«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама

Елдес Ордағаламтордағы жазба

07.06.2020

 

Aqsaqaldar.kz

 

" /> Ақмет Зеки Уәлиди . . Тоғанның идеясы
Ақмет Зеки Уәлиди . . Тоғанның идеясы
Дайындаған: 2 ай бұрын

           Бұл кітап тарихшы, ғалым, түрколог әрі саяси қайраткер Ақмет Зеки Уәлиди Тоғанның "Хатыралар" (естеліктер) атты еңбегі. Кітап 1969- жылы Ыстанбұлда Таң баспасы жағынан жарық көрген.

600 беттен асатын естелік кітапты тұнып тұрған тарихи деректің қамбасы дерсіз. 1917-1920 жылдар арасындағы Алаш Орда, Қоқан Мұқтарияты, Башқұртстан және басқа да (Бұхара, Хива, Татарлар) тарихшы ғалымдар аса бара бермейтін, барса да айта бермейтін тың кезеңдер жайлы тарихи шындықты соқырға таяқ ұстатқандай қылып жазған бірден бір туынды.

 

          Шыны керек отандық тарихшы ғалымдар арасында Алаштың 1918-1920 жж арасындағы кезеңі талас-тартысқа толы күрделі кезең. Ақмет Зеки Әулиди Тоған (қысқаша Зеки Уәлиди) сол тұсты бүге-шүгесіне дейін хаттап жазып қалдырған. Зеки Уәлиди Тоған мен Мұстапа Шоқайдың шығармалары негізінде Алаш Орданың жаңа деңгейдегі тарихи шындығын анықтап, айқындап жазатын кез келді деп есептеймін.

 

         Біз Алаш Орда үкіметі мен Алаш Автонрмиясының 1918- жылдан кейінгі қилы кезеңін әлі де болса коммунистік қозғараспен айтып, жазып жүрміз деп ойлаймын. Менің жеке пікірімше, 1918- жылғы Уфа, Орынбор және Қостанай қалаларында өткен тарихи келіссөздер бүгінгі тәуелсіз көзғараспен қайтадан қаралуы, тыңнан зерттелуі тиіс. Уфа, Орынбор және Қостанай келіссөздері негізінде тарих сахнасына шыққан "Біріккен Мұсылмандар Федрация Одағы" дегеніміз кешегі Алаш және Түркістан идеясының дамыған жаңа саяси бет-бейнесі еді.

 

          Оңтүстік-Шығыс Мұсылмандар Одағы немесе Шығыс Мұсылмандар Федрациясы идеясына Алаш Орда үкіметі атынан Әлихан Бөкейхан, Түркістан Автономиясы атынан Мұстапа Шоқай және Башқұрт Респубиликасы атынан Ақмет Зеки Уәлиди Тоған бәрі ортақ келісіп, біріккен тарихи құжатқа қол қойған-ды. Мақсат біреу – патша құлағаннан кейін қалыптасқан бүкілресейлік үкіметпен келісіп коммунистік төңкерісшіл билікке ортақ қарсы тұру және орталық азия кеңістігінде қазақ, қырғыз, татар, башқұрт, өзбек, түркімендердің ортақ федрациясын құру болатын. Ортақ федрация құрылған соң біртіндеп ресейден бөлініп шығып кету еді... 

Сосын сол келіссөзден соң Жапониямен саяси қарым-қатынастар орнатуға тырысты. Жапонмен байланыс ресейдің кедергісіне тап болған соң Әлихан құпия түрде Мұстапа Шоқайды еуропаға жібереді. Мұстапа Шоқай осы федрациялық одақтың құқын қорғап жаңа саяси өмірді бастады. Ол тіпті, көз жұмардың алдында БҰҰ-ның ең алғашқы саяси негізі саналатын еуропадағы ұлттар ұйымына Түркістан Федрациясын да тәуелсіз респубилика ретінде мүшелікке қабылдауын талап етіп ұсыныс жасаған-ды. кейін осы саяси іс-қимыл басындағы арыстар түшелдей "жапон тыңшысы" деп айтылды, М.Шоқай да белгісіз жағдайда көз жұмды.

 

          Бірақ, бір қызығы коммунистер ресми билікке келген соң осы федрация одағын жеке-жеке Қазақ автономиясы, Қырғыз автономиясы, Өзбек автономиясы, Түркімен автономиясы, Татар автономиясы, Башқұрт автономиясы, Қарақалпақ автономиясы деп 7-ге бөліп паршалап тастады. Әр автономия өз бетінше әдеби жазба тіл, тұрпаты басқа әліпби қолданды.

         Негізінде тарих олай емес, былай болуы керек еді. Тұтас орталық азия халықтары ең ірі, ең ауқымды, саны мол, саяси ықпалы жоғары Қазақтар төңірегінде бірігуі керек еді. 1890- жылдардағы санақ негізінде тұтас орталық азиядағы халықтар саны қазақтың тең жартысына да жетпейтін. Негізінде, Ақмет Байтұрсынұлы Исмайыл Ғаспыралының идеясын дамытып "төте жазу" әдісін ортақ емле концепция ретінде ұсынды. Әлихан Бөкейхан мен Мұстапа Шоқай саяси ортақ концепциясын ұсынды. Осы екі саяси және рухани концепцияны тамырынан біржолата құрту үшін коммунистік билік қазаққа жаны жақын халықтарға жеке-жеке автономия беріп бөліп тастады, ал А.Байтұрсынұлы ұсынған ортақ емле "төте жазу" идеясын түбегейлі жою үшін 1926-жылы Баку қаласында Баку Конгрессін қолдан ұйымдастырып "төте жазу" руханиятына шабуыл жасады. Осы конгрессте А.Байтұрсынұлы өз идеясын барынша сабырлықпен қорғаса да, Мәскеу мүлде басқа қарарға қол қойды.

 

         Біреу білсе, біреу білмес Әлихан Бөкейхан мен Мұстапа Шоқай ұсынған Федрация бөлшектеніп жеке-жеке автономияға бөлініп кетсе де, рухани жақтан А.Байтұрсынұлы ұсынған концепция әлі де болсын өміршең еді. Татарлар, Башқұрттар, Қырғыздар тіпті Ұйғыр зиялылары "төте жазу" негізінде өздерінің ұлттық әліпбилерін жасап алды. Егер, федрация бөлшектенбей саяси концепция мен рухани концепция толыққанды жүзеге асқанда бүгін татар, башқұрт, қазақ, қырғыз, өзбек және ұйғырлар тіпті де жақын, таза түрік затты тілде сөйлеп, арап-парсы мен орыс, еуропаға қойғыртпақ болмас еді. Бәріміз бірігіп ортақ түрік затты тіл және түрік затты бір мүдде жарататын едік. Тәжік пен сарттан бөлек, орыс пен еуропадан ада, жалпақ бет, қысық көзді, жалпы саны жүз миллионды құрайтын жаңа сападағы халыққа айналар едік.

 

          Зеки Уәлиди Тоған "Хатыралар" кітабында осы Федрацияның шын мәнінде тарихи оқиға екенін растайтын естелік жазып қалдырып отыр. Осыны тыңнан зерттеуіміз керек деп ойлаймын.

20- ғасыр басындағы қытайды, иранды, индияны және арап елдерін қараңыз. Тарихы бөлек, тамыры басқа-басқа халықтарды бір саяси концепция негізінде біріктіріп мемлекет болып шаңырақ көтеріп отыр. Түбірі бөлек, төркіні басқа тілде сөйлеп жатса да, мүлде отаспайтын мәдени құндылықпен өмір сүрсе де бір саяси тудың астында өмір сүріп жатыр. Ал, жүз жылдың алдында орталық азияда қазаққа өте жақын және тез бірігіп кететін халықтар болғанын жоққа шығара алмаймыз. Бірақ олар коммунистік ресейдің құрбаны болды. Осыны тәуелсіз ұрпақ білуіміз керек!

 

        Жүз жыл бұрынғы осы идеялар бүгінгі күні әлі болса өзектілігін жоғалтқан емес. Бүгін жеке-жеке тәуелсіз респубилика болсақ та, бір ғасыр бұрынғы Әлихан Бөкейхан, Ақмет Байтұрсын, Мұстапа Шоқай және Зеки Уәлиди Тоған идеяларын жаңғыртып және оны 21 - ғасырдың гео-стратегиялық саясаты мен гео-экономикалық мүддесіне бейімдеп жаңа саяси, эконрмикалық және әскери одақ құруымыз керек. Одаққа мүше әр респубиликаның ұлттық мүддесі, тілі, тарихы мен құқы тең сақталады деп келісуіміз керек. Жүз жыл бұрынғы мүмкіндік сол кездегі саяси одақты тарих сахнасына әкелсе, 21 - ғасырдың саяси кезеңі жаңа сападағы тең құқылы одақты тарих сахнасына шығаруы керек.

Елдес Ордағаламтордағы жазба

07.06.2020

 

Aqsaqaldar.kz

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер