«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Алжыған шал ойлайды . ұлымын деп...
Алжыған шал ойлайды . ұлымын деп...
Дайындаған: 2 ай бұрын

өлеңдер

 

Тілек айтсақ тым ұзақ ғұмыр тілеп,

Қартайған шал бола ма бүгін тірек?!

Ел алдында айтатын сөзі басқа,

Ойына алған жасайды ісін бөлек.

 

Алжыған шал ойлайды ұлымын деп,

Елге сыйлы пенденің бірімін деп.

Фәнидегі қызыққа әуейленіп,

Айта алмайды: «Құдайдың құлымын!» - деп.

 

Еңбек еткен адамға алғысы жоқ,

Аты шыққан пейілі тар кісі деп.

Қара басын күйттеген зымиянның

Ел-жұртынан естіген қарғысы көп.

 

Жақын қалып тұрса да көрі мүлде,

Дәрмені жоқ бұрылып, шегінуге.

Мезгілінде өлген де жақсы екен ғой,

Абыройы болады  өлімнің де.

 

 

*   *  *

 

Замананың көшіне ере білген,

Төрде отырған сықиған төре кілең.

Біреуі отыр ақшаның көмегімен,

Біреуі отыр  ұлының беделімен.

 

Замананың көшіне ере білген,

Төрде отырған сықиған төре кілең.

Біреуі отыр жағынғыш «өнерімен»,

Біреуі отыр мықтының демеуімен.

 

Қойдың басы келгенде алдарына,

«Қайтемін?!» -деп қарайды жан-жағына.

Шұқып жейді асты да шанышқымен,

Ұқсамайды баяғы шалдарыма.

 

Қазақ аты болғанмен атасы нақ,

Өскен жандай аулақта жат асырап.

Тост айтады үйренген әдетімен,

Әуре болма олардан бата сұрап.

 

 

*  *  *

 

 

Шалдар да көп жасы жетпей алжыған,

Депутат көп ұйқылы-ояу қалғыған.

Кедейлер көп күн көре алмай, қаңғыған,

Кім біледі не күтерін алдынан?!

Не дер едің ал бұған?!

 

Адамдар көп сұмырайға тоналған,

Басшылар көп абыройы жоғалған.

Шенеунік көп жең ұшынан пара алған,

Ар-ұяты асқазанға қамалған,

Жандар ма әлде маймылдардан жаралған?!

 

Қаншықтар жүр айтаққа ерген қабаған,

Төбеттер жүр көрінгенді талаған.

Кандендер жүр ит-аяқты жалаған.

Майлы етпенен асыраған нән итке

Ескерткіш тұр құйып қойған қоладан.

 

Ит-тірлік пен маймыл-ғұмыр өткінші

Жыл мезгілі секілді тез өтсінші,

Жағымпаздық, қулық, сұмдық, арамдық

Осылармен құрдымға бір кетсінші.

Таңдау жаса, қалма көзден сен таса,

Жолайырыққа кеп тұрсың!

 

 

*   *  *

 

 

Арылмай тұман таң алды,

Кеш батпай күн де қараңғы,

Көре алмай жүрген көп дұшпан

Тырнайды келіп жарамды.

Адал мен арам жұлқысқан

Бұл өмір не боп барады?!

Үйіңді қиын таза ұстау

Тазалап алмай қораңды.

Көңілім неге алаң-ды,

Өзгерту қиын қоғамды.

Аңсайсың жаздың ыстығын,

Күндерді көрсең боранды.

Қазынам қанша тоналды,

Байлығым қанша жоғалды?!

Тырналар қиқу салғанда

Қырандар торға қамалды.

Айырмай жерден табанды,

Тастамай қолдан қаламды,

Әттең-ай, әттең! Қол қысқа.

Тауыстым бойда шыдамды.

Шықсам да жеңіі тартыста,

Ар жағы, бірақ, күмәнді,

Шабылып жүрмін құр босқа,

Үйретемін деп наданды.

 

 

*   *  *

 

 

Біреу жүрсе жұмыс таппай сандалып,

Біреу жүрсе қалт-құлт етіп жан бағып.

Басыбайлы байшікеші биліктің

Сын айтылса, шыға келер шамданып.

 

Басшылардың қас-қабағын бақсақ деп,

Жүргеннен соң одан артық мақсат жоқ

Жаламаса тілге шығып теріскен,

Жағымпаздық жасамаса жақсы ат жоқ.

 

Даңғазаға салар екен кім тыйым?

Олар үшін халық құны бір тиын,

Іріп-шіріп, азып-тозған мекенде

Арамзаны аластау да тым қиын.

 

 

*   *  *

 

 

Көк жәшікте көзіңді бақырайтып,

Жас балалар тұрады ақыл айтып.

Баласы ұрысса әкеге жараса ма

Есі бар жан тыңдайды оны қайтіп?!

 

Ел біледі жалғанда шынның жоғын,

Ел біледі тас болмас құмның көбін.

Шақырады сабырға ашынғанды,

Насихаттап жүргендер діннің жолын.

 

Мүфти, имам, хазірет аты мәлім

Айтқан кезде уағыз, ақылдарын.

Білмей ме екен шынымен өздері де

Шынлықты айтса Аллаға жақындарын.

 

Ақылбек Шаяхмет

 

Қостанай

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер