«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Қазақта қанша Көтібар батыр болған?
Қазақта қанша Көтібар батыр болған?
Дайындаған: 2 ай бұрын

      Көтібар Бәсенұлы (1752-1833) Әлім тайпасының Шекті руынан шыққан батыр. Жайықтың орыс-казактары қазақ ауылдарына тонаушылық жорықтар жасағанда шағын жасағымен 1780-1785 жылдары қарсы шығып, өздерінің бекіністеріне дейін қуып тастап отырған. 1798-1816 жылдары Қабақ руының старшыны болған, 1787-1818 жылдары Адай, Шекті, Шөмекей, Табын, Тама руларына қарсы басқыншылық жорықтар жасаған Хиуалықтар мен түрікмендерге қарсы ұлт-азаттық күрестің басшысы болған.

      1833 жылы патша үкіметі мен қазақ шенеуніктері Жағалбайлылар мен Шектілер арасына әдейі арандату ұйымдастырып, жаланы Көтібатыр батырға жабады. Берсігүр тауы маңында Жанқасқа батырдың қалың қолымен болған шайқаста қаза табады. Батырдың денесі Мұғалжар ауданындағы Көктөбеге арулап жерленеді. Көтібар батырдың бейнесі М.Әуезовтың «Айман-Шолпан» пьесасында басты кейіпкер ретінде көрініс тапты. Көтібардың жеті баласы болған, ең үлкені бізге таныс – Есет батыр.

       Есет батыр Көтібарұлы (1803-1888) Есет батыр бастаған көтеріліс 1838 жылы Жоламан батырмен бірге орыстардың Елек бекінісіне шабуылымен басталады. 1847-1848 жылдары өзіміздің Жанқожа батырмен бірігіп Хиуа мен Қоқан басқыншыларына қарсы жорықтарға қатысты. Есет батыр 20 жыл бойы орыстардың озбырлығына қарсы күресті тоқтатпады. Орыс үкіметіне қазақтардың әр шаңырағынан алынатын түтін салықты жоюды, әскери экспедицияларды жабдықтау үшін жылқы мен түйелерді тартып алуды, қазақ ауылдарына жазалаушы әскерді жіберуді тоқтатуды, жайылымдық жерлердің қазақ жерлері екендігін айтып пайдалануға еркіндік беруді талап етті. Қазақтарды қанауға патша үкіметіне көмектескен Арсылан сұлтанды жандайшаптарымен қоса өлтірді. Патша үкіметі Орынбор генерал-губернаторы кіші жүз сұлтаны Арыстан Жантөринге Есет батырды ұстап әкелуге тапсырма береді. Алайда, Есет батыр сарбаздарымен түнде тұтқиылдан лагерьге шабуыл жасап, Арыстан Жантөринді қазақ билеушілерімен қоса түгел қырып салады.

      1858 жылы көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін, күші басым Ресейге қарсы тұра алмай сарбаздарымен партизандық соғысты тоқтатпайды. Патша үкіметі де Есет батырды қолға түсіре алмайтынын біліп, бейбітшілік келісімге шақырады, батыр келісімді қабылдап, бағынуға мәжбүр болады.

      Патша тарапынан Есет батырға да құрмет көрсетіліп, Шәміл имамға кешірім жасағандай кешірім беріледі. Патшаның өзі дала батыры Есет пен тау халқының батыры Шәмілді жеңе алмайтының біліп, осындай келісімге барған еді. 1861-1879 жылдары әкесі Көтібар сияқты Қабақ руының старшыны болды. 1873 жылы Ресейдің Хиуаға жасаған жорығына қатысып алтын медальмен мараппаталды. (сол кездегі фотосы осы күнге дейін жетті). 1888 жылы қайтыс болған соң, Шалқар ауданындағы «Шолақ жидеде» жерленген.

      Кіші жүздің он екі ата Байұлынан тарайтын іргелі аталығының бірі Жаппас. Осы Жаппас аталығының бір баласы Жылкелдіден-Сары, Қонақбай, Тоқай, Есмұрат деген төрт бала туады. Тоқайдан-Өмеке, Өмекеден-Байғара, Құланшы, Көрпе, Асан, Үсен, Мойнақ деген алты бала туады. Көтібар Итаяқұлы осы Мойнақ руынан өрбиді.

      Көтібар Итаяқұлы (1825-1895) Қоқан бектерінің озбырлығына қарсы Сыр халқының басын біріктірген батыр қолбасшы. Генерал-губернатор Колпаковскийдің әскері құрамында болып Ақмешіт бекінісін қоқандықтардан азат етудегі ерлігі ескеріліп, «Жүзбасы» деген офицерлік шені берілген. Көтібардың баласы Әли қазақтан шыққан тұңғыш жоғары білімді дәрігер.

      Әли Көтібатыров 1871 жылы дүниеге келген. Қызылорда облысындағы Шиелі ауданындағы «Жөлек» станциясындағы орыс—қазақ мектебін үздік бітіргесін, Ташкенттегі медициналық гимназияға түсіп, оны да үздік бітіреді. Келешегінен үлкен үміт күткен гимназия басшылары Әлиге Санкт-Петербургтегі әйгілі жоғары әскери-медициналық академияға жолдама береді. 1896 жылы академияны бітірген соң, Ресей үкіметі тарапынан академиядағы оқуына төлеген қаржыны өтеу үшін, бес жыл патша армиясында дәрігер болады. Азамат соғысы жылдарында большевиктер жағына шығып, атақты Черкасск қорғанысына қатысып, мыңдаған жауынгерлерді аман алып қалған батыр қазақ.

      Әли Көтібаров 1925 жылы 54 жасында қайтыс балған. Сүйегі Қызылорда облысындағы «Шіркейлі» ауылы маңындағы «Көтібар мұнарасы» маңындағы қорымға жерленеді. Көтібар батыр бұл мұнараны әкесі Итаяқтың құрметіне салған, кейін өзі де осы жерге жерленген соң «Көтібар мұнарасы» атанып кеткен. Мұнара 1982 жылдан бастап мемлекет қорғауына алынған. 1999 жылы Қызылорда қаласынан Әли Көтібаровқа көше берілді, алайда «дәрігер Әли» деп жазылған, сонда тегін Көтібаров деп жазуға ұят деген шығар. Қазақ халқында «Ұлы сөзде ұят жоқ» деген сөз бар емес пе?

      Қазақтар баласы отбасында тұрмай жүргендіктен, жаңа туған сәбиге ырым етіп Итбай, Итжемес, Итемген, Сарыкөт, Боқкөт тағы басқа есімдерді қойған. Керек десеңіз, Сыр өңірінде түркі еліне әйгілі Мәдіқожа өмір сүрген. Оның Қожжан, Қылыш, Пірзада, Бақмұхаммед деген төрт ұлы болған. Соңғы үш ұлының зираты Сырдария ауданындағы «Жетікөл» мен «Айдарлы» ауылының аралығында. Мен «Айдарлыдағы қайын жұртыма барғанда, Пірзадақожаның тылсым кереметіне байланысты «Көті мылтық әулие» аталып кеткенің естігенде күлгенмін. Ол кезде жас болғандықтан шығар, бертін келе «Айдарлыға» барғанда ауылдың абыз ақсақалы, менің қайын атамның ағасы 85-тегі Рүстембекұлы Асаннан сұрағанымда: «Пірзадақожа ХIV ғасырда өмір сүрген. Қаратау бөктеріндегі елге парсылар қауіп төндіргенде, халық Пірзада әулиеге жүгінеді. Әулие дәрет алатын құманындағы суды жау жаққа қарай үш рет бүркіп: «алды тұман, тас қараңғы болсын, арты жарық болсын» деп дұға қылыпты. Сонда жау көруден қалып, алға жүруге қорқып, кейін шегінген екен. Осыдан кейін жас әулиенің жеңгелері: «қайнымыз дамбалын шешіп, жел шығарғасын даланы тұман басып, тұңшыққан жау қаша жөнеліпті» деп, қайнысын «Көті мылтық әулие» деп атап кетіпті» деген болатын. Неде болса, қазақ өз батырын жырға қосып, ерлігін әсерлететін ежелден келе жатқан кең пейіл халық қой.

 

Бақытжан Абдул-Түменбаев, тарих пәні мұғалімі

                                                             Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны