«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Манап ақын Мана
Манап ақын Мана
Дайындаған: 1 ай бұрын

       Манап Көкенов (1928 -1992) айтыс ақыны, Қазақстанның халық ақыны (1980), Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданындағы Талап ауылында 1946 жылдан бастап, үздіксіз 46 жыл бойы осы мәдениет саласында қызмет істеп жүріп, ауыз әдебиетінің мол мұрасын жинақтаған.1964 жылдан бастап 50 рет ақындар айтысына қатысқан, ақын ретінде 10 мың жолдан астам өлең, жырлар жазған жазба ақын. Оның толғау, терме, арнау, мысал-мысқылдарын, шымшымаларын халық әлі күнге дейін айтып жүр. Солардың бір тобын сіздерге ұсынып отырмыз.  

 

                                   Нағашы мен жиен

Бірде жиені Манапқа:

      – Киінсеңіз қазақ, шешінсеңіз орыс сияқтысыз. Сонда қалай? Екі ұлттың да көңілін жықпай дүниеге келе салғаныңызға таным бар, – деп әзіл-шыны аралас айтқанда:

 

      – Қазақта Манап Көкенов,

Орысшасы –Мойесей Кукенко.

Өлең жырдың маршалы

Сұлуға да ауады,

Бұл ағанның аңсары-деп жауап қайтарады.

 

                                   Рестораннан найдеш – ай

 

      Манап ақын Есіркеп Қоңқабаевпен ұзынды-қысқалы болып, Украинаның сатирик артистері Трапунко мен Штепсель сияқты бірге өнер көрсетіп жүреді. Бірде аудан орталығында концерт басталарда Есағаң жоқ болып кетеді. Есіркептің сырын білетін Алик есімді жүргізуші орыс жігіті: «Теперь его не найдешь» деуі мұң еді, Манап домбырасын алып:

 

Ахау, Алик-ай,

Куда пойдешь-ай,

Есағаңды іздесең,

Рестораннан найдешь-ай, – деп, бір күлдіреді.

 

                                   Дастарханға отырайық

 

      Егістік басында семинар-кеңес өтеді. Шаруашылық мамандары ашық аспан астында бірінен соң бірі көсіліп сөйлеп, жиналғандарды жалықтырып жібереді. Шаңқай күн астында тұрғандардың мазасы кете бастайды. Түскі тамақ дайын болды деген хабар келсе керек, облыстан келген өкіл көп қозғалып кеткен Манап ақынға:

      – Мәке, сіз сөйлейсіз бе?-дегенде, ол:

      – Сөйлегенше далада, саусағымызды шошайтып.

       Отырайық та, дастарханда тост айтып, – деп жиналғандардың көңілдегісін айтыпты.

 

                                   Өзің жақсы болсаң тиер

 

Бір күні бір жас жігіт Манапқа келіп:

      – Айтудың өзі қиындау болып тұр. Ұят сияқты. Бір қызға өлердей ғашықпын...Ол қыз мені сүйе ме, ол жағын біле алмай, сізбен ақылдасайындеп едім..деп күмілжиді.

      – Ой, шырағым-ай,

Өзің жақсы болсаң қыз сүйер,

Сүйген соң, сөз жоқ тиер,

Нақа болмаса,

Жақсылап тұрып аузына сиер, – дегенде әлгі жігіт өзінің сұрағының орынсыз екендігін біліп, үндемей кетіп қалған екен.

 

                                   Құдай сақтап...

 

      Әсет Бейсеуовтың «Есіңе мені алғайсың» әнінің жаңа шығып, жиі айтылып жүрген кезі екен. Манаптар «Талап» совхозында концерт қойып, осы әнді шырқап келе жатқанда, бұрылыстағы тасқа автобус соғылып, Құдай сақтап, машина аударылғанмен адамдар аман қалады. Бәрі үстерін қағып, автобусқа отырып жатқанда Манап домбырасын алып мына әзілді шығарыпты:

 

      – Мені де сәулем есіңе ал,

Мына жынды шофердің,

Тасқа соғып несі бар.

Аударылды машина,

Ал менікін кесіп ал.

Жұрт ду күлкімен ауылына аман-есен жетіпті. Манапты еске алғаңдар осы күлкілі жағдайды жиі айтып жүретін көрінеді.

 

Дайындаған: тарихшы Бақытжан Абдул-Тұманбаев

25 тамыз 2018 жыл.

«Тұран-Қазалы» газеті,

                                    *

      1980-жылдары Жем өзені бйындағы Кемерши деген ауылға іссапармен бардым.Мектеп директоры Жүзбай Жаулин деген жақсы көретін ағамыздың үйіне бардым. Онда біраз қонақтар бар екен, Сыр бойынан ,Жаңақорған ауданынан келген. Осы ауылдағы Жамантаев Марат деген қарт ұстаздың үйіне құдалық сапармен келсе керек. Қонақжай Жүзбай ағамыз (иманды болғай) құдаларды үйіне шақырған екен.Төрде ақсары өңді, қызыл шырайлы егде кісі өзін Манап Көкенов деп, қасындағы қара торы жігіт ағасын сол аудандағы мәдениет бөлімінің меңгерушісі Сүлеймен Біркенов (аты-жөнін ұмытыңқырап қалыппын, қателесуім де мүмкін) деп таныстырды. Дастархан басында біз тыңдаумен болдық, Манап ағамыз сөйлеп отырды:

      – Бірде, – деді ол, – бір айтыста қарсылас ақын, өзің қазақсың ба, орыссың ба, – дегенге саятын шумақ айтты. Мен сонда былай дедім:

      – Жақсыға жақсы ұқсайды бұл өмірде,

Тұрмағамбет(Ізтілеуов) ұқсаған Ленинге,

Мен болсам Хрущёвтан аумай қаппын,

Ағажан нең бар еді реңімде...

Содан, – деді ақын әңгімесін жалғастырып, – бірде облыс басшылары маған Урин деген орыс ақынымен айтыс, бірақ ол қонақ қой, жеңіле сал деді. Ретіне қарай көрермін дедім. Ол орысша, мен қазақша айтысатын болдық. Урин сахнаға жүгіріп шығып,өздерінің Волгасын айтып мақтануға кірісті. Мен де, қалыспадым Сырдарияны, тіпті кішігірім өзен, бұлақтарды айтып жатырмын. Бір кезде менің оңайлықпен беріспейтінімді сезген орыс (еврей екен) ақыны ұлттық намысқа тиетін сөздер айта бастады. Әлгінің қасында жас әйелі бар екен, ендігі сөзді соған бағыштадым. Әйел жанына жағатын бірталай сөздерді түйдектете келіп:

      – Мен сені жамандардан қызғанамын, – деп аяқтадым. Аудармашы осыны Уринге әдемілеп жеткізді-ау деймін, ол орнынан ұшып тұрып, О, Манап,                   ты – дурак! дегеннен басқа ештеңе айта алмай, сылқ етіп отыра кетті. Сөйтіп менмен ақынды орнына қойғанмын, – деді Манап ақын.

      Ақын басқа да көп әңгіме айтқан,есте қалғаны осылар.Одан бері қырық жылдан астам уақыт өтті ғой...

 

Жарылғап Қарасаев,  ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны