«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Ащы шындық...
Ащы шындық...
Дайындаған: 6 ай бұрын

Ащы шындық болсада айтайын, бүгінгі таңда қазақтар үшін дүниеге қарайтын терезе - ол "орыстың тілі" болып тұр. Дүниеге орыстың тілі арқылы ғана қарай алады екенбіз, сол тілдің өлшемдерімен ғана өлшейді екенбіз. Масқара. Тіпті, орташа статистикалық қазақ үшін орыс тілін білу немесе орысша сөйлеу жетіскендіктің белгісі сияқты, қоғамдағы өзінің жоғарырақ орнын белгілеу сияқты. Бұл ТОПАС көзқарас қайдан шықты, қалай қалыптасты? Жарайды, ең маңыздысы, бұл әдеттен қалай арыламыз, қашан арыламыз? Орыс тілінің батпағына батып отырғанымыз соншалықты, шет тілін, мысалы, ағылшын тілін үйрену үшін оны орыс тілі арқылы үйрену керек екенбіз. Ағылшын тілін білетін қазақтан, ағылшынша бір сөйлемнің аудармасын сұрасаң, ол міндетті түрде оның орысша аудармасын айтады. Осы мәселеге қатысты айта берсең, жыр айтуға болады. Енді мұның себеп-салдары қайда жатыр, соны ойланып көрейікші. Бірінші, факті - бұл қазіргі күнде қазақ тілінің беделі жоқ. Неге беделі жоқ, себебі, оған сұраныс жоқ. Сұранысы жоқ заттың құны да жоқ. Ал тілге деген сұраныс қалай туындайды, қашан туындайды. Бұл жерде өз ойымды айтайын. Қазақтардың, ол сенің ана тілің емеспе деп, ар-намысын оятамын, өзге ұлттарға, ол сенің мемлекеттік тілің, әр азаматтың оны білуі - қасиетті борышы деген сияқты әсерлі сөздерді айтып, ықпал ететімн деген ДАЛБАСА!!! Ешкім сенің мұндай сөздеріңді "бір жерлеріне"-де қыстырмайды. Ендеше не істеуіміз керек? Мен бүкіл мәселенің шешімін заң нормаларынан көріп отырмын. Бірінші кезекте Конституциядағы орыс тілінің қазақ тілімен ТЕҢДІГІ, осы теңдіктің арқасында қазақ тілі құрдымға кетті, Сосын ҚР-дағы тілдер туралы заң нормаларындағы қос тілділік, қайда барсаңда қос тілде жазылу керек, қос тілде болуы керек. Тіпті тв-ға қатысты, осы заңның талаптары бойынша шетелден ретрансляция жасалатын арналарға мемлекеттік тілдің үлес пайызы жөніндегі талаптар қолданылмайды екен. Дәл осы норманы жасаған адамдар ұлтқа үлкен опасыздық жасағанын білеме екен. Ал, іс жүзінде ҚР аумағында таралатын арналардың 90 пайызы ресей тарапынан орыс тілінде таралады. барлық әлемдік ғылыми-танымдық арналар, балаларға арналған арналар және т.б. бізге ресей арқылы орыс тілінде таратылады. Қазақ тілінің мүддесін ойлаған үкімет болса, арнайы қаражат бөліп, осы көптеген әлемдік беделді арналардың қазақ студияларын ашып, қазақ тілінде таралуын қамтамасыз етер еді ғой. Заңда қазақ тілі - ол сот ісін жүргізу тілі делінген. Ал тәжірибеде соттағы істердің 90 пайызынан көбі орыс тілінде жүргізіледі. Мемлекеттік қызметте мемлекеттік тілді мүлдем білмейтіндер өте көп. Айта берсең, көкейге симай тұрған сөздер ұшан теңіз. Ойымды түйіндейтін болсам, аталған мәселенің шешімі - ол заңды өзгерту. Конституциядан орыс тілінің мәртебесін алып тастау арқылы барлық салалар бойынша бүкіл заңнамаларға тиісті өзгертулер жасау керек. Осы кезде ғана қазақ тіліне деген табиғи сұраныс туындайды, осы кезде ғана қазақ тілінің бағасы артады.

 

Asqar Akhmetuly,  ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер