«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Ишан атауы кімдерге берілген?
Ишан атауы кімдерге берілген?
Дайындаған: 2 ай бұрын

Кешегі Әбдіжаппар деген жігіт ишандардың бәрін қожадан шыққандай қылып сөйлеп, әлеуметтік желінің астан-кестеңін шығарып, елді дауластырып қойды. Сарысу бойындағы Ахмет ишанның найманнан, Сыр бойындағы атақты Марал ишанның керейден, Ойыл бойындағы Досжан ишанның табыннан шыққанын Әбдіжаппарың білмейтін сияқты...

 

                        Ишан атауы кімдерге берілген?

      Иә, кешегі Кеңес үкіметі орнағанға дейін Қазақстанда «ишан» мәртебесін иеленген көптеген дін шырақшылары өмір сүрді. Олардың ахун, муфти, қазы, молда, қаландар және т.б. дін қызметкерлерінен едәуір айырмашылығы бар болатын. Жалпы, дін қызметкерлерінің илеген терісі бір пұшпақ болғанымен, ұстаным тұрғысынан алғанда, олардың қызметтері алуан түрлі еді. Басқа дін қызметкерлеріне қарағанда ишандардың да қоғамдық қызметі өзіндік ерекшелікке ие-тін.

      «Ишан» парсы тілінде «олар» деген мағынаға келеді. Шағатай тілінде «ишан» дегеніміз «әулие» ұғымын білдіретін немесе тариқат көсеміне берілетін атау.

      Задында, сопылық ілімде мухлистің (ықылас иесі) ынта-жігері игерген әрбір рухани хал муталиб, муфтади, уасил, салих, ариф, машайх, қутуб, ғаус және т.б. мақамдармен өлшенеді. Сопылық ілімде адамның эгосын тізгіндеу аса маңызды мақамдардың бірі. Көзге көрінетін һәм көрінбейтін барлық заттар мен денелер, құбылыстар және іс-әрекеттер мен қозғалыстардың түпкі қозғаушысы тылсым әлемнен екенін түйсініп, Жаббар-Хақтың бұйырығынсыз жапырақ екеш жапырақтың сағағынан сырғып жерге түсе алмайтынын (Әнғам 59) жан-дүниесімен сезініп, барлық істі «оларға» (тылсым илаһиятқа) таңып, кішіпейілдік (мутауази) танытушы һәм нәпсімен күрес майданында ілім-білімімен және рухани тәжірибесімен өзгелерге жол көрсете алатын мақам иесі – ишан деп аталады.

      Әуелде, мұсылман әлемінде ихсан ілімі көшбасшысын «шейх» деп атайтын. Парсы халықтары «пір», ал түркілер «ата» немесе «баба» есімін қолданатын. Яғни, фиқһ ілімінің көшбасшыларын муждахит, муфти, фақиһ деп атағаны секілді рухани ілім иелері шейх, абыз, қожа, қутуб, ғаус, пір, мақсұм, баба, ата деп аталушы еді.

      Ал, ишан атауының тарихи-хронологиясына мән берсек, зерттеушілер бұл терминді алғаш рет Бахауаддин Нақышбанди (1318-1389) мен Хожа Ахрарға (1404-1489) қатысты тазкрийа жанрында жазылған әдебиеттерде кездестіретінін айтады. Кейін XVI ғасырдан бастап ишан атауы Орталық Азияда кеңінен қолданысқа ене бастады. Әсіресе, Ясауи және Нақышбанди тариқатының жер-жердегі көшбасшыларын ишан деп атайтын. Мысалы, Ясауи тариқатының Қырғызстанның Ош өңіріндегі көшбасшылары XVIIІ ғасырдан бері ишан деп аталады.

      Ишан – дін жолындағы кім-көрінге берілетін атау емес. Ишан болу үшін арнайы діни мектепте оқып, діни ұстаздан теориялық білім алып, оны тәжірибесімен сабақтастырып, рухани ілімді жан-жақты игеру шарт. Рухани ілімді толық игерген кемел адам ғана ұстазынан иджаза (диплом) алып, ишан атанып, бұл ілімді паш етуге рұқсат алатын. Мысалы, XVIIІ ғасырдың аяғында Ауғанстандағы атақты ғұлама Ислам Шайхтың дәргәһында қазақтан Құлболды, Марал, Қосым, Айқожа атты кісілер оқып, шатыр-хат (иджаза) алып, елге ишан болып оралған.

      Қазақ даласында әр ғасырда қалың елге аты мәшһүр – Мүсірәлі ишан, Қосым ишан, Марал ишан, Айқожа ишан, Аппақ ишан, Ахмет ишан, Әбілақым ишан, Керей ишан, Қожаназар ишан, Тілеулес, Әзілхан ишан, Сүлеймен ишан, Оспан ишан, Өтеп ишан, Ақмырза ишан, Шабар ишан, Досжан ишан және т.б. да көптеген ишандар өмір сүрген. Олардың әрқайсысы сөз жоқ өткен тарихымызда Алаш жұртына рухани қызмет еткен діни тұлғалар болатын. Өкінішке қарай, ХХ ғасырдың басында Кеңес үкіметінің орнауымен дін адамдары қуғындалып, ишандық мектеп ауыр соққыға ұшырады.

Мұхан Исаханғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны