«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Ресей империясының . . озбырлық саясаты
Ресей империясының . . озбырлық саясаты
Дайындаған: 1 ай бұрын

Ресей империясының қазақ даласындағы жымысқы саясаты төмендегідей: Орыстандыру саясаты ұзақ уақытты қамтыған тарихи науқан еді. Ғасырлар бойғы жүргізген жымысқы саясаттың әсері жойқын болды. Сонымен, қазақ қайтіп орыстандырылды? Осыған байланысты тарих бетіне үңілсек. Ресей  (Көшім хандығын) жаулап алғаннан кейін, көшпелілер өркениетінің қабырғасын сөкті. Сібір хандығының негізін бараб татарлары, арғындар, қыпшақтар, керейлер, уақтар, құраған болатын.
Шығыстан 1723 жылы Жоңғар басқыншылары қазақ елін орасан қырғынға ұшыратты. Бұл қазақ арасында «Ақтабан шұбырында, алқакөл сұлама» (Алакөл болуға тиісті) атанды. Осы үлкен қырғыннан соң қазақ елі бірлігінен айрылып, есеңкіреп, еңсесін көтере алмай қалды.

          Ресей Қазақ елін ХХ ғасырдың басында үш губернияға –
генерел-губернаторлыққа бөлді. Әр губерния екі облыстан алты облыстың басын құрды. 1.Орал мен Торғай облыстары–Орынбор генерел-губернаторлығына, 2.Сырдария мен Жетісу облыстары–Түркістан генерал-губернаторлығына, 3.Ақмола мен Семей облыстары Далалық генерал-губернаторлығына қарады. Осындай үш губернияға бөлінді. Басқа қазақ жерлері Астрахань мен Закаспий әкімшілік-территориялық бөліктерінде де қазақтар жеткілікті болатын. Әкімшілік-территориялық бөліктердің облыстан төменгісі үйез деп аталады. Бір облыс төрт, алты, кейде одан да көп үйездердің басын қосып, үстерінен қарап отырады. Үйездерді болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді де әкімшілік-басқару шоқпарлары халықтың (қазақтың) төбесіне ойнау үшін болыстар мен ауылнайлардың қолына берді. Сонау Петерборда отырған Ақ патшаның бұйрықтары мен жарлықтары осында келіп тіркеліп, осылардың күшімен орындалып жатты.

          Генерал-губернаторлықты әскери адам басқарды. Оның басында әскери атағы бар – генералдар отырды. Сол сияқты облыстарда да, үйездерде де билік әскерилердің қолында болады. Облыстардың губернаторлығына генералдар, үйез бастықтарына полковниктер жоғарыдан тағайындалды. Сондықтан да олар өздерінен жоғарыдағыларға ғана есеп берді. Қазақтарды алдына етпеттеп жатқызып, аяқтарына бас ұрғызып қойды. Қазақтардың мүддесін ескеріп, пікірлерімен санасу былай тұрсын, құлақ түру де ойларында болған жоқ, деп жазды, 1966 жылы Алматыда шыққан «Карательная политика царизма в Казахстане» (Царизмнің Қазақстандағы жазалау саясаты) атты кітабында, тарихшы-ғалым, професор Ғайрат Сапарғалиев. Кітап қай қазақтың болмасын ашу-ызасын тудырады.                                .
Кітабының бірінші тарауы «Колониальная администрация – аппарат угнетения и насилия» (Отаршыл әкімшілік – зорлық пен езіп-жаншу аппараты) деп аталған екен. Ресей империясы өзінің шеткері отар аймақтарында зорлықшыл, қаныпезер үкімет орнатып, жазалау саясатын жүргізіп отыруға мәжбүр болған.

Жазалардың түрлері көп. Ол кінәлі жанды ұрып-соғу, тұщы етіне ащы таяқ салудан бастап, ату, дарға асып өлтіру. Жазаның бұдан да асқан атауы бар екенін біріміз білсек, жүзіміз білмейміз. Атып тасталған, асып өлтірілген адамның артында қалған ұрпағы өсіп, ер жетеді. Орнында бары тез-ақ оңалып кетеді. Біздің көбіміз білмейтін, білгендеріміздің ішінде шемен боп қатып қалған жаза – жазылмайтын жара, айықпайтын дерт отаршыл үкіметтің ата-бабамыздан қалған ең құнарлы жерімізді тартып алуы еді.

Отаршыл үкімет қазақтың жерін тартып алып, есінен тандыра болашағының ырыздығын ортайтып бір жазалаған, шөл мен шөлейт даланы кезе көшіп, малына жайылым, өзіне су іздеп қаңғырып кеткен қазақтарды қудалады, қудалап жүріп жазалаудың жоғарыда аталғандай әлденеше түрлерін ойлап тапқан да, оны табандылықпен жүзеге асырып отыратын қатыгез аппарат құрған.
           «Царизм өзінің отарларында, солардың ішінде Қазақстанда бұдан да қаныпезер полициялық тәртіп орнатты. Далалық облыстар мен Түкістан өлкесін басқаруға арналған заңдылық актілердің бәрін де басынан аяғына дейін полициалық рухта жасалды. Бұл актілердің бәрін генерал-губернатордан бастап, болыстарға дейінгі отаршылдық шеңбердің бәріне полициялық өкілеттіктерге берілді, Олардың өкімет шеңберіне шек қоймайды» (Ғ.Сапарғалиев. «Карательная политика царизма»)

Қазақтардың бар тіршілігін полициялық өкімет қас қақпай бақылап отырды. Патша үкіметі 1908 жылғы 6 шілдедегі «Тыңшылық бөлімдерін құру туралы» заң бойынша полиция басқармаларының құрамында арнайы бөлімшелер құрды. Жазалау аппаратының атты әскери жедел қимылды жедел бөлігі бұрынғыдан да күшейіп шыға келді. Орынбор, Орал, Омбы, Семей қалаларында осындай бөлімдер құрылған бойда іске қызу кірісіп кетті. Әрине оларға тиісті қаржы бөлініп, жұмысына қолайлы жағдай жасалғаны белгілі.
 

          Қазақ елін Ресей империясына қосып алу ісі 139 жылға созылып, 1970 жылы ғана аяқталғаны бүгінгі ұрпаққа тарихтан белгілі. Осы ұзақ мерзім ішінде қазақ жеріне дендеп еніп, тайпалар мен рулар тізгіндерін бірінен соң бірін қолына алуына қарай отаршыл өкімет талай реформа жүргізген болатын. Қазақ даласының төрт құбыласын түгел қоршай қамалдар мен бекіністер салып, әбден орнықты. Енді жерді түпкілікті отарлау үшін мұның бәрі жеткіліксіз болып шықты. Сондықтан, Империя өкіметі 1867-1868 жылдары ірі-ірі реформалар жүргізіп, қазақ елін басқару, жерін иелену жұмысын жетілдіре түсті. Әсіресе отаршылдық тәртіпті нығайтудың маңызды буыны есебінде әскери күштерді ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлді.
 

Орыс империясы қазақ халқының 45 миллион десятинадан астам жерін тартып алып, өздерін (қазақтарды) шөл далаға жер аударып жібергенін патша өкіметінің қылмысы әлі де әшкереленген жоқ.                      .
 

              Қазақ халқы ұзақ тарихында талай-талай қанды оқиға, қаралы күндерді бастан кешірді. Солардың ішіндегі ең ауыры «Ақтабан шұбырынды» да емес, басқа да қантөгіс, күйрей жеңілістер емес. Патша ағзамның 1891 жылы бекіткен «Дала ережесі» («Степное положение») болды. Осы «Ереженің» 119 –статьясында Қырғыздар (қазақтар) мекендеген жердің бәрі мемлекет меншігі болып табылады. Қажет болған жағдайда мемлекет оларды бұл жерден қуып жіберуге хұқықты» деп жазылған. Кең даланы, оны мекендеген қазақ халқын басқару жөніндегі жаңа «Ереже» бойынша көшпенділердің барлық жері тартылып аланып, Ресей мемлекетінің меншігіне берді. Қазақ байғұс барлық байлығы, ырыздығының қайнар бұлағы – жерінен айрылып сымпиды да қалды.

Отарлау кезінде қазақ жеріне түрлі экспедициялар жіберіп, қазақтың жерін, табиғатын, байлығын, тілі мен әдет-ғұрпын, салт-дәстүрі мен күн көрісін әбден зерттеді. Сөйтіп, қазақтың қандай халық екенін біліп алған олар, қазақ рулары мен ел билігендегі адамдар арасына ши жүгірте бастады. Сұлтандар мен билердің, елдің беделді адамдарының арасында алауыздық туғыза білді. Шен беріп, шекпен жапты. Өздеріне қарағандарға жалақы төлеп отырды.

            Ресей патшасы Александар-III өз генерал-губернеторларына 1894 жылы құпия хат жазып, «Қазақ жеріндегі елді - мекендерге орыс атауларын беріңдер немесе оларды орыс тіліне аударыңдар, ресми қағаздарға орыс грамматикасының ерекшелігене қарай жазатын болсын!» - деген нұсқау берген. Содан көптеген жер-су аттары орыстандырыла бастады, атаулар табылмаған көптеген ауылдар нөмірленіп кетті. Қазірге қариялардың өздері ескілікті жер атауларын нақты айта алмайтын жағдайда. Неке актілерін, балалардың тууы туралы куәлік беретін бөлімдердегі орыстар қазақтың аты-жөнін танымастай етіп өзгерткеніне өзіміз де куәміз. (Тіпті бүгінге дейін сол қалып жоғалмай тұр)

           Ресей империясы Қазақ елінің билігінің шаңырағын 1800 жылдардың басынан бастап, шайқай бастады. Сөйтіп, Ресей өзінің басқару жүйесін қазақ даласына жоспарлы түрде енгізді. Содан, қазақ даласында 1831 жылдардан бастап – Аягөз, 1832ж. – Ақмола, 1833ж.- Баянауыл мен Үшбұлақ, 1834ж. – Аманқарағай, Көкпекті, Құсмұрын, Алатау сияқты жаңа округтік приказдар бірінен соң бірі ашыла бастады. Олардың құрылысы мен күзеті орыс казачествосына тапсырылды. Орыс казактары салықтардан босатылып, жергілікті жұрттан тартып алғандарын қанағат етіп, қазақтың шұрайлы жерлеріне иелік етті.

Әнуарбек Ералы, ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер