«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Есіл жұртым, текке айтпаймын мұны мен...
Есіл жұртым, текке айтпаймын мұны мен...
Дайындаған: 3 ай бұрын

Өлеңдер

 

Тілек айтсақ тым ұзақ ғұмыр тілеп,

Қартайған шал бола ма бүгін тірек?!

Ел алдында айтатын сөзі басқа,

Ойына алған жасайды ісін бөлек.

 

Алжыған шал ойлайды ұлымын деп,

Елге сыйлы пенденің бірімін деп.

Фәнидегі қызыққа әуейленіп,

Айта алмайды: «Құдайдың құлымын!» - деп.

 

Еңбек еткен адамға алғысы жоқ,

Аты шыққан пейілі тар кісі деп.

Қара басын күйттеген зымиянның

Ел-жұртынан естіген қарғысы көп.

 

Жақын қалып тұрса да көрі мүлде,

Дәрмені жоқ бұрылып, шегінуге.

Мезгілінде өлген де жақсы екен ғой,

Абыройы болады  өлімнің де.

 

*   *  *

 

Замананың көшіне ере білген,

Төрде отырған сықиған төре кілең.

Біреуі отыр ақшаның көмегімен,

Біреуі отыр  ұлының беделімен.

 

Замананың көшіне ере білген,

Төрде отырған сықиған төре кілең.

Біреуі отыр жағынғыш «өнерімен»,

Біреуі отыр мықтының демеуімен.

 

Қойдың басы келгенде алдарына,

«Қайтемін?!» -деп қарайды жан-жағына.

Шұқып жейді асты да шанышқымен,

Ұқсамайды баяғы шалдарыма.

 

Қазақ аты болғанмен атасы нақ,

Өскен жандай аулақта жат асырап.

Тост айтады үйренген әдетімен,

Әуре болма олардан бата сұрап.

 

 

*   *  *

 

Елім бүгін кез боп жатыр ез, қыртқа,

Қазақ қызы жар боп жатыр өзге ұлтқа.

Батыры үшін Тайбурылды баптаған

Мұны көрсе не дер еді Қыз-Құртқа?!

 

Жақсы қыздан қандай жігіт құр қалсын,

Ар-намысты биік қояр кім барсың?

Сіңілісі ұзатылса зәңгіге,

Не дер еді айдай ару Гүлбаршын?!

 

Қара көздер көбейгенмен аласы аз,

Табылады  қарындастар санасы аз.

Туған ұлтын қиған қызға қиналмай,

Не дер еді қарақат көз Қаращаш?

 

Ата-анасы аймалаған елжіреп,

Етегін де көтермеген жел-жібек.

Ботақаны кетіп жатса жат жұртқа,

Не дер еді қыпша белді Қыз-Жібек?!

 

Бұл жалғанның болар қысы, жазы да,

Салт-дәстүрім – сарқылмайтын қазына.

Сол дәстүрден аттамаса ешқашан,

Баянына жолықпай ма Қозы да.

 

Есіл жұртым, текке айтпаймын мұны мен,

Қыздарымның болды ма әлде құны кем?

Ер Тарғынды құлай сүйген Ақжүніс

Қарт Қожаққа жар бола ма шынымен?!

 

Қазір ашық болғанымен қабағың,

Жылдар өтер. Жасқа толар жанарың.

Өз ұлтыңнан артық адам таппассың,

Қазақ қызы! Есіңді жи, қарағым!

 

*   *  *

 

Отбасында болмаған соң бас ие,

Несібеден айырады несие.

Түске дейін алып қойған қарызы

Түстен кейін түседі оның есіне.

 

Түні бойы ұйқысы да қашады,

Алған ақша албастыдай басады.

Несиеге құда күтіп, той жасап,

Сыр білдірмей, бар тапқанын шашады.

 

Қандаладай теспей сорып халықты,

Сол несие байытады банкті.

Сорлы қазақ қараңғыда қамалып,

Ашық күнде көре алмайды жарықты.

 

Соның бәрін көріп тұрған үкімет

Бейнет шегіп жатқандарға түкірет.

Мешіттегі уағыз айтқан молдалар

Дейді бізге: «Осы күнге шүкір ет!»

 

Шүкір, шүкір! Аз емес қой жақсылар,

Қаптап кетті, бірақ, даңғой басшылар.

Көптен қалма. Жырынды бол, алға  ұмтыл,

Көзің көрді,кезің келді бақ сынар.

 

Көңіл бөлме былық пенен шылыққа,

Қоныштан бас, сырық жалға құрыққа.

Бәрін жаса. Айналайын, тек қана

Ертең болар қияметті ұмытпа.

 

*   *  *

 

Шалдар да көп жасы жетпей алжыған,

Депутат көп ұйқылы-ояу қалғыған.

Кедейлер көп күн көре алмай, қаңғыған,

Кім біледі не күтерін алдынан?!

Не дер едің ал бұған?!

 

Адамдар көп сұмырайға тоналған,

Басшылар көп абыройы жоғалған.

Шенеунік көп жең ұшынан пара алған,

Ар-ұяты асқазанға қамалған,

Жандар ма әлде маймылдардан жаралған?!

 

Қаншықтар жүр айтаққа ерген қабаған,

Төбеттер жүр көрінгенді талаған.

Кандендер жүр ит-аяқты жалаған.

Майлы етпенен асыраған нән итке

Ескерткіш тұр құйып қойған қоладан.

 

Ит-тірлік пен маймыл-ғұмыр өткінші

Жыл мезгілі секілді тез өтсінші,

Жағымпаздық, қулық, сұмдық, арамдық

Осылармен құрдымға бір кетсінші.

Таңдау жаса, қалма көзден сен таса,

Жолайырыққа кеп тұрсың!

 

 

*   *  *

 

Ақылбек Шаяхмет

 

Aqsaqaldar.kz

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер