«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Сегіз Сері тарихи тұлға ма?
Сегіз Сері тарихи тұлға ма?
Дайындаған: 4 апта бұрын

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, өнер зер­теуші Серік Оспановтың «Қылышпын қынабынан алынбаған» атты ғылыми-зерттеу еңбегі электронды поштамызға келіп түсті. Онда автор әнші, халық композиторы Сегіз сері Баһ­рамұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мұрағаттар негізінде дәйекті деректер келтіреді. Кейінгі жылдары қоғам арасында осы тарихи тұлға жөнінде әралуан пікірлер айтылуда. Тіпті, кейбір зерттеушілер оны тарихта болмаған дегенге дейін барды. Ал, қолымыздағы еңбек оның өмірде болғанына көз жеткізеді. Біздің мақсат дауды өршіту емес, ақиқатқа сәл де болса жақындау. Сол мақсатты ұстанып, газетімізде аталған еңбектен үзінді жариялау­ды ұйғардық.                     

                                                Аманғали Қалжанов,  «Астана ақшамы» газеті        

ХІХ ғасырдың бі­рінші жартысын­да қазақ даласында сал-сері­лердің атасы атанған Сегіз сері Баһрамұлының шыққан тегі мен туып өскен ортасына тоқталайық. (Мұ­ха­­медқанапия) Шақшақов Сол­түстік Қазақстан облы­сының Жамбыл ауданына қарасты Гүлтөбе – Маманайда, Бұқпа көлінің жағасында дүниеге келген. Руы – Керей ішінде Көшебе.
Үш жүзге аты әйгілі Толыбай сыншының сегізінші баласы Қарабас тархан, одан Асқап, одан Көшек, оның сегізінші баласы Шақшақ, одан Баһрам, Баһрамның жеті ұлының бірі Мұхаммедқанапия, яғни біз мұрасын зерттеп отырған кейіпкеріміз Толыбай сын­шының алтыншы ұрпағы Сегіз сері – осы. (Шежіреші-Тәбей Барлыбайұлының Қазақстан ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтына әкеліп тапсырған «Керей шежіресі» бойынша алынды).
Мұхаммедқанапия сегіз жасқа келгенде анасы Жамалдан (атақты Қарауыл Қанай бидің баласы Бекболаттың қызы – С.О.), анасының қыр­қы өткен бір аптадан кейін әкесі 47 жастағы Баһрамнан айрылып тұл жетім қалады. Сол себепті Сегіз Сүйін, Сейіткерей есімді ағалары және Қуаныш деген інісімен бірге атасы Шақшақ пен әкесінің інісі Жанат серінің тәрбиесінде болады. Ағасы Көрпештің Сейітжан, Құшан есімді ересек балалары да Сегізбен бірге туа біткен ақындық таланты бар Шақшақ атасының бауырында өседі.
Шақшақ шешен Көшек­ұлының анасы Ақбота атақты Сырым батырдың туған апасы, Даттың қызы. (Сондықтан Сегіз сері он екі ата Байұлының іргелі руы Байбақтыға жиеншар болып келеді – С.О.). Ал, Шақшақтың Айман деген бәйбішесінен туған Қаншайым есімді қыз (белгілі академик-жазушы Ғабит Махмұтұлының бабасы Мүсірептің туған анасы болады).
Сегіз бала кезінде ауылдық шағын медреседегі Мөңке молдадан оқып, хадимше хат таниды. Одан кейін ол Болатынай, Қызылжар медресесінде оқиды. Атасы Шақшақ, Мұхам­медқанапияны 1826 жылы Қызылжардың медресесіне беріп, қосымша Прохоров деген ұстазды жалдап, 4 жыл орысша сауат аштырады. Ол жайлы Сегіз сері:
Орысша білім ал деп атам
Шақшақ,
Оқытты төрт жыл бойы
ұстаз жалдап, – дейді.
Бұл жерде оған сабақ берген ұстаздары Имамғабит сері мен өз ағасы Көрпеш Бұхара шаһарындағы жоғары дәрежелі медресені бітірген, сол кездегі көздері ашық айтулы азаматтар әрі әнші, ақындар еді. Осы екеуі Сегіз серіге діни сабақ берумен бірге оны ақындыққа, әншілік өнерге де баулиды. Осылайша ағаларының тәрбиесінде өскен Мұхаммедқанапия сегіз жасында аң атып алып «сегіз» деген атқа ие болады.
Өсе келе ақындығымен танылып, ән шығара бастаған, бозбала шағында бұл есіміне «сері» деген атақ қосылып, азан шақырып қойған есімі ұмытылып Сегіз сері атанып кетеді.
Бұл деректі Сәбит Мұқа­нов­тың бала күнгі досы, Қызыл­жардың тумасы Жамантымақ Уақтан шыққан әйгілі шежіреші Кәрібай қажыұлы Мұхаметжан ақсақалдың: «Менен бұрын жасаған қарттардың айтуынша ағаларымен аңға шыққан Мұхамедқанапия сегіз жасында киік атып түсіріпті. Содан жеңгелері еркелетіп әрі шұбалаңқы есімін атауға қиынсынып «Сегіз» деп атап кеткен екен», – деген естелігі дәлелдей түседі.
Зерек Сегіз сері 1830 жылы Омбының тілмаштар даярлайтын 6-жылдық Азия мектебіне оқуға түсіп, оны бітірер жылы аталмыш оқу орыны Батыс Сібір казактары округінің әскери училищесіне қосылып атауын өзгертеді.
Ең кереметі алғашқы «Азия мектебі» болып ашылған бұл екі қабатты ғимарат әлі күнге дейін сақталған. Мұнда Омбының қалалық әскери комиссариаты орналасқан. Ғимарат тарихи сәулет ескерткіш ретінде Мемлекеттік муниципиалдық қорғауға алынған.
Мына құнды дерек 2000 жылы Омбыда жарық көріп, Ресей ұстаздардың білім жетілдіру интитутының арнаулы оқу құралы ретінде пайдаланылады. (Омбы тарихи музейінің Архивтік қорында сақтаулы).
Этнограф-ғалым Игілік Әлмұханұлы Тұрсыновтың «Очерки истории казахов Омского Прииртышья» кіта­бының «Просвещение казахов в XVIII – начале XX вв.» атты тарауында: «1789 жылы Омбы қаласында тілмаштар даярлау үшін Азия мектебі ашылған. Мұнда 1790 жылы оқыған 25 шәкірттің жетеуі қазақ-татар балалары болған. Ал, шәкірттер араб, парсы, манчүжір, түрік, орыс тілдерін оқыған, онымен қоса міндетті түрде математика мен география сабақтары жүргізілген. Жыл сайын курсанттарға тегін арнайы форма беріліп, онымен қоса айына 5 рубль шәкіртақы төленген. Бұл ақшаны курсанттар оқулық, қалам-дәптер алуға жұмсағандығы жазылған. «Среди окончивших Азиатскую школу числится Мухамет Шакшаков (Сегиз сери). В школу он пос­тупил в 1830 году.
К моменту ее окончания в 1836 году она была преобразована в особый класс восточных языков училище сибирского казачьего войска. Историк и поэт (Сегіз сері – С.О.) в гневных стихах он изображает генерал-губернатора П.Д. Горчакова разорителем казахского народа, и не желая участвовать в карательной экспедиции против восстания Кенесары Касымова, он бежал из Омска в младший жуз», – делінген.
Сонымен қатар, ол халыққа кеңінен танымал «Айман-Шолпан», «Қыз Жібек» эпикалық дастандарының авторы. Оның тұңғышы Мұстафа Мұхамедқанапияұлы халыққа «Қамажай» әнінің авторы ретінде танымал. Сегіз сері шежіресін түгел білетін Есбол қария Омбы қаласында тұрады. Сегіз серінің жары Ырысбике күйеуі қайтыс болғанда ұзақ жоқтау айтқан», – деген ғалым ФСБ архивінен құнды дерек
тауып, келтірген. Бұдан шы­ғатын қорытынды: Сегіз серіні Ресей империясына саяси қа­уіпті адам ретінде оның істері ФСБ архивінде сақталған. Міне, өнер зерттеушілердің Омбы мемлекеттік архивінен ешқандай дерек таппауының сыры осында жатыр. Жо­ғарғы деректерге сүйенсек зерттеушілердің бірі Азия мектебінде десе, екіншісі әскери училищеде оқыды деп жүргендерінің екі жорамалы да дұрыс.
1880 жылы ақын Нұржан Наушабаев (1859-1919) Сегіз серінің шаңырағында болып, Ырысбике анамыз бен баласы Мұстафадан мол дерек жинап, бейітінің басында болып жазған «Сегіз сері» дастанындағы:
… Жазуымен құлпытастың
болдым таныс,
Туған, қайтқан жылдары
екен барыс.
Көзіме мен жас алдым,
ер елестеп,
Арманда кетіпті-ау
деп қайран арыс
– деген өлеңі Сегіздің 1818 жылы туып, 1854 жылы қайтыс болғандығын айғақтайды.
Жоғарыдағы құнды деректе айтылғандай, Сегіз сері 1836 жылы Омбының училищесін бітірген сауатты, зиялы, білімі жан-жақты адам болғандығына көзіміз жетті. Сол кездегі саяси-әлеуметтік ағымнан хабардар Мұхаммедқанапия ақ патшаның туған халқына қарсы жүргізген отарлау саясатына дәнекер-тілмәш болудан бас тартқаны үшін қуғынға түскен. Бұл туралы өзінің «Гор­чаковқа» деген өлеңінің түп­нұсқасынан көптеген дерек аңғаруға болады:
Жер суымды алғандай,
Елімді қанға малғандай.
Елден-жерден қуғандай,
Горчаков саған не қылдым?!
Сен қуғындап Горчаков,
Ел мен жерден айырдың.
Алмас едім наркескен,
Шабылмай тасқа майрылдым…
Сегіз сері Баһрамұлының 1836-1840 жылдар арасында елге-жерге деген сағыныштан туған «Туған жер», «Бұқпа көл», «Көк Есіл», «Өңіріме», «Қайран жер» атты шығар­малары, т.б. өлеңдері бар.
Сегіздің шығармашылық өмірінде махаббат тақырыбы үлкен орын алады. Сері аруларды аялау, оларға деген ын­тық сезімді, махаббатқа деген іңкәрлікті қастерлей білу секілді ұлы ұғымды сұлу да әсем шеберлікпен жырлай білген үлкен жүректі ақын әрі композитор. Ақынның сүйіспеншілік жырларынан махаббатқа толы жас жүректің ыстық лебі еседі. Лирикалық әндерінің тырнақалдысы «Назқоңыр» түпнұсқада:
Көркем қыз шақырған соң
жуықтайын,
Басқаны неге саған жуытайын.
Өзіңе ықыласым ауғаннан соң,
Қалайша, Мүкәш сені
ұмытайын –
деп сағынышқа толы назбен басталатын өлеңін 17 жасында Сегіз Омбыда «Азия мектебінде» оқып жүрген кезінде Мүкәрама есімді татардың сұлу қызына ғашық болып шығарған. Кейіннен бұл «Назқоңыр» әніне заман талабына сай жаңа шумақтар қосылған. Оны 1923 жылы қазақтың ұлы әншісі Әміре Қашаубаев: «Әй, Иса, осы ән маған қатты ұнайды, тек сөзі тебірентпейді жанымды, сен бір әдемі қызға айтылған сөздер жазып өзгертіп берші. Қазір халық әндерінің ескішіл, діншіл жерлерін өзгертіп айту керек деген сөз болып жүр ғой» – деген сұрауы бойынша Иса ақын Семей қаласында жазған. (Иса Байзақов. Таңдамалы шығармалары, 2 том, 85-86 беттер, Алматы. 1983)
Жаңа мәтіні:
Ай қабақ, алтын кірпік,
қызыл ерін,
Кел десең неге аяйын
аттың терін.
Сар ағаш сазға біткен
секілденіп,
Қай жерде отыр екен
бұраң белім.
Базардан алып келген
күміс құман,
Жігітті адастырған
қалың тұман.
Арадан қыл өтпестей
тату едік,
Біздерді араз қылған қай
антұрған!
– деп асқан шеберлікпен жазылып қана қоймай, Сегіздің ойы­мен астасып, керемет көркем образ туындатып тұрғанын мойындауымыз керек.
        Алайда, қыздың әкесі үзілді-кесілді қарсы болып, басқа қалаға көшіп кетуі себепті аралары суып кетеді. Махаббат лирикасына арнаған Сегіз серінің мұндай әсем әндері қаншама десеңізші?! Солардың бірегейі, ән төресі – «Гауһартас» түпнұсқада:
Ажарың ашық екен
атқан таңдай,
Бейне бір қараңғы үйге
жаққан шамдай.
Анаңнан сені тапқан
айналайын,
Бота көз, қыр мұрынды,
ақша маңдай.
Қайырмасы:
Беу-беу, Гауһар тас,
Құсыни-құрдас,
Раушан, үшеуіңді көргенде,
Сәулем-ау, сабырым қалмас.
Ажарың ақ бөкендей
қашқан құмнан,
Шолпандай таң алдында
жалғыз туған.
Басыңда кәмшат бөрік,
қолда жүзік,
Жібекпен қызыл кәріс
белің буған.
Басасың аяғыңды
ырғаң-ырғаң,
Сылдырап шолпың менен
алтын сырғаң.
Құлпырып әр уақытта
шаттанасың,
Әсемсің аққу құстай
мойнын бұрған.
Ән тарихы Иса Байзақовтың көркемдеуінен кейін:
Ажарың ашық екен атқан
таңдай,
Нұрлы екен екі көзің
жаққан шамдай.
Анаңнан сені тапқан
айналайын,
Күлім көз, оймақ ауыз,
жазық маңдай,
Қайырмасы:
Беу-беу, Гауһар тас,
Құсыни- құрдас,
Раушан, жүзіңді көргенде,
Сәулем-ау, сабырым қалмас.
Ажарың ақ түлкідей
қашқан құмнан,
Шолпандай таң алдында жалғыз туған.
Жылы су, қолда құман, қарда орамал,
Жібекпен қызыл кәріс белің буған.
Басасың аяғыңды
ырғаң-ырғаң,
Сылдырап шашбауың мен
алтын сырғаң.
Жай жүріп шаттанасың
әсерленіп,
Әсемсің жүйрік аттай
мойнын бұрған
– болып, кәсіби ақынның араласуымен әдемі әспеттеуден өткенін көреміз.
Бұл әннің адам санасына әсері жөнінде Қазастанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, би
падишасы Шара Жиенқұлова (1912-1991) өзінің «Келін­шек» биін қалай қойғаны туралы былай әңгімелейді: «Үшінші биімді қоярда:
Басасың аяғыңды
ырғаң-ырғаң,
Сылдырап шашбауың мен
алтын сырғаң.
Жай жүріп шаттанасың,
әсерленіп,
Әсемсің жүйрік аттай
мойнын бұрған
– деп Сегіз серінің атақты «Гауһартас» әнінде бейнеленген кербез келіншек сыр-сымбатымен көз алдыма елестей қалды», – дейді (Ш.Жиенқұлова. «Өнерім-өмірім» Алматы: Жазушы. 1983. 67б.).
Сегіздің ғашықтық отты жандырған, көңілді шартарапқа шарлатқан мұңды-сазды, сұлу-назды әндер шығарғанын да жоғарыда аттары аталған деректері арқылы біліп отырмыз. «Міне сондықтан да, Сегіз серінің шашырап, бұл күнде халық әні санатында жүрген өз шығармаларына иелік етуі ән өнеріміздің көкжиегін кеңейте түсері хақ. «Ақбұлақ», «Жылой», «Гауһартас», «Бозшұбар» (Бозжорға), «Қызға сәлем», «Ғайни», «Әйкен-ай», «Көкем-ай», «Сәулем-ай», «Алқоңыр», «Елік-ай», «Ақбақай» әндері даусыз Сегіз серінікі» – дейді дүлділ әнші әрі Сегіз сері мұрасын тұңғыш зерттеушісі Жәнібек Кәрменов («Халық әндері мен халық композиторларының әндері» антологиясы 1 том. 1990 жыл, Алматы қаласы, «Өнер» баспасы).

Серік Оспанов

Astana – akshamy.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер