«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Қайда біздің «айбатты» ерлер?!
Қайда біздің «айбатты» ерлер?!
Дайындаған: 3 ай бұрын

 

Қартайдық,  қайғы ойладық...

Қаншама жыл мен осы қақсап келем,

Ағайынға, достарға жақсақ деп ем.

Бара алмадық қонаққа, сыртқа шықпай,

Амандастық, көрістік Ватсаппенен.

 

Той көп деп ек. Той да жоқ. Енді қайттік?

Үйде отырып әртүрлі әңгіме айттық.

Ет пен нанға қосылды дәрі-дәрмек,

Сатып алып, басқа бір елді байыттық.

 

Ашып қалсаң газетті бәрі жақсы,

Жоқ сияқты нан менен суға тапшы.

Әдемі әнді аңсасаң көк жәшіктен

Мазаны алар шуылдап өңшең бақсы.

 

Теледидар ертеде болған ғажап,

Әбден алжып кетуге қалды-ау аз-ақ.

Ойын-күлкі, ыржаңдау, у менен шу,

Шал-кемпірін қазақтың қылған мазақ.

 

Ол аз десең ұрысқақ қатын-қалаш

Көрінеді, әрине, көзге қораш.

Бола алады кімдерге үлгі-өнеге

Ұрыс-керіс, шықпаған байға талас.

 

Сескентіп, үрей қысса тәмам елді,

Қолға қалай алмайсың қаламды енді.

Кешегі ұлы Абайды  қапа қылған,

Қартайып, қайғы ойлайтын заман келді.

 

*

 

Айқасып жүріп қақ-соқта,

Тұрлаусыз мына жалғанда

Жете алмай тұтас мақсатқа,

Ерлер көп кеткен арманда.

 

Қылса да қызмет ұлтына,

Қай жерде басы қалмаған.

Ағаштан шыққан шырпы да

Орманды қалың жалмаған.

 

Қалса да елдің есінде,

Ел үшін еңбек еткендер.

Шалқып жүр дала төсінде

Есіріп, кері кеткендер.

 

Болған соң жақын Сарайға,

«Қайраткер» бәрі шетінен,

Ел-жұртын туған, алайда,

Қорғамас желдің өтінен.

 

Тырсияр үрген қарындай,

Шайтаннан сабақ алған ба?

Таппайды менің жаным жай

Қарқылдап қарға қонғанда.

 

Санасы кем боп жаралған,

Іске аспас онда мың айлаң.

Ұялсын неге адамнан,

Сескенбей жүрсе Құдайдан?!

 

 *

 

Ақылы жоқ, атағы бар,

Ұғымы аз ұлығың

Түйсігі жоқ батаны ұғар,

Жаратпаймын қылығын.

 

Сөз сөйлесе шікірейіп,

Төрге шықса шіреніп,

Керік сынды кекірейіп,

Жүр ғой талай тірі өлік.

 

Ақиқаттың жақтасы боп,

Айта-айта шаршаған,

Ақылы көп, ақшасы жоқ,

Қаңғырып жүр қанша адам?!

 

Жей алмайсың ұдайы бал,

Түзер қазақ көшін де.

«Жыртық үйдің Құдайы  бар»

Деген мәтел есімде.

 

 

*

 

Басып-жаншып, төрге ұмтылып, кимелеп,

Туыстарын, ауылдасын сүйрелеп,

Жайлы орынға жайғастырып жақынын,

Сыбайластан дәметеді сый бөлек.

 

Бәтіңкенің бауын байлап үйге кеп,

Омырауының түймелерін түймелеп,

Жағымпаздар  көпшік қойып астына,

Маңында оның жүреді екен үймелеп.

 

Байқа, досым, бола берме күйгелек,

Билер де көп, би түсетін үй де көп.

Жалған сөйлеп, жалған өмір сүруге

Бұл жалғанда керек емес ми да көп.

 

*

 

Сөз бен ісі қабыспаған

Адамдар да таныс маған.

Даңғойларды үлгі етеді,

Сый мен құрмет дәметеді

Аттағаны қарыс қадам.

 

Уақыты бос өтпейді.

Өскен жанды өсектейді.

Ұмытпайды  бас амалын,

Ұсақ-түйек жасағанын

Ірілік деп есептейді.

 

Еркін жүріп, еркін сөйлеп,

Жүрген кісі елде сирек.

Қолы жетпей кеш қалғаны,

Етектегі ескі арбаны

Апара ма өрге сүйреп?!

 

От басында қайнап, терлер,

Толып кетті «қайраткерлер».

Көтеретін елдің жүгін,

Айта алатын елдің мұңын,

Қайда біздің «айбатты» ерлер?!

 

*

Бірде жеңсек те, бірде жеңіліп,

Кейде арықтап, кейде семіріп,

Жердегі асылды алуға ерініп,

Жүрдік желпініп, жүрдік желігіп.

Жаттың жаманы жақсы көрініп,

Даңғаза, у-шу мен дақпыртқа беріліп,

Өзге жұрттардың ғұрпы астына

Салт дәстүрім қалды көміліп.

Есерсоқ елдегі жатса еліріп,

Келді жегі құрт жүйке кеміріп.

Сойған сиырдың бүйрегі секілді

Жан-жаққа бытырап, кеттік бөлініп.

Ойланшы, қылатын бар ма амалың,

Сүйікті оқырман! Тұрсың не біліп?

 

Ақылбек Шаяхмет

Қостанай

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер