«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Қиын кезеңде туған . жырлар
Қиын кезеңде туған . жырлар
Дайындаған: 2 ай бұрын

Осындай бір мезгілде

 

Карантиннің дүрмегі басылған жоқ,

Үйде жатып ауруын жасырған көп.

Дос-жарандар бір-бірін іздемеді,

Көп есік те туысқа ашылған жоқ.

 

Қорқынышты көбейткен ғалам болды,

Ертеңіне ел енді алаң болды.

Астың иісі асүйден күнде шығып,

Ет жеп, қарын сипаған заман болды.

 

Бағаламай жүргенде жат асылды,

Жатып қалған сандықта мата-сынды,

Көрілмеген киноның бағы жанды,

Оқылмаған кітаптың беті ашылды.

 

Сескенбеген жел сөзден желдей ескен,

Жиған-терген байлығын жоқ деместен,

Тіл табысты оңаша жұбайлар да,

Кезі болса кінә артып, өкпелескен.

 

Балалы үйлер шынымен базар болды,

Сабындадық онсыз да таза қолды.

Жазғышбайлар сынықтан сылтау іздеп,

Үйде жатып арызын жазар болды.

 

Басқа жақта жүргендер күнде қонып,

Үйдің ішін қуантты үйде болып.

Қаржы жинап қампитты қалталарын

Жүргендер де халықты теспей сорып.

 

Көбелектер ұшқанда жанған отқа,

Қызыққанда кей пенде дүние-боққа,

Айналдырған тұтқасын телефонның

Жебірлер де қамалды үйқамаққа.

 

Көктеп шыға қоймаса еккендері,

Текке кетсе біреудің төккен тері,

Көңілдестер төсекте төңбекшіді,

Келмей қойса апталап күткендері.

 

Кейбіреуге болды бұл күй ыңғайлы,

Жалқаулардың төсегі жиылмайды.

Парламент те шұғыл заң қабылдады

Ел айықса жиналар жиын жайлы.

 

Артта қалып жүрген кез тасты уатып,

Күрсінгендер көбейді үйде жатып.

Тәнге дауа іздеген жұртқа жағып,

Алаяқтар байыды дәрі сатып.

 

Болып жатыр жалғанда не бір сұмдық,

Қарақшылық,  қаптаған  зорлық, ұрлық.

Біздерде де, замандас, арман бар ма,

Осындай бір мезгілде өмір сүрдік.

 

Наурыз келді

 

Наурыз келді. Көшедегі ел тым-тырыс.

Жүрген жұрттан байқалмайды ұмтылыс.

Қатерлі дерт кінәлі ме, білмеймін,

Кейбір үйде болып жатса күнде ұрыс.

 

Қатты жел жоқ  қорқытатын ысқырып,

Боранға да қарамаушы ек пысқырып.

Асығамыз әбден ұзап кеткенше,

Жанымыздан өтсе біреу түшкіріп.

 

Жоламасын деп тілейсің елге өлім,

Бас изейсің амандасса кімде-кім.

Көп кісінің бетіндегі бетперде

Жарты жүзін жасырады пенденің.

 

Алла ғана орындатар жарлығын,

Қиналсақ та мейір деген қалды ұғым.

Азды-көпті жұмсап жатыр мықтылар

Бір бөлігін ұрлап алған қаржының.

 

Тамақ таппай жортқан түлкі ақпанда

Тез түсуі мүмкін екен қақпанға.

«Қазақ қалай қор болады» - деймісің,

Толып жатқан қор құрылып жатқанда.

 

Сауда жасап жатса біреу ысылған,

Тас бүркеніп өтті біреу тұсымнан.

Бесін намаз уақыты болса да,

Мешітке де асықпайды мұсылман.

 

Біреу ұғып, біреу шала түсініп,

Мезгіл келді көрсететін кісілік.

Көрші үйінен майдың иісі шығады,

Жатқан болар жеті шелпек пісіріп.

 

Қыс да кетер, шығар ертең жаз анық,

Су да, ауа да қалар біраз тазарып.

Күнде дәрет алып жүрген адамдай,

Кір-қоқысты кетер шайып тазалық.

 

Бұл дерттің емін кім табар?!

 

Коронавирус Қытайды жайлап,

Туғызды үрей әлемге.

Айығу жолын қойса да сайлап,

Төніп тұр қауіп бар елге.

 

Тұрғындар қанша жасаған амал,

Дауасын таппай жыны ұстар.

Елімде менің бұдан да жаман,

Жемқорлық деген вирус бар.

 

Жамандық деген етегін жайса,

Жақсылық үшін өріс тар.

Қоғамда біздің жайылған қойша

Жалғандық деген вирус бар.

 

Естуге жайсыз толып тұр ақпар,

Күтемін жақсы бір хабар.

Жайылған жұртқа  індеттен сақтар

Бұл дерттің емін кім табар?!

 

 

Карантин

 

Аяймын депутаттарды,

Таң атпай залға жиналып,

Ұйқысы бұрын қанбаған.

Аурудан қорқып, қиналып,

Бөлмеден шыға алмаған,

Үйінің асын жаратпай,

Мейрамханаға бармаған.

Маңына жанды жолатпай,

Көлікке мінбей, сорлаған.

Қатерлі дерттің қаупіне

Өзіне келмей нанбаған.

Шет елге шығып несі бар,

Ел-жұртын болса қорғаған.

Биліктің болса есі бар,

Осыған дейін шынында,

Карантин неге болмаған?!

 

Аяймын саудагерлерді,

Тұралап қалған саудасы.

Шетелден тауар тасыған

Тұра ма қаңсып арбасы.

Жүрмей ме тағы аһ ұрып,

Тып-типыл болса қамбасы.

Кетпей ме ісін жапырып,

Дәуірдің ұрса балғасы.

Доллардың құны өскенде,

Қалар ма толмай дорбасы.

Кетер ме қашып өткелде

Жанына ерген жолдасы.

Мал тапса тігіп бетперде,

Сол ғана болар олжасы.

Айналып пұлға кеткен бе

Халықтың тамған көз жасы?!

 

Аяймын дәрігерлерді

Үлгермей жатқан елді емдеп.

Қалса егер бітіп дәрісі,

Сырқаттар  қалай емделмек?

Қаптаған жасы, кәрісі

Дауа іздеп дертке сенделмек.

Бақсылар шығар дұға оқып,

Айықтыратын менмін деп.

Сөзіне сеніп құба-құп,

Тұрасың соған көнгің кеп.

Істейтін қандай амал бар,

Вирусқа толса жер мен көк.

Жүректен нала кетер ме,

Айтатын кім бар өлдің деп.

Бір Алла жәрдем бермесе,

Орындала ма сол міндет?!

 

Кәріне мінді

 

Кәріне мінді Коронавирус,

Ассамблея мен Корпоративке

Жұмсалған шығын түп-түгел бұрыс,

Шықты деп шектен айтылды өкпе.

 

Жүргенде сыртта үйіңнен қашық,

Бетперде кимей, жөтелме деді.

Судайын тасып, ақшаны шашып,

Қыдыра берме шет елге деді.

 

Болмаса түгел құбылаң сайлы,

Несие алып қиналма деді.

Бауыздап қойды, сойдырып тайды,

Сылтау қып тойды, жиналма деді.

 

Тегіннен тегін келмейді олжаң,

Біреуден алып дәметпе деді.

Қолыңды жуып, сабынды қолдан,

Көңіліңді бөлгін дәретке деді.

 

Өсекке сенбей, жаманға ермей,

Таза боп жүрсең кетемін деді.

Жүретін болсаң айтқанға көнбей,

Өмірің болар өтемің деді.

 

Көбейтіп жатыр жарлығын енді

Коронавирус киген соң тәжін.

Барлығын, халқым, көзіңмен көрдің,

Қайтарар бетін бар ма өзі лажың?!

 

Ақылбек Шаяхмет, ақын 

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны