«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Ойлан қазақ...
Ойлан қазақ...
Дайындаған: 2 ай бұрын

Ойлан қазақ!

Оян қазақ, ойлан қазақ,
Көтер қане басыңды.
Келімсектер өрге өрлетпей тасыңды,
Тартып ішіп жатыр сенің асыңды.

Қайран қазақ ұйқыдасың,
Айырмайсың досың менен қасыңды.
Әзәзілдер әуре етіп жасыңды,
Мазақ етіп ұл-қызыңды басынды.

Намыссыздар жат жұрттарға сатылды,
Қазынаңды қалтасына жасырды.
Жылпосыңның жымқырғаны түк емес,
Келімсекке кен байлығың шашылды.

Жағымпаздар итке, құсқа басұрды,
Дұшпаныңа байлап берді батыр менен асылды.
Көзі алақтар, аляқтар
Ширек ғасыр ақиқатты жасырды.
Өз халқынан қулықтарын асырды.

"Көсемдердің" енді к@ті ашылды,
Сен ұйқыда, сергек қазақ ашынды.
Көтер басты бойға жиып ашуды,
Сілкіп таста мойныңдағы масылды!

 

              *

Намыс деген не жетер ғаламатқа!

Ер салмасаң, ер салма жарау атқа,
Аттанбасаң, аттанба ғазауатқа.
Елдігіңнің ертеңі сынға түссе,
Ез деген қалма бірақ жаман атқа...

Қандасыңа қас қылса қарап жатпа,
Итке айналып иеңді талап жатпа.
Жұртым деген жақсыңды балап жатқа,
Жалғыз тастап жан-жаққа тарап жатпа.

Талай мазақ боламыз талап жоқта,
Табанға сап таптайды теңеп жоққа.
Азаматқа лайық іс қылмасаң,
Бір күндері сені де жағады отқа.

Елім деген ерлерің иірімде,
Жабыла өңшең жаман шүйілуде.
Жұртым деген жандарды жарға тіреп,
Қой секілді көндірмек иіруге.

Намыс деген не жетер ғаламатқа,
Арашашы болмассың Адамзатқа!
Ар алдында аратүс Азаматқа
Лайық болам десең Адам атқа!!!

 

                  *

Томаға сап, қыранға тор құрмайық

Құстар болар тотыдай торға лайық,
Торға қамап қыранды қор қылмайық.
Орнын баспайды...
Сұрқылтай салмағы жоқ,
Сауысқан мен қарғаны зор қылмайық.

Томаға сап, қыранға тор құрмайық,
Қанатынан айырып кем қылмайық.
Заңғар көктің еркесін жерге жығып
Қара ниет қарғаға жем қылмайық.

Қор қылмайық қыранды, қор қылмайық,
Қырғи қысса қыранға зар болмайық.
Шашып жейтін қыранды торға қамап,
Басып жейтін құзғынға жем болмайық.

Басқаларда қыран бар, кем болмайық,
Қырағы көз қыранды торға қамап.
Түнде ұшатын үкіден жасқанатын
Қыраны жоқ, қырты көп Ел болмайық!

 

                       *

 

Көз сатып бекер бозарма!

Өмір деген базарда,
Сыйдырып бәрін жанарға.
Қомағайланып, қозынып,
Көз сатып бекер бозарма!

Көз құрты болған талайға,
Жанарға сыйған дүниең,
Қарныңа сыймайды қалайда.
Соңыңнан да ермейді солай ма?!

Уақыттан адам озар ма?
Бәрі де сенен қалады.
Аранын ашқан сұм ажал
Өзіңді ғана алады..

Қомайғайланып азарда,
Тойымсыздықтан тозарда,
Дүние қуған, ағайын
Алайық - бұны назарға!

 

                *

Әй бауырым енді кімге сенесің?!

Әй бауырым енді кімге сенесің?
Өгей санап менсінбейтін енесін.
Тіл дегенде көрсетпейтін төбесін,
Мәңгүрттерден қойдық елдің төресін.

Күйің осы оны кімнен көресің?
Басқа шыққан мәнгүрттерге көнесің.
Кердеңдеген келімсекке басұрған,
Оның өзің көріп жүрсің өресін.

Намыс болса неге қойдай өресің?
Бүйте берсең бір күндері өлесің.
Ата-баба арманына жете алмай,
Айдың күннің аманында сөнесің.

Басқалардың таңсық көріп көнесін,
Тек соларға табынасың, төнесің.
Жылпостарға болып бір сәт бөгесін,
Ел болмаққа қашан көңіл бөлесің?!

МӘҢГҮРТ болма - МӘҢГІ ҰЛТ бол!

 

                 *

Өмір деген жай ғана аялдама

Өмір деген жай ғана аялдама,
Бұл жалғанда қалмайсың, амалдама.
Бір күндері арнайы саған ғана
Ажал арба келеді, алаңдама.

Күтер сені келесі аялдама,
Оған қарай асықпа, аяңдама.
О дүниеден келгенше хабарлама,
Күні бұрын жетпейсің далаңдама.

Қош дегенде дүние - аялдама,
Сенде мұрша қалмайды аялдарға.
Арба күткен келесі адамдарға
Мәлмет қалсын соңыңда баяндарға!

Атыңды атап жатса да құмарлана,
Том -том пікір жазса да шығармаңа,
Арба мініп, алыстап кеткен күні
Бар ғұмырың - бір парақ, баяндама.

Қайғырмайды дүние саған бола,
Толқымайды көз жасы тоған бола.
Тағдыр осы бұйырған саған бала
Салынба сен де уайымға оған бола!

Р.S.
О дүниеден жеткенше хабарлама,
Өмір деген жай ғана аялдама..

 

Мұқтарбек Тұрысбекұлы

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер