«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
«Абай» телехикаясы туралы . алуан пікірлер...
«Абай» телехикаясы туралы . алуан пікірлер...
Дайындаған: 4 ай бұрын

      «Абай» телехикаясы туралы алуан пікірлер айтылуда. "Біткен іске - сыншы көп" демей ме әрине. Десе де, пікір білдірілмей жатса, сын айтылмай жатса ол да дұрыс емес. Сондықтан, көкейдегі ойды бөліскенді де жөн көрдік.

      Абай - кер заманда дүниеге келіп, күңіреніп өткен кұрделі тұлға. Одан ерте ғасырлардағы әл-Фараби немесе хан-сұлтанның жағасынан жармасып өткен Махамбетті, тіпті, ақ патшаға ашық қарсы шығып, қасық қаны қалғанша арпалысып өткен Кенесарыны жасай алмайсың. Өмірінің он алты жылын сұлтан-болыс болып, ақ патшаның шен-шекпенін иығына жамылып, қалың қазағының қайғысын ойлап запыран жұтқан ұлы ойшылды сомдау үшін тек, актерлік, операторлық, т.б. шеберліктер аз.

      Бұл жерде сценарийді әлі де болса ширата түскен дұрыс па еді деп ойлаймын. Күрделі драмалық көріністер жетіспейді. Өткен ғасырдағы кеңестік идеологияның ықпалымен жазылған "Абай жолының" құрсауынан шыға алмай қалған. "Абай" телехикаясының бұдан бұрынғы Абай туралы түсірген фильмдерден айырмасы аз секілді.

      Ұлы Абайдың басынан өткен трагедиясын ешкім де қасында жүріп, көзімен көрген жоқ қой. Роман-эпопея да Мұқаңның ел аузынан естіп, жинап-тергендері. Оның өзін де кешегі коммунистік идеологияға бейімдеп, әкесі Құнанбайды - феодал, жауыз, баласы Абайды - ұлы ақын, гуманист деңгейіне дейін көтере алды. Мұндай шығарманы арада бір ғасыр өткенде екі сериямен қамту ақылға сыймайтын нәрсе.

      Мысалға алайықшы, анау кәрістердің, тарихи фильмдерін халық неге көз алмай қарайды? Ондағы драмалық шиеленістердің, қойылымдардың барлығы дерлік ойдан шығарылған. Тек, ұлттық салт-дәстүрден аттап кетпесе болғаны. Салт пен дәстүр халықтың тарихы десек қателеспейміз. Бұл көркем дүниеге тән дүние. Ал біз болсақ, кітапта солай деген екен деп, шынын айтқанда, қазақты өзге халықтарға тағы етіп көрсететін, бүгінгі жастарға жабайы көрінетін Қодардың өлімін көрсетуден ары аса алмаймыз.

      Меніңше, Абайдың ішкі өз трагедиясы одан әлдеқайда тереңде еді деп ойлаймын. Он алты жыл иығына патшаның шекпенін киіп, патшалық Ресей мен надан қазақ арасында өмірі шым-шытырық арпалыспен өткен Абай секілді ұлы тұлғаның қазақтың өз алдына ел болғанын армандап, жеке мемлекеттікті айтпай-ақ қояйық, сол жолда тарихта дәлелдер жоқ болса да, талай азаматқа тән іс-әрекеттерге бармауы мүмкін емес қой. Тіпті, күрескер боп қолына қару ұстамаса да патша жендеттерімен, оларға қызмет көрсеткен қазақ жандайшаптарына наразылығы, қарсылығы іс-әрекеттермен қамтылуы тиіс пе еді деп ойлаймын.

      Оның болыстықтан бас тартуы, оны інісі Оспанға бергісі келуінің арасындағы жан-жағындағы тоғышарлармен күресін шиеленіскен драмалық көріністермен беру керек еді. Қазіргі көрермен елі үшін күйзеліп, іштей мүжілген, қалтқысыз патшаға қызмет еткен, одан сүйтіп таяқ жеген Абайды емес, жалғыз жүрсе де жан аямай жауыздықпен арпалысып, халқы үшін отқа түскен өткен күрескер Абайды көргісі келетіні жасырын емес.

      Мысалы, "Балуаншолақ" фильміндегі осындай халықтың көңілінен шыққан дара көріністің өзі көрерменді өзіне тартып, болашаққа жетелеп, қызықтыра түскенін білеміз. Бір сөзбен айтқанда, біз тілге тиек еткен фильм әлі де Абай тақырыбына барар жолдағы үлкен бір ізденістің, баспалдақтың бірі деген ойдамыз.

 

Құдиярбек Ағыбаев,  ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны