Аты жөні | Статус | Лауазымы | Э-почта | Телефон |
Алдамжаров Ғазиз | Қоғам қайраткері, саясаткер | Алқа төрағасы | ||
Дүйсембі Болат | Қоғам қайраткері, ақын, публицист | Алқа төрағасының орынбасары | ||
Қойшыбаев Бейбіт | Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы | Алқа төрағасының орынбасары | ||
Бәкірұлы Әбдірашит | Қоғам қайраткері, философ-публицист | Алқа мүшесі | ||
Аңсатов Сәдуақас | Саясаттанушы | Алқа мүшесі | ||
Шаяхмет Ақылбек | Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі | Алқа мүшесі | ||
Арман Қани | Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері | Алқа мүшесі |
![]() |
(USD) | //-// | ![]() |
(EUR) | //-// |
![]() |
(RUB) | //-// | ![]() |
(CNY) | //-// |
САЙТТЫҢ РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚАСЫ
![]() |
|
Ашамайлы Керей Толыбайсыншыұлы Қожаберген жырау туралы
Дайындаған: 1 ай бұрын
![]()
Қожаберген өзiне дейінгi қазақтың ақын-жырауларының өлең жырларын, медереселерде оқып жүргенде шығыстың жетi жұлдызы атанған Жәми, Низами, Науаи, Фузули, Фирдауси, Сағди, Рудаки шығармаларын оқып-жаттап, солардан нәр алыпты. Сонымен бiрге ол ертеде өткен Рашид ад-Дин, Мырза Хайдар Дулати, Қадырғали Жалаири және өзiнен аз бұрын өткен Әбiлғазы баһадұр хан сияқты бiлiмпаздардың жазып қалдырған шежiрелерiмен таныс болыпты. Сондай-ақ, ол тастағы ескi жазуларды да оқи алады екен әрi оған көп мән берiптi. Бұл айтылғандарына оның “Ата тек”, “Баба тiл” дастандары толық дәлел бола алады.
Сондай-ақ, Қожаберген ақын сол “Ата тек” дастанында қазаққа жататын тайпаларды Алаштан шығарады:
Алаштан әрi Өгiз бар,
Өгiз түрiк iшiнде,
Қожаберген жыраудың (1663-1763) "Баба тіл" атты дастанында:
1. Шыңғыс ханнан көп бұрын,
2. Аннас тархан бабамыз,
3. Алаштан әрі Өгіз бар
4. Тұран шыққан Түріктен,
Қожаберген жырау Толыбай сыншы ұлы «Ата тек» шежіре дастанында қазақ халқының әуелгі ата-баба жері – Алтай тауы аймағы екендігі «Ата тек» дастанында былай жазылыпты:
Мекендеп қалың өгіз өр Алтайды,
Алтай тау – қазақ атам бесігі еді,
Алды оның Орал тауға қашып өткен.
Сол күннен Сібір болған Керей жері,
Атанған бабам Ғали Ашамайлы,
Ішінде Ашамайлы – Керей Көшебемін,
Қалмақтың қамалдарын бұзған талай,
Алаштың алты ұлының бірі-қазақ,
Атыма көптен қанық қазақ, ноғай, Кожаберген жыраудың әкесі Толыбайсыншы қолбасшы–батыр, жасы ұлғайған кезінде өзінің орнына үш жүздің және ноғай, қарақалпақ әскерлеріне Ордабасылыққа Керей Бөгенбай сардар сайланады. Қазақ тарихында бірінші Бөгенбай батыр атанған. Бөгенбай Маянбайұлы 1668–1708 жылдар аралығында өмір сүрген. Көшебе Керей Бөгенбай батыр Маянбайұлы ордабасы сайлаған 1668-1688 жылдары,жиырма жыл бойы қазақ, ноғай, қарақалпақ қалың қолын басқарып, Сібір татары елдерін сыртқы жауларынан қорғаған Орасан ерліктер жасап, қошеметке иеленеді. Бұл Бөгенбайдың ерліктерін кезінде Қожаберген жырау мен Дәстем сал жырласа, кейін Керей Жанкісі жырау Көшекұлы ( 1734-1817 жылдары өмір сүрген ) Ол «Керей Бөгенбай батыр» атты ұзақ дастан шығарған. Алайда, бірінші Бөгенбай баһадүр 1688 жылы (Ұлу жылы) көктемде қалмақтармен соғыста жеңіске жетеді. Ол осы соғыста ауыр жараланады. Орнына ордабасылыққа Қожаберген аға сардар сайланады. Қожаберген баһадүр Ордабасы болып 1688 жылдан 1710 жылға дейін 22 жыл бойы қазақ, ноғай, қарқалпақ халықтарының біріккен жасақтарына әскербасылық қызметін атқарады. Еліміздің солтүстігінен шапқыншылық жасған сыртқы жауларумен соғыстарда сәтті жеңістерге жетіп отырған. Ордабасы атағын алған әскери қайраткер болған. Қожаберген баһадүр 1710 жылдың жазында өз шәкірттерінің бірі–жас батыр Қанжығалы Арғын Бөгенбай Ақшаұлының батырлық өнерінің ерекшелігіне ықыласы түседі. Орта жасқа келген Қожаберген баһадүр Әз-Тәуке ханға өзін ордабасылықтан босатуын өтінеді. Орнына һас батыр шәкірті Қанжығалы Бөгенбай Ақшаұлын ұсынады. Қазақ хандығының астанасы–Түркістан шаһарына қазақ билерін, бектерін, батырларын шақырып, қыркүйек айының басында ордабасы сайлауға құрылтай өткізеді. Онда жиналған билер, бектер, батырлар, сұлтандар Қожаберген баһадүрді ордабасылық міндетінен босатуға қарсылық білдіреді. Өйткені, Қожаберген баһадүр, әскербасы елге жайлы, ақылды-парасатты, әрі батыр, әрі соғыстың айла-тәсілін өте жақсы білетін теңдессіз сардар екенін алға тартады. Ақыры ордабасы сайлауына қатысушылар келісім беріп, бас сардарлықтан өз тілегі бойынша Қожабергенді босатады. Ол ұсыныс жасап, өз орнына сүйікті сарбаз-шәкіртінің бірі Бөгенбай батыр Ақшаұлын қазақ, ноғай, қарақалпақ біріккен әскеріне бас қолбасшы етіп сайлатып, ақ батасын береді. (Қазақ тарихында екінші Бөгенбай батыр атанған – Бөгенбай Ақшаұлы). Әз Тәуке хан Қожаберген сардар-ақынды әскербасылық қызметінен мүлдем босатпайды. Керей-Уақ пен Сібір татары елінің біріккен жасағына ордабасы сайлатады. Сонымен бірге, Қожаберген ордабасының жасы ұлғайған ағасы Қарбас сардар өзінің орнына Орта жүз Керей-Уақ елдеріне көсем етіп сайлайды Сүйтіп, батыр-жырау Қожаберген Толыбайсыншыұлы әскербасы міндетін 1710-1723 жылдар аралығында Орта жүз Керей-Уақ елдеріне және Сібір татарының Барабы руына басшылық қылады. Қожаберген жырау да әкесі Толыбай сыншыға ұқсаған аса өнерпаз, һас батыр, туған халқына адал қызмет еткен, үмітін ақтаған белгілі мемлекет қайраткері болған екен. Толыбайсыншы Дәуленұлының анасы Жамал Самарканд уалаятын билеп-төстеген Кіші жүз Алшын ішінде алты аталы Әлімұлының Төртқара елінен шыққан әйгілі ордабасы Жалаңтөс баһадүр Сейітқұлұлының (1576 – 1656 жылдары өмір сүрген) туған апасы екен. Толыбайсыншы өзінің Майлы, Өтежан, Өтеген, Өтебай, Өтегелді, Қарабас, Тобыш, Барқыт, Қожаберген сынды он ұлы нағашылары Ақша би мен Жалаңтөс баһадүр Сейітқұлұлына балаларын апарып береді. Олар Самарқанд пен Бұхара шаһарларында жоғары дәрежелі діни білім ордаларында оқиды. Толыбай Дәуленұлының он баласы діни дәрежеде білім алумен қатар араб, парсы, көне түркі (шағатай) тілдерін үйреніп, сол оқу орындарын өте жақсы тәмамдаған екен.
Әнуарбек Ералы, Астана қаласы «Тіл және мәдениет» қоғамының
Aqsaqaldar.kz
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
|
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
![]()
Соңғы пікірлер
|