«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Ашаршылық ақиқаты…
Ашаршылық ақиқаты…
Дайындаған: 2 ай бұрын

      Кеше украин халқы Аза күнін атап өтті, ал біз болсақ Ашаршылық ақиқатын әлі күнге дейін аша алмай жүрміз Келесі материалды жүрегі нәзік сезімталдар оқымай-ақ қойсын....

 

      1932-33 жылдары Ресей жеріне ашаршылықтан қашып барған қазақтарды "қайырымды Ресейдің" қалай "құшақ жая" қарсы алғандығы жайлы.

"Ашаршылықтан қашқандар" деп аталатын мұрағаттық жинақтардағы материалдарды оқи отырып Батыс-Сібір өлкесі халқының ауып қалген қазақтарға деген ұлы державалық шовинизмінің айқын куәларын көруге болады. Өзін өркениетті санайтын халық та осындай жасайды екен-ау деп жағаңды ұстайсың, қорқыныш үрей зәреңді алады.

Төменде солардың бірнешеуін келтіріп отырмыз. Жүрегі нәзік, сезімтал адамдар оқымай-ақ қойсын.

      ...10 мамыр 1932 жылы Ключев ауданының Полуямок селосының азаматы бір қазақ еркек пен әйелді ұрған. Оны Красный луч колхозының колхозшылары көрген. Екеуін әбден ұрып-соғып болған соң оларды Қазақ-Лачаг деп аталатын кордон жаққа алып барған. Кордонға жетуге бірнеше шақырым қалғанда екеуін жіп арқанмен байлап бос құдыққа лақтырған, екеуі сол жерде өліп қалған. Өліктердің мәйітін бір жыл өткен соң 1933 жылдың 16 мамырында тапқан.

      ...Дәл осы кездерде 1932 жылдың 13 мамырында Бостан селосының тұрғыны Ельников деген азамат ешқандай негізсіз қазақтар менің сиырымды ұрлап алды деген желеумен осы селода тұратын 16 адам (Богданов, Сухих, Заводских, Летов, Кузнецов Н, Кузнецов М және басқалар) қазақтар қоныстанған жаққа барып Ельников бастаған топ мылтық атқан, сосын қазақтардың тұрған жерін талқандаған, істік ағаштарымен түйреп білгенін істеген. Қазақтардың жетеуін естерінен танғанша ұрып-соғып. Бостан селосына алып келген. Ауылдық сельсоветтің ғимаратына келіп Никита Кузнецов бастаған шовинистер есінен танған қазақтарды тағы да таяқтың астына жыққан. Осылай жұрт алдында ұрып-соғу жасап болған соң оларды бос тұрған үйге қамап тағы да бір күн бойы аяусыз қорлаған, қинаған. Сельсовет мүшелері, партия ұйымының мүшелерінің ешқайсысы бұларың не деп оларға сөз айтпаған. Осы аталған шовинистер тағы бір қазақты - Мұқанның отбасын осылай ұрып соққан. Істік қазық ағашпен кірпішпен, қамшымен ұрып соққан.

      ...Есілкөл ауданында төртінші ауылдың екі қазақтың отбасысы нөмірі он төртінші совхоздан шаруаға жарамсыз саналған бір жылқыны сатып алады. Тиісті құжаттарын жаздырып алған, совхозға ақшасын төлеген, сосын жылқыны сойып алған. Дәл осы кезде, осы уақытта көрші Ночки деревнясында бір ат жоғалады. Орыстың шаруалары атты іздеп қазақтың ауылдарын тінтиді. Жаңағы қазақтардың үйлерінен аттың етін көрген орыс шаруалары жылқымды ұрладың деп өздері сот құрып екі қазақты өлтірген. Бір қазақты отқа өртеген. Мынадай сұмдық қылмысты көріп тұрып жергілікті ауданның басшыларының ешқайсысы ештеңе айтпаған. Милиция басқармасының бастығы Жилин осы мәселе бойынша партия хатшысы Горбуновскийге барғанында мынадай жауап алған: "Террор, қазақтарға қарсы аяусыз жаппай террор болсын. Ана жақта ұрлық, мына жақта тонау - бәрін жасап жатқан қазақтар. Оларды террорлау керек".

      ...1932 жылдың наурыз-сәуір айларында осы ауданда күшпен өлтірілген үш қазақтың өлігі табылған. Осы істі жүргізген тергеуші Степанов аудандық прокурормен, әскери тергеушімен және аудандық милиция басқармасының бастығымен сөйлескенде: "Қазақтардың барлығы оңбағандар, барлығы да қылмыскерлер, істерінің барлығы қылмыс, айқындау мүмкін емес. Олардың барлығын осы кезге дейін атып тастамағандарына әлі күнге дейін өкінемін" деген сөздерді естіген.

      ...1932 жылдың 19 мамырында № 3 совхоздың жұмысшы қазағы Телетаргашев Байжан колхоз егістігінің жанынан өтіп бара жатқан кезінде оны ешқандай негізсіз ұстап алып колхоздың бригадасына жібереді. Ол жақта 20 жуық жас адамдар оны сельсовет жаққа алып барады. Жолда Телетаргашев Байжанды аяусыз соққыға жығып ұрады, мылтықтың дүмімен ұрады, мойнына қамшыны байлап сүйрейді, жоғары көтеріп жерге тастайды.

      ...1932 жылдың 16 ақпанында орыстардың ұлттық жек көрушілік негізінде қазақтарды ұрғандығы жөнінде Алей КК РКИ мынаны хабарлаған: 8 қаңтар күні Алей поселкесінің 5 мас тұрғыны Панюшевоға бара жатқан жолда базардан келе жатқан қазақтарға тиісіп оларды аяусыз ұрған. Сарбасов және Түлімбаев деген екі қазақты ұрып өлтірген.

      ...Ояшы сельсоветінің Воронково поселкесінде екі қазақ қайыр сұрап жүрген. Самокоин дегеннің үйінің қасында төрт жасар бала отырған, қазақтарды көрген бала қорқып жылаған. Баланың дауысына шешесі жүгіріп шығады, айқай көтереді, айқайға жүгіріп келген көршілер ештеңені сұрамай, білмей қазақтарды ұра бастайды. .Сельсоветтің төрағасы Епишев, оның орынбасары, қызметкері ұрып-соғуға қосылып кетеді. Қазақтарды денесіне дақ түспейтіндей етіп ұрады, жоғары көтеріп лақтырып жерге тастайды. Қазақтың біреуі сол жерде өледі, екіншісін учаскелік милицияға тапсырады.

      ...1932 жылдың 15 шілдесінде 4 адамнан тұратын қазақтың отбасы Ново-Алексеевка деревнясынан Ново-Песчановкаға бара жатады. Жолда кетіп бара жатқан кезінде оларды ешқандай негізсіз сиыр ұрладыңдар деп ұстайды. Сосын Изоплит зауытының жұмысшылары мен жергілікті колхозшылар ұстап алып сол жерде аяусыз ұрып соғады. Содан соң қазақтарды Изоплит зауытына алып келіп тағы да ұрып соғады. Соның нәтижесінде қазақтың бір баласы өледі. Үлкендері қорқып қашып кеткен. Қазақтарды ұрып соғуға ВКП (б) мүшесі Н. С. Макаров қатысқан.

      ...1932 жылдың мамыр айының басында Купин ауданының совхоздарының бірінде жергілікті жұмысшылар 30 қазақтың баспанасын керосин құйып өртеп жіберген. Желеуі- қойларға ауру жұқтырады-мыс. Баспанасыз қалған қазақтар жеркепе қазуға мәжбүр болған.

      ...1932 жылдың қыркүйегінде Волчихин ауданының Михайловка селосында мұғалім Тихановский "менің картобымды ұрдалдыңдар" деген айқаймен баса көктеп қазақтардың үйлеріне кіріп Мария деген қазақ әйелдің басын жарған, бір жарым айлық баласын терезеден лақтырып жіберген, бала өліп қалған. Мемлекеттік мұрағаттарда ресми құжаттармен тіркелген осындай орыстың нәсілшілдігі, ксенофобиясы, аштықтан ауып келген қазақтарға деген жек көрушіліктері толып жатыр. Ал құжатталмағандары қаншама десеңші. Бұл айтылып отырған жәйттар аштықтан қашқан бишара қазақтардың басына түскен қияметінің, бейбіт қазақтардың көрген қасіреттерінің бір ғана жыл мезгілінде, 1932 жылдың көктемінің аз ғана сәттерін көрсетеді.

 

      Сол кездегі қазаққа қарсы бағытталған жек көрушілік орыстардың бойынан түгел ақтарылды: Қорлау, тонау, жәбірлеу, кемсіту, өлтіру, тас лақтыру, дискриминациялау жаппай болды. Жаңағы мысалдар бірен-саран болған емес. Орыстың шовинизмі жұмыста, көшеде, базарда, тіпті мемлекеттік мекемелерде де орын алды. Сол кездегі жағдайды шын мәніндегі гуманитарлық апат деуге болады. 30-ы жылдардың басында миллиондаған қазақтар туған даласын тастап тамақ іздеп безіп кетті. Олар алдарында не күтіп тұрғанын білмеді...

Люблин ауданында орыстың ұлыдержавалық мынадай хайуандық шовинизмі болды.

      ...241 совхоздың директорының орынбасары Ткачев егістікті аралап жүріп бір атқа мінгескен үш қазақты көреді. Олардың ортасында бір қап сұлысы бар екен, сірә ұрлап алған болар деп күдіктенген ол үш қазақты ұстап алмақ болады. Бірақ қазақтар қабын лақтырып орманға қашып құтылып кетеді. Хуторға келген Ткачев қасына төрт жұмысшы мен зоотехник Ивановты ертіп түнгі сағат 11 кезінде қашып кеткен қазақтарды іздеуге шығады. Бірнеше сағаттан соң олар қазақтар қоныстанған бір топ үйлерге келеді де олардың барлығын жаппай ұстай бастайды. Үрейі ұшқан қазақтар орманның ішіне қашып тығылып тек үш қазақты ұстап алады. Ткачев пен оның адамдары үш қазақты аяусыз ұрып соғып қолдарын байлап Хлебороб совхозына алып келеді. Мұздай моншаға қамап үш күн тамақсыз ұстайды. Содан кейін оларды № 1 фермаға жібереді, ферма директоры Мигунов та қазақтарды ұрып соғып, заттарын, құжаттарын және 70 рубль ақшасын тартып алады. Қазақтардың қолдарын жіңішке шпагат жіппен қатты байлағандары сонша жіп сүйекке дейін кіріп кетіпті. Мигунов оларды бірін біріне байлап милицияға жібереді. Тергеу барысында мынадай жәй анықталады: Баянов Аским, Касыхут Шахт және Кутехмеров Усар ешқандай ұрлық жайлы ештеңе білмейді, естімеген, өздерін не үшін тұтқындағанын, не үшін ұрғандарынан хабары жоқ екені анықталған. Тергеу барысында РайКК төрағасы Ерохин жолдас қорытындысында жазыпты: "сонымен бірге Ткачев, Мигунов, Ивановтың тарапынан ұлыдержавалық шовинизм анықталды. Мысалы, Мигуновтың айтуынша қазақтардың барлығын ұйымдасқан түрде қуып жіберу керек, себебі оның барлығы ұрылар. Ткачев та осы пікірді ұстанады, "қазақты ұстадың ба, дереу сол жерде атып тастау қажет, оларды түгел қоршап аулау керек"

 

      Дәл осындай жағдайды өзінің баяндау хатында Батыс Сібір өлкесінің прокурорының көмекшісі Иван Глебов 1933 жылдың 23 қыркүйегінде келтірген.

Бригадир Досахметов Кузбастан 1952 жылдың 2 сәуірінде былай деп жазыпты: "Осындай бізге қарсы аяусыз жеккөрініштілік қалыпты ережеге айналып барады: біздің әйелдеріміз көшеге шықты екен, сол заматта оларға тас жауады, қорлау, намыстарына тию басталады. Сибстройпутьтан мұндай масқаралықты тоқтатуды сұраймыз".

      Шовинизмнің ең көп кездесетін жерлері еңбек учаскелері мен совхоздар. Кейбір баяндау хаттардан алынған үзінділерді көрелік:

      ...1933 жылдың 31 желтоқсанында Трансстройдың технигі Кузнецов Степан Трансстройдың жеке столының меңгерушісі Петр Логуновпен бірге азық-түлік карточкаларын таратуға жұмысшылар барагіне келеді. Карточканы бір адам екі рет алмасын деген оймен Кузнецов пен оның тілмашы мөрді кез келген адамға қарияға, жас сәбидің денелерінің барлық жеріне: маңдайына, бетіне, ішіне, қолына т. б. жеріне баса берді Осы әдіспен жүзден астам аз ұлт өкілдеріне таңба басылды. Бұл Трансстройда қазақтардың көпшілігі ат байлайтын қорада тұрып жатты. Күнделікті өмірде оларды "ұры", "құзғын" т. б. деп атайтын еді..

      ...Соңғы айларда Кемеровода таптық жаудың шовинистік шабуылдары байқала бастады. Мысалы, Азотстройда асханада, нан сататын дүкендерде кезекте тұрған қазақтарды ұру жиі кездесетін болды. 30 тамыз күні кешке бір топ шовинистер қолдарында істік таяқтары мен кірпіштері бар, темір жол көпірін салып жатқан жұмысшы қазақтарға шабуыл жасады. Шовинистер қазақтардың шатырларын бұзды төрт отбасының адамдарын таяққа жықты.

      ....Қазақ жұмысшыларды сатты, оларды оңға да, солға да сатып, ауыстырып қорлау тиылмады. Осылар жайлы келесі деректер сөйлейді:

      1) Сибстройпутьтың 1-і учаскесінде 200 жуық қазақтар артық болып шықты. Осыған байланысты және келісім бойынша Гидротранстрест бұл қазақтарды Омскіге жөнелтті. Олар Омскіге келген соң Гидротранспортстройдың бастығы Вамбург оларды өндіріске қабылдаудан бас тартып, маған қазақтардың керегі жоқ деді. Соның нәтижесінде қазақтар отбасыларымен бірге Ертістің жағасында ашық аспанның астында қалды. Сол жерде жеті күн бойы азықсыз,тамақсыз жауын мен қардың астында жатты. Соның нәтижесінде көп адамдар суықтан ауруға шалдығып жеті адам өлді.

      2) Ереснин зауытына келген соң да, жол бойында да қазақтар көптеген қиыншылық жағдайларды бастарынан кешті. Тамақ берілмеді, суық, лас қараңғы баспанаға қамап жатқызды. Келе жатқан жолда олардың көпшілігін суық шалып ауырды. Соған қарамастан қазақтарды зауыт басшлыығы отбасы мүшелерімен бірге еріксіз түрде жіп арқанмен байлап 35-40 градус аяз кезінде 4-5 шақырым жердегі Сибкомбайнға моншаға жуынуға жіберді. Жартылай жалаңаш қазақтар жолда суықтан қатып жаппай құлап қалды. Соның нәтижесінде олар жұмыс істеуге жарамай қалды. Зауыт басшылығы осыны сылтау етіп оларды мүгедектер деп тамақ паегін беруді тоқтатты.

      3) 1932 жылдың желтоқсанында Мотищенск құрылыс учаскесінен 200 қазақты Алексеев орман промхозына берді. Он күн жұмыс істеткеннен соң орман промхозының директоры қазақтар орман кесуге жарамсыз деген желеумен келген жағына қайтармақ болды. Қазақтардың көпшілігінің киімдері жоқ, жартылай жалаңаш болатын. Қазақтарды мал сияқты шанаға тиеп үстіне киізбен жауып оны сыртынан байлап 40 шақырым жерге шанамен жіберді. Желтоқсан айы сол кезде қатты суық болды. Жолда адамдардың барлығын үсік шалды, өлім-жітім жағдайлары орын алды.

Қаңтар айының басында көптеген қазақтың жұмысшылары ешқандай ескертусіз, алынбаған өткен екі-үш айдың еңбек ақысы төленбей жұмыстан шығарылды. Олар сол күннен бастап баспанасыз, нан карточкаларынан айрылды. Сол себептен де олар вокзалдарға, көшелерге, қоқыстардан, кез келген жерлерден тамақ іздеп қаңғыра бастады. .

Мақтаулы орыстың интернационализмі осындай болған...

 

Шыңғыс Бауыржанұлы, ғаламтордағы жазба

 

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны