«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Ел сыншысы - Көдек ақын
Ел сыншысы - Көдек ақын
Дайындаған: 2 апта бұрын

Серік Сүйіндік

      Мен Көдек ақын жайлы әңгімелерді кішкене күнімнен әкемнен естіп өстім. Естіп өстім дегенімнің өзі әкейдің ара-тұра шай үстінде айтқан әңгімелері мен үзік-үзік шумақтар ғана еді. Ақиқатында, ол кездерде Көдек шығармалары еркін дәріптелмейтін. Тек есімде қалғаны әкем марқұмның ақынның шумақтарын  төгіп-төгіп жіберіп «Қайран Көкең!».. деп ойға шомып қалатыны еді. Кейін есейгенде әкем құралпылас кісілерден Көдек туралы естіп қалып жүрдім, Бірақ, ақынды терең түсініп, зерттей жөнеледім десем артық болар. Мән бере қоймағанымның себебін қазір ойласам, Көдек ақынның болмысы біз тәрбиеленген жүйеден тым алшақ екен.

      "Түлкінің қызылдығы басының соры" дегендей Көдек шығармашылығының көнелігі, қазақы түпнұсқа болмыстан тұратыны - оның жырларының насихатталмауының басты себебі болса керек. Көдек сынды қазақы ақындық міндетке адал болған қаншама ақындардың шығармалары түгелдей жойылып, там-тұм тамтығы ғана осы заманға жетті. Ал Көдек Байшығанұлының шығармаларының толыққа жуық сақталып бізге жетуі үлкен олжа.

"Мен едім ақын Көдек Сүмбедегі,

Бар шығар Құдаяның бір дегені.

Белгілі алыстағы дұшпаннанда

Дос жаман аңдып жүрген іргедегі.

Ұсталып кейбіреулер кетіп жатыр,

Кебенек киген адам бір келеді.

Қаңғырып өрмен қырға қашқын болдық,

Кісідей түсі кеткен түрмедегі.

Санасам бір ай он күн болған екен,

Бері өтіп шекарадан "шу!"дегелі.

Жарамды мал пұлымды қалмақ алды,

Оның да келер ме екен бір кезегі.

Бүлдіргі бүлінгеннен алма деген,

Айтқаны бұрынғының шын келеді.

Тоқыған көл жүзіндей дүние тұр,

Ел болып қай уақытта гүлденеді"  - деп басталатын  "Ел аралау"  дастанында ақын өзі айтып өткендей, "шу" деп шекарадан өтіп кетпегенде, мұралары бүгінгі заманға осы қалпында жетер ме еді, жетпес пе еді?! Әрине жетпей қалған әндері, жырлары, дастандары да бар деп естиміз. Он беске тарта әндері болған деген дерек бар. Соның үшеуін, төртеуін талмай іздеп зертеп, Тілеулес Құрманғалиев  көпшілікке таратып жүр.

      Қызыл өкіметтің құрығынан қашып өрге барғанымен ол жерде де жағдай бірден мәз бола кетпесе керек.

" ...Суырша жердіп қазы кіріп алып,

Келісіп тұрған кезі сұрдың енді.

Үйді су алмасын деп жауын жауса,

Есікті еңіс жақтан жырдық енді.

От жағып ортасына көріп едік,

Кірді де көзге түтін құрыдық енді.

Бұнымен дәурен сүріп болмайды деп,

Құлжаға меш іздеуге жүрдік енді.

Мешті әкеп гүрілдетіп жаққаннан соң,

Азырақ көңіл шіркін тындың енді, - деп суреттегенінен онда барған елдің жағдайын анық көруге болады.

...Қапалық осы жерден келді басқа,

Ойласам тұрмысымды бір күні енді.

Ерулік жөні келсе сұрайын деп,

Аралап қайтайын деп бір құры елді.

Нәсіпке не ілінсе көретұғын,

Жолы деп жанбағыстың тұрдым енді.

Ұранды аты шыққан жақсыларды,

Аралап қайтайын деп бір-бір енді.

Қасыма Әлімбайды ертіп алып,

Атыма тәуекел деп міндім енді..." - деп әруақты ақын ол жақтағы Албан мен Қызайдың арасына барған соң да ақындық міндетінен жазбай, қазақы жүйемен ел аралап өлең айтуын жалғастырады.

Бұл жақа ақын Көдек қашып келіп,

Аралап елі жұртын көргелі жүр.

Мампаң мен ақалақшы зәңгілерін,

Қабаттап бір өлеңге тергелі жүр.

Бас тартпай турасынан қоя берсем,

Сөзімнің шығар еді кермегі бір, - деп жырлағанынан-ақ ақынның тек ерулік сұрап, жанбағыстың қамымен ел араламағанын, ақиқатын айтып, ел сыншысы бола білгенін көреміз.

      Шындығын айту керек, Көдек шығармалары бізге сол қытай жеріндегі қазақтардың жинақтап төте жазумен бастырған кітабымен жетті. Ол кітаптың жинақталуына Нұрмұқан аға сынды жақсылар  мұрындық болған деп естиміз. Әрине ондай ұлағатты іс атқарған ағайынға айтар алғыс шексіз.

      Бұл жерде Көдек Байшығанұлының ақындығы қытай жерінде қалыптасты ма деген ой тумауы керек. Басына қуғын түсіп тағдыры аласапыранға айналған ақын көкірек, қытай жеріндегі тұрғын елдің арасына кіргеннен соң еркін көсіліп, өз мұңын ғана емес ел мұңын суреттеп, өзінің де сол сорлаған елдің бірі екенін  ұғына жырлап төгілгенде, шығармашылық жолының келесі жаңа белесіне шарықтай көтеріле түскенін ұғына білуіміз керек.

      Байқап қарасақ Кеңес өкіметіне Көдек ақынның өлеңдері ғана емсе, өзгермейтін қазақы болмысы, қазақы қасиетті жүйеге сай қалыптасқан ақындық көзқарасы ұнамаған екен. Көкеңнің "он алтыда" солдатқа алынып, одан қашып келгені туралы да дастаны бар.

      1916 жылдағы Ұлтазаттық көтерілісті, одан кейінгі жылдардағы болған оқиғаларды, қалмақтан мал-жанды даулап барған Тұрлықожа Жансеркеұлының  Қытай әкімшілігімен келіссөз жүргізген дипломатиялық сәтін былай деп жеткізе жырлайды.

Он жетiншi жылыңа,

Келдiм жаңа аяңдап.

Ендiгi сөзге, құлақ сал,

Сөйлесiн Көдек баяндап.

Тұрлықожа жол шектi,

«Елiмдi жиып алам – деп.

Үрiккен жұртты қайтарып,

Қонысына салам», – деп.

 

Құлжа деген шәрiде,

Қытайдың басшы амбалы,

Жыңжушыға жолығып,

Қолына алды тамғаны.

Жергiлiктi ұлықтың,

Болмау үшiн жанжалы.

 

«Босқын елден таланған,

Мал-мүлiктi бер, — дедi.

Қашқын да болса халық қой,

Оған көңiл бөл», — дедi.

 

Сүйдiн деген қалада,

«Ерлiгiмдi көр» дедi.

Сабап Төрге қалмақты,

Айтқанына көндiрдi.

Аударып алып бөрте атты,

Жанына хауiп төндiрдi.

 

Үсейiнбай қашқарлық,

Ыңғайында ол жүрдi.

Мың амбы, сiбе қалыс боп,

Сөзiне сонда сендiрдi.

Сексен түйе, сегiз ат

Ел шығынын өндiрдi.

 

Қас, Күнес, Текес, Жырғалаң

Ердiң iсiн ел бiлдi.

Бәрiн түгел аралап,

Ақылға елдi көндiрдi.

Қалжат, Қорғас, Нарынқол

Шегарадан өткiзiп,

Жерiне елдi қондырды.

 

Айтып айтпай не керек,

Ақылы асып жөн бiлдi.

Опасы жоқ сұм ажал,

Есiл ердiң қапыда,

Оң сапарын сол қылды.

 

Бармақ тiстеп, сан ұрып,

Қалың Албан шулапты.

«Ажал неден болды» деп,

Шаңдатыпты тулақты.

 

Қауып қайдан демеңiз,

Қалмақ деген қу халық.

Қапысын тауып кетiптi,

Үзеңгiге у жағып.

Адастырды аңғалдық,

Құр амалсыз шуладық.

 

Үш күн салып араға,

Сүмбенiң өтiп суынан,

Сол удан ер сұлапты.

Жеткенiнде жұма күн,

Жансеркенiң жанына,

Ат жалын құшып құлапты.

Осындай жолды жүріп өткен, ішкі жан дүниесі ақиқат қазақ жүйесіне құрылған көне ұлағатты аңсап, қазақтың басына мызғымас бақ-дәулеттің орнауын, елдің іресінің бүтіндігін, болмыстың заңдылыққа сай тұрақтылығын армандаған ақынның "жасасын" деген ұранға еріп өзгермеуі әрине жаңа үкіметке ұнамасы айқын. Басында "патша қысымынан құтылдық, теңдік алдық"  дегенге  иланғанымен,  Кеңес үкіметінің түпкі бағытын аңғарған ақын жүрек жалғандыққа бара алмайды.

"Бұл сәбет "жаса" деді жасатады,

Жақсыларды қудалап тас атады,

Отыз қойлы орташа аман болсаң,

Сағанда құйрық бауыр асатады", - деген сияқты шумақтар ел аузында сақталған. Біздің қаттар  бұндай шумақтарды бір кезде сыбырлап қана айтатын еді.                                                               (Жалғасы бар)

Серік  Сүйіндік

Абай.кз

 

 

                                                                                   

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер