«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Ұлтым - деп соққан жүрек
Ұлтым - деп соққан жүрек
Дайындаған: 4 ай бұрын

Тағдыр бізбен неге қатал ойнаған?

 

Өзгелердей том-том кітап жазбағам,
Өлең жазар өнерім бар аздаған.
Өрт емеспін жалынымен жалмаған,
Жыраулардан қалған шоқпын маздаған.

Жан емеспін мен жанымды жалдаған,
Қу дүниемен өзімді өзім алдаған.
Ар-намысын құлдық кезең жалмаған,
Халқым мешел нағыз қайғы сол маған.

Тарихымда бұндай кезең болмаған,
Ұл-қыздарым ана тілін қорлаған.
Сары орыстың үгіті мен ақпары,
Санамызды өрмекшідей торлаған.

Ұрпағының ойлағаны пұл болған,
Жалынының шоғы өшіп күл болған.
Қайрат-жігер, ар-намыстан тұл болған,
Қазақ осы әлі орысқа құл болған.

Дұшпанымның құрбанына айналған,
Бұғауланып Итжеккенге айдалған.
Болашағым тап осылай болар деп,
Арыстарым емес, сірә ойлаған.

«Тағдыр бізбен неге қатал ойнаған?»-
Деген сұрақ келе береді ой маған.
Ширек ғасыр дербестігін тойлаған,
Неге қазақ жалтақтауын қоймаған?

Тәуелсіздік таңын әйтеу атырдық,
Деп жүргенде сары орысты қатырдық.
Тарихы мен дінін, тілін білмейтін,
Қараорысты алыппыз ғой басым ғып.

Тегімізде бар еді ғой батырлық,
Неге бүгін біз шатастық, шатылдық.
Жас баладай қант-кәмпитке алданған,
Әзәзілге неге арзанға сатылдық.

Елдің қамын ойлаушы еді бабамыз,
Ердің қамын ойлаушы еді анамыз.
Неге бүгін мұнша алшақтап арамыз?
Ар-намыстан жұрдай болып барамыз.

Бос күлкі мен боқ дүниеге тоймаған,
Толып жатыр қазақ тойын тойлаған.
Жанталасқан, жаға жыртқан заманда,
Ерлер қайда елін, жерін ойлаған?

 

                         *

Ей қазағым, неге отырсың жұдырықтай жұмылмай?

 

Ғасырлардан ғасырларға аман жеттің жығылмай,
Енді, бүгін неге отырсың жұдырықтай жұмылмай?
Өз елің бар, өз жерің бар,
Қадіріңді жүрсің неге ұғынбай?
Рухыңды биік ұста. Тәңір берген туыңдай!

Бәйтерексің тамыр жайған туындай,
Сан дауылдан қалған аман жұлынбай,
Сезін енді, сезін енді...
Сен өзіңді, Ұлы Тұран ұлындай.
Ешкім сені басынбасын құлындай.

Өз еліңде, ешкімненде бұғынбай,
Сен жаныңды ортаға сал шырылдай.
Иттер саған қарсы шапса ырылдай,
Сасып інге кіріп кетпе суырдай.

Бұралқы иттер үрер бір-аз шуылдай.
Асып-тасқан асау өзен суындай,
Жамандардың аяғына жығылмай,
Сен өте шық өз арнаңмен бұрылмай.

 

                       *

Барыстан қасқыр артық арлан-бөрі.

 

Заты қасқыр болса да ит боп үрген,
Енді барыс атанбақ болып жүрген.
Ұлуды ұмыт қылған шиібөріге,
Айтайын мен өкпемді іште жүрген.

Төбеттей қарғы баулы шиібөрі,
Өз ұлын өгейсітпей сүйеді елі,
Шіренбей мойныңды бұр енді бері,
Сарала мысық болам деген саған,
Өкпелі ел мен жердің иелері.

Ұлитын ұяласқа өз үнің бар,
Ұрмасын ата-баба киелері.
Мысық боп миаулама шиібөрі,
Мазақ қып күллі әлемнің күледі елі.

Онсызда төбет болып біраз үрдік,
Аюдың жетегінде жылдап жүрдік.
Қамытын түсіріп біз енді құлдық,
Мысық пен итқұсты да шенді қылдық.

Тәуелсіз болғанымыз енді шындық,
Жат жұртқа жағынғаның енді сұмдық.
Күшің бар бір өзіңде енді мыңдық,
Қамытын кимекпісің қайта құлдық.

Мызғымас маң даланың майдангері,
Ешкімге жалтақтамас арлан-бөрі.
Біреудің тілін егер таппақ болса,
Досына жалбақтар ол жаудан көрі.

Жазық жер бізге жайлы таудан көрі,
Тау тасты сағалайды ауған бөрі. 
Маң дала бізге жақын жардан көрі,
Барыстан қасқыр артық арлан-бөрі.

Ендеше неге мысық болмақшысың,
Көсілген кең далада орын жоқтай.
Қонақ боп енді тауға қонбақпысың,
Жазықты жайлай алмай қысы жазы,
Дірдектеп қарлы шыңда тоңбақпысың.

Саны аз барыс болып оңбақпысың,
Сары ала теңбіл тонды болмақпысың.
Көкжал боп көкшіл жалың күдіреймей,
Кітапта қызыл түсті қалмақпысың.

Құрудың аз алдында қалып тұрған,
Барыстың да түгі жоқ жарып тұрған.
Өзгелер сені айнытпай танып тұрған,
Қасқыр ғой сенің халқым анық тұлғаң.

Қораны шыр айналып шуылдаған,
Анадан арлан болып туылмаған.
Қазағым итқұс дейтін шиібөріні,
Неліктен қасқыр болу жалықтырған.

Ит болу адам болу ардан дейді,
Құбылған құнсыздарды арзан дейді.
Тегінен тексіз ғана айнымайма,
Білектен батырғанда қолды майға.

Жылмиған біз мысықтың тонын кисек,
Айныған атасынан көкжалдар-ау, 
Күпитіп күдірейткен жонымызды,
Қай жаққа жібереміз жалымызды.

Сатпайық біз басқаға арымызды,
Арықтаған білдіртпей қалымызды.
Арлан-бөрі болайық қайта жұртым, 
Ортаға сап одан да барымызды.

Мықты деп мырзаларды жағаламай,
Аю мен айдақарды ағаламай.
Жүрейік кең далада кеуде керіп
Барыстай сай-саланы сағаламай.

Ешкім шешіп ала алмас тонымызды,
Жортайық күдірейтіп жонымызды.
Өшігіп іші күйген өзге жұрттар,
Қаласын қаламасын онымызды.

 

                     *

Мен-бөрімін, Иесі Ұлы Даланың!

 

Әркімнің бір жетегіне еретін,

Ит емеспін қарғыбауға көнетін.

Қожайыны итаяққа тастаған,

Кемірілген сүйекті олжа көретін.

Қой емеспін қорасынан өретін,

Қоңсыздығын қойшысынан көретін.

Мен бөрімін, мен бөрімін

Намыс үшін өлетін.

Мен бөрімін, мен бөрімін

Өзгеге емес тек өзіне сенетін.

Тәңір берген азаттық пен ар үшін,

Жон терісін сыпырса да көнетін.

Мен бөрімін, мен бөрімін

Алысқанда аюды да жеңетін.

Алда - жалда апанына үңілсе,

Айдаһардан қайтпай айбат шегетін.

Мен бөрімін, мен бөрімін

Бөлтірігін баулытпайтын бөтенге,

Қару ұстап жау келмесе мекенге,

Аттан салып, ұран тастап ұлымайтын бекерге.

Мен бөрімін, мен бөрімін

Арланмын мен қайсар мінез абадан.

Үрмедің деп күнде иесі сабаған,

Байлаудағы ит емеспін қабаған.

Мен бөрімін, мен бөрімін

Ұрпағымын бабамның.

Иесімін, киесімін

Ұлан-байтақ Даламның!!!

 

                     *

Арандатпа деймісің...

 

Арандатпа деймісің, арандатпа.
Сөйлеу үшін тіл берген адамзатқа!
Ақпардың ақиқаты жетпеген соң
"Аттан" салар кейде адам алаңдап та.

Арандатпа деймісің, арам ботқа,
Арандамас үшін сен алаңдатпа.
Сұмдығың шымбайына батпаса егер,
Шырылдап шыңғыра ма адам босқа?

Арандатпа деймісің, арам ботқа,
Жанайқайды түсінер санаң жоқ па?!
Елі жоқ есалаңдар есіріп жүр
Үн шығармай үйімде жанам ба отқа?!

Отыз жыл елімді езген, арам ботқа,
Үнімді өшірем деп борандатпа.
Мың өліп, мың тірілген қазақпын мен,
Қырам деп қылышыңды жалаңдатпа.

 

Мұқтарбек Тұрысбекұлы

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер