарғанын зер­делейміз. Міне, осы сәтте ғана кітаптың маз­мұны жалпы білім емес, билік туралы бі­лім екенін аңғарамыз.                        .
     «Құтадғу білікте» көтерілген мәселелер. Жү­сіп Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегі бү­гінгі тілмен айтқанда, Президент пен Пре­мьер-министрдің сұхбатынан құралған. Ал кітаптағы сұхбатқа дейінгі дін, білім, ғылым, адам­ның қадір-қасиеті және ізгілік қылудың пай­далары туралы бөлімдер негізгі туындыға дейін­гі кіріспе ғана. Әрбір шығарманы Алла­ға мадақ, Пайғамбарға салауат айтып бастап, адам­ды ізгілікке тәрбиелеу үшін насихат айту – сол кездегі қалыптасқан дәстүр. Яғни, жы­рау­лар дастан жырламас бұрын халықтың назарын өзіне аударып, шабыт шақыру үшін әуелі жыр бастау, терме, толғау стилінде бір­қа­тар туындылар орындағаны секілді. Бұл да сол үрдістің көрінісі және оның кіріспе мен қо­рытынды бөлімі «Құтадғу біліктің» 7,7% ға­на құрайды. Қалған 92,3 пайызы мемлекеттік би­лік тақырыбын көтерген шығарманың өзі. Яғ­ни, ел басқару, әділдік орнату, сауатты қо­ғам қалыптастыру, ең маңыздысы – мемле­кет­ті ізгілендіру мәселелерін көтерген бәйіт­тер.
Мемлекет басқарудың заңдылығы. Туын­дыда Мемлекет басшысы Күнтуды Еліг пен оның Бас уәзірі Айтолды сұхбат барысында ел басқарудың заңдылықтары жөнінде әң­гіме өрбітеді. Мәңгілік ел болу үшін әділ заң ор­нату мен елді әділдікпен басқаруға басым­дық беріп, халықтың жағдайын жақсартуды қозғайды.
Заң алдында барлық адам тең болу керек де­ген ой айтады. Сондай-ақ билеушінің ха­лық алдында орындауы тиіс негізгі мынадай үш міндеті бар дейді.
Біріншісі, мемлекетте ақша (күміс) таза бол­сын; әй, білімі көп кісі, жалған ақша жа­сал­мауын қадағала. Екінші, халыққа әділ заң орнат; бірінің екіншісіне күш көрсетуіне жол бер­ме, қорға. Үшінші, барлық жолдарды қауіп­­сіз қыл; қарақшылар мен тонау­шы­лар­дан тазала.                                           .
     Мұнан кейін халықтың көзқарасы мем­ле­кеттің ұстанып отырған саясатымен бірдей болу керегі айтылады. Яғни, мәңгілік ел болу үшін халық пен басшы бір ұстанымда болу керек. Мемлекет басшысының халық ал­дындағы міндеті секілді халықтың да оның ал­дындағы үш міндеті бар дейді.
Біріншіден, жарлығыңды құрметтесін; ол қан­дай болса да, орындасын.     Екіншіден, қа­з­ы­наға төлейтін салықтан бас тартпасын; уа­қытылы төлесін, әр жомарт адам. Үшін­ші­ден, дұшпаныңды дұшпан деп білсін; досың­ды дос деп танысын.
      Бірінші міндет «Хан жарлығы екі болмай­ды» деген аталы сөз ретінде сан ғасырлардан бері халқымыздың қағидасына айналғаны жа­сырын емес. Ал үшінші міндет Шалкиіз жы­раудың Би Темірге айтқан толғауында «Са­ған дұшпан – маған жау» деп кездеседі. «Құ­тадғу біліктің» айтуына қарағанда, мем­лекеттің маңызды істерінде басшыға адал, елге пайдалы, мемлекетке жаны ашитын қай­раткер тұлғалар құрметтелген. Сұхбат ба­ры­сында Бас уәзір әміршіге сондай пайдалы кі­сілермен ғана араласуға кеңес береді. Билікке қарсы пікір қалыптастырып, елді бү­лікке бастайтын, мемлекетке зияны көп кі­сілерді елден аластату керегін сөз етеді.                        .
      Шығармада мемлекеттің сол кездегі бас­шысы былайша сипатталады: «әділ, шын­шыл, тура, мінезі жұмсақ, білімді, ақылды, па­ра­сат­ты, көзі ашық, көкірегі ояу, кеңпейіл, мәрт, батыр, жауына қатал» (405-418 бәйіт­­тер). Оның мемлекетті әділдікпен бас­қарғаны айтылады және сол кезеңдегі ма­мыражай, бе­рекелі, бейбіт уақытты «бөрі мен қозы қа­тар жайылған» деп суреттейді.
Баласағұн қаласы – Қарахан мемле­ке­ті­нің батысындағы, ал Қашқар шаһары – шы­ғы­сындағы қос ордасы, яғни қос астанасы еке­­ні тарихтан белгілі. Ордада хан сарайы ор­­наласқан. Онда ханның отыратын тағы үш аяқ­ты және күміспен күптелген деп сурет­те­ле­ді.                                          .
Тақ күміспен күптелген; бұл тақтың аяғы үш бөлек тұрады (771-бәйіт, ауд. Б.Н.).
     Хан мемлекетті әр саладағы жауапты қыз­меткерлері, яғни уәзірлері мен бектері жә­не сарай қызметкерлері арқылы басқара­ды. Мемлекеттегі жоғары билік лауазымдары рет-ретімен айтылған. Оларды дәрежелеріне қарай еліміздегі қазіргі лауазымдарымен салыстырғанда төмендегідей:


– Еліг (Елбасы, Президент)
– Ұлық Хажып (Бас уәзір, Премьер-ми­нистр)
– Уәзірлер (министрлер)
– Беклер (облыс, қала, аудан әкімдері)
– Сүбашы (Әскербасы, Қорғаныс ми­нист­рі, Ішкі істер министрі)
– Капык башлар ер (Сарай әмірі, Пре­зи­дент Әкімшілігінің жетекшісі)
– Иалвачлар немесе Елшілер (Сыртқы іс­тер министрлігі, елшілер)
– Бітікші, ылымға (Хатшы, жылнамашы, Кеңсе қызметкерлері)
– Ағыжы (Қазынашы, қаржы және эко­но­­мика министрі).

     Еліг (Елбасы). Еліг пен Бас уәзір сұхбат ба­­рысында Қағанаттың билеушісі және оның құрамындағы кіші ордалардың (қа­зіргіше айтқанда облыстар мен аудандардың) бас­шылары қандай болу керегі айтылады. Олар­дың болмысы, мінез-құлқы, сырт кел­беті, білімі, қабілеті және оның атқаратын қыз­меті мен міндеттері баяндалады.
 

Облыс және кент (қала) басқарған би­леу­ші­нің мінезі ізгі, қайырымы өте мол болу ке­рек. Ол елді қайғыдан арылтсын (1981-бәйіт, ауд. Б.Н.).
Бек болған адам қанағатшыл, ұятты және жү­зі жайдары болу керек; оның сөзі мен мі­не­зі ашық әрі жарқын болсын (2000-бәйіт, ауд. Б.Н.).
Мемлекет құрамындағы кіші ордалардың бас­шысы жаны таза, қанағатшыл, Құдайдан қор­қатын, халыққа қайырымы мол, жомарт, бі­лімді, ақылды, іскер, батыр адам болу ке­рек. Оның мемлекет басшысына адал қызмет етіп, жанашыр болуы айтылады. Елге әділ заң орнату және мемлекет, облыс, қаланы әділ басқару – басшыларға ең басты талап ре­тінде қойылады.
Заңмен мемлекет жанданып, әлем түзе­ле­ді; зұлымдықтан мемлекет тозып, әлем бұ­зы­лады (2034-бәйіт, ауд. Б.Н.).                                         .
Мемлекеттің бүтіндігі, тыныштығы және бо­лашағының баянды болуы екі нәрсеге бай­ланысты. Ол бәйітте былай делінеді.                                      .
Бірі – халыққа тиесілі болған заң, бірі – мем­­лекет қызметкерлеріне үлестірілетін ең­бе­кақы.                                 .
Заңның саясында халық қуанышты өмір сүр­сін; еңбекақысын көріп, мемлекет қыз­мет­керлері жадырап жүрсін.                                        .
Бұл екі қауым басшыдан бақыт тапса, мем­­­­лекет билігі реттеледі, Басшысы да бақыт та­бады (2133-2135 бәйіттер, ауд. Б.Н.).                                   .
Бас уәзір (Премьер-министр). Бас уәзір мем­лекет басынан кейінгі лауазым және оған ең жақын тұлға екені айтылады. Ол адами ізгі қа­сиеттерге бай, ең кемел адам болу керек.                                              .
«Тегі асыл, мінезі көркем, ізгі болса, ха­лық­қа пайдалы болып, күні мен айын оңы­нан туғызса» делінеді (2437-бәйіт, ауд. Б.Н.).                               .
Бас уәзірге әуелі мына он нәрсе керек; қы­рағы көз, сақ құлақ, кең көңіл керек. Жүзі, киім киісі, бойы, тілі, түсінігі, ақылы, білімі, мі­незі де дұрыс болсын (2487-2488 бәйіттер, ауд.Б.Н.). (бәйіт, ауд. Б.Н.).                            .
Бойында осы он жақсы қасиет болған кі­сіні Бас уәзір етіп тағайындауға болады деп тұжырым жасайды. Ол халықтың мұң-мұқтажын тыңдасын, зұлымдыққа ұшырап, әділ­дік сұрағандардың тілегін орындасын және халықтың әл-ауқатын жақсартсын дей­ді. Жүсіптің айтуынша, Мемлекет бас­шы­сының абырой-беделі Бас уәзірге тікелей қа­­­тысты. Елбасының жақсы аты шықса да, жа­ман аты шықса да, ол – Бас уәзірдің жаса­ған ісінің нәтижесі. Сол себепті, оның жауап­кершілігі жоғары.


     Біріншіден, Ел басшысының сөзін берік ұс­тану керек; Екіншіден, жеке пікірі (ам­би­ция­сы) мен ақылын тізгіндеу керек. Үшін­ші­ден, Ел басшысының алдына кіргенде өзін дұ­рыс ұстай білсін, артық ауыз сөз айтпасын. Па­ра алма­сын, жүктелген барлық жұмысты жа­сасын; Елба­сыдан жырақтаған ізгі кісі­лерді жақын­дат­сын (2504-2506 бәйіттер, ауд. Б.Н.). Одан кейін Бас уәзір жалған сөз сөйле­меуі және дұрыс жолдан тайдыратын теріс мі­незді болмауы керек. Ең маңыздысы, ол мем­лекетке және мемлекет басшысына қар­сы әрекет етпеу керегі баса айтылады. Бұл мә­селеде ертедегі түрік қағандарының тәжі­ри­бесін мысалға келтіре отырып, мемле­кет­тің тұтастығын сақтауға көңіл бөледі.
      Сарай әміршісі (Президент әкімшілігі же­текшісі). Мемлекет басшысы отырған са­райдың әміршісі туралы айтылады. Оның бол­мысы, ақылы, білімі, мінезі, қабілеті мен сырт­қы келбетінен бастап, мемлекет алдын­дағы атқаратын міндеті, билік құзыреті және халық алдындағы хақысы баяндалады.
Сарай әміршісі мемлекет басшысына жа­ны ашитын, бауырмал және жан-тәнімен адал қызмет ететін болуы керек (2529-бәйіт, ауд. Б.Н.).
Бірі – азат рухты Бас уәзір; бірі – іскер, пай­далы Сарай әміршісі. Бұл екі кісімен хан са­райының ісі реттеледі және мемлекет бас­шысының аты ұлықталып баршаға жайылады (2555-2556 бәйіттер, ауд. Б.Н.).
«Құтадғу білікте» айтылғандай, хан са­райында қызмет ететін әртүрлі лауазым ие­лері жетерлік. Айталық, ханның сөзін жазу­шы хатшы-жылнамашы, мөр басушы, туға жауап­ты тұлға, ханның жеке күзеті, оның ішін­де садақшы, найзагер, құсшы деген се­кілді қызметтер. Одан бөлек ханның аспазы, ыдысшы мен төсек салушысы да бар. Сарай әмірі бұлардың барлығының жағдайын біліп, берілген тапсырмасы бойынша қадағалап, олар­дың қызмет ақысын төлеумен қатар, жақ­сы мәміледе болуы керек. Осы мәлі­мет­терге қарап Қарахан мемлекеті тұсында са­рай қызметі едәуір жетілген деуге болады.
Уәзірлер (Министрлер). Қазақ халық ауыз әдебиетінде ханның қырық уәзірі бол­ғаны туралы деректер көптеп кездеседі. Олар хан­ның халық арасынан шыққан ақылшы, кеңесшілері әрі әр рудың көсемі, рубасылар еке­ні даусыз. «Құтадғу білікте» осы уәзір­лер­дің (қазіргіше министрлердің) сипатын ай­тады. «Уәзір – бектің қолы» дейді, сондық­тан ол текті, өнегелі отбасыдан шыққан тәр­­­биелі, қанағатшыл, арлы, ұятты, Құдайдан қор­қатын, әділ, ханға жанашыр, адал болуы керек. Ақылымен қатар, оқу-жазу мен есепке жүй­рік, терең білімді болуы тиіс.                                                      .
     Бұл жақсы қасиеттер мен білім кімде бол­са, ел басшысы уәзірлікті оған беруіне болады. Бұл секілді кісі билеушіге уәзір болса, би­леу­шімен бірге халық нағыз бақытқа қауы­ша­ды. Елба­сының ісі қалағанындай түгел жүзеге асады, мем­лекет дамиды және халық байиды. Уәзір мемлекетке пайдасыз, жауыз болса, ол мем­лекеттің халқы, тіпті кедейі мен байы да бұ­зылады (2238-2241 бәйіттер, ауд. Б.Н.).                            .
Уәзір болған адам ашкөз, тойымсыз, мейі­рімсіз, сараң, ашушаң, сабырсыз, ұй­қы­шыл, ақылы таяз, білімсіз надан болмауы тиіс. Сабырсыздық пен қырсық мінезден де алыс болуға міндетті.                                           .
Әскербасы. Билеуші мен Бас уәзірдің сұх­баты барысында көне түрік халықтары­ның со­ғыс өнері мен айла-тәсілдері баяндалып, әс­кербасының сипаттары айтылады. Ол кә­сіби тұрғыдан соғыс өнерін жетік меңгерген, тә­жірибелі, ержүрек батыр болуы керек. Бол­мысы қарапайым, тәкап­пар емес, жомарт, дас­тарқаны кең болып, әскеріне көптеп мал-дүние үлестірсін дейді.
Жегізсе, ішкізсе, киім кигізсе; олжадан олар­­ға ат, ер-тоқым, (күң және құл ретінде) ұл, қыз тарту етсін (2280-бәйіт, ауд. Б.Н.).                                                     .
Мемлекет басшысының намысы үшін әс­кер­басы намысты болу керек; өшін алған­ша жауымен қарсыласады (2290-бәйіт, ауд. Б.Н.).                           .                                                     
Жараланғандар болса, оларды емдет; тұт­қын­­­ға түскендер болса, барып құтқар (2402-бәйіт, ауд. Б.Н.).                                                                .
Егер өлгендер болса, арулап жерле; ар­тын­да қалған ұл-қызы болса, оларға қақысын бер (2403-бәйіт, ауд. Б.Н.).                                                        .
Жоғарыда келтірілген бәйіттерде әс­кер­ба­­сының бойындағы адамгершілік қасиеттері ай­­тылған. Ол өз әскерінің барлық жағдайын жа­­сап, олжадан үлестіреді. Жараланғанын ем­­деп, дүниеден өткен сарбаздың отбасына қам­­қор болады. Тіпті тұтқынға түскен жау­лар­дың өзіне тамақ беріп, жылы қарайды.
Елшілер. Өзге елдерге барып, мем­ле­ке­та­ра­лық мәселелерді реттеуші елшілердің қыз­меті өте маңызды саналған. Кітапта ел­шінің тұл­ғалық болмысынан бастап, ақылы, бі­лімі, қа­білеті, мінезі және мемлекет үшін ат­қара­тын қызметі сөз болады.                                  .
Елшілікке халық арасындағы таңдаулы, бі­­лімді, ақылды, таза және батыр кісі керек (2597-бәйіт, ауд. Б.Н.).                                                (жалғасы бар)

Сейіт Қасқабасов, ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор
 

Бекарыс Нұриманов, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 
PhD докторанты

 

Айқын газеті

 

 

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны