«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Ей, жас ұрпақ...
Ей, жас ұрпақ...
Дайындаған: 1 ай бұрын

Досым Желтоқсан көтерілісінің батыры Жәлел Әуезге арнаймын.

Ей, жас ұрпақ!
Ата салттан, әдет-ғұрыптан
Қалған бүгін жатырқап,
Тарихыңа қарамашы тосырқап.

Білемісің, білемісің жас ұрпақ,
Желтоқсанның мұз кешінде,
Біз шыққанбыз күресуге.
Көтерілген біз кешінде
Желтоқсанның мұзы есімде.
Қанға бөккен қар үстінде
Жатқандағы сыз есімде.

Болат сауыт киінгендер,
Күрзі шоқпар үйіргендер,
Бізге қарсы күшін сайлап,
Түсті ұрысқа тісін қайрап.
Желтоқсанда ұрандатқан,
Шама болмай тіресуге.
Сұлап жатқан, құлап жатқан
Бәрі есімде, бәрі есімде.

Гүл ғұмыры аяқталған,
Таяқталған қыз есімде.
Жағаласып аға ұлтпен
Жаға жыртқан ұл есімде.
Опат болған күресінде
Бала батыр тұр есімде.

Білесің бе, білесің бе?
Келер ұрпақ, өсер ұрпақ,
Сенің жарқын келешегің
Өтер сенің берешегің.

Ей, келешек, келер ұрпақ,
Сен алаңсыз қалма ұйықтап,
Елдің туын ұста мықтап.
Біздің елдің болашағы
Енді сенің үлесіңде.

Алатаудың етегінде,
Қайсар сезім жетегінде
Аю тектес айуанменен
Арпалысқан күн есімде.

Бәрі есімде, бәрі есімде,
Ұйтқи соққан жел есімде.
Бүрсеңдеген жел өтінде
Еңіреген ел есімде.

Сенесің бе, сенесің бе?
Соның бәрі әлі есімде.

Жаңа ғасыр белесінде
Енді міне тәуелсізбіз.
Тәуелсізбіз, тәуелсізбіз,
Бірақ, бірақ неге үнсізбіз?
Тілімізден жұрдай болған,
Біз орысқа құлдай болған,
Озбыр кезең жалғаса ма?
Сары орыстың билігі енді
Қара орыспен алмаса ма?

Алаңдаймын, алаңдаймын,
Тағы алаңға шыға алмаймын.
Өзімді өзім жыға алмаймын!
Бірақ, бірақ ұға алмаймын.
Біздің ұрпақ баяғыдай
Өзге тілде тілдесе ме,
Жалтақтаумен күн кеше ме?

Білесің бе, сезесің бе?
Алатаудың баурайынан
Мұнарланып бұлт көшуде,
Наразылық күнде өсуде.

Сары орыстың қуыршақтары,
Тойынбайтын құрсақтары.
Ата-баба мұрасына
Ауыз салған сұрасын ба?
Рухани игілікті
Керек етпей ұғасың ба?!
Ішіп-жеуден үлгере алмай,
Баба тілін игере алмай,
Өзге тілде тілдесуде.
Басқа жұртпен бірлесуде,
Қуыс кеуде кейбіреуі
Бізге бөтен дінге өтуде,
Бөгде ұлттай күй кешуде.

Кейде ашумын, кейде ызамын,
Ей, қазағым ей, қазағым,
Өзге тілде шүлдірлеген
Осал екен кей қазағың.

Ей, қазақтың болашағы
Бірің шыңдай, бірің құздай
Болсаң ғана өтеледі
Ата-баба алашағы.

Күресіңдер бәрің тынбай,
Исатай мен Махамбеттің
Ұрандатқан ұрысындай,
Кенесары қылышындай,
Жүрсін ұрпақ жүзі сынбай.
Болсаң ғана бірің мыңдай
Дұшпандарың болар жымдай.

Болашағым, болашағым
Әлі есімде, әлі есімде.
Жәбір көрген бала шағым.
Мен сондықтан аласамын!

Бірақ, бірақ, болашағым,
Теңдік үшін таласамын.
Менің сенген болашағым
Сен дей көрме: «Аласамын».

Бал ашамын, бал ашамын,
Жарқын сенің болашағың!

Мұхтарбек Тұрысбекұлы

 

Aqsaqaldar.kz

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны