«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Ақылбек Шаяхмет
Ақылбек Шаяхмет
Дайындаған: 4 ай бұрын

         Өлеңдер

Айқасып жүріп қақ-соқта,

Тұрлаусыз мына жалғанда

Жете алмай тұтас мақсатқа,

Ерлер көп кеткен арманда.

 

Қылса да қызмет ұлтына,

Қай жерде басы қалмаған.

Ағаштан шыққан шырпы да

Орманды қалың жалмаған.

 

Қалса да елдің есінде,

Ел үшін еңбек еткендер.

Шалқып жүр дала төсінде

Есіріп, кері кеткендер.

 

Болған соң жақын Сарайға,

«Қайраткер» бәрі шетінен,

Ел-жұртын туған, алайда,

Қорғамас желдің өтінен.

 

Тырсияр үрген қарындай,

Шайтаннан сабақ алған ба?

Таппайды менің жаным жай

Қарқылдап қарға қонғанда.

 

Санасы кем боп жаралған,

Іске аспас онда мың айлаң.

Ұялсын неге адамнан,

Сескенбей жүрсе Құдайдан?!

 

*

 

Көрген кезде қара бұлтты торлаған,

Жауын жауса балапанын қорғағаң,

Бұршақ жауса әлек болған басымен,

Торғайды ешкім дей алмайды онбаған.

 

Сол торғайдың кебін кисе еліміз,

Шырылдаған балапанын көріңіз.

Тірілерге азық болып өлгендер,

«Шүкір!»  деумен күн өткіздік көбіміз.

 

Ақсақалдан алға шықса бай, мырза,

Төрелерге бас тартқанға қой да «ырза».

Е, Құдайым!

Жыртық үйге назар сал!

Қайырым қыл жалбарынған жалғызға.

 

Бабам өлді «Алаш туы кием!» – деп,

Атам өлді «Совет елін сүйем!» – деп.  

Қалай шыдап, қалай сабыр қыласың,

Жатжұрттықтар жатса бізді иемдеп.

 

Сөз есітіп, жығылса да таяққа,

Ер намысын таптатпаған аяққа.

Мәз боп жүрміз тойып ішкен, жегенге,

Бұл жалғанға келген жандай қонаққа.

 

Жыр жазсақ та іштегі шер қозғалсын,

Жәдігөйді шыңғырта алса сөз-қамшым,

Кейінгіге үлгі болар іс болсын,

Арттағыға  айта жүрер сөз қалсын.

 

*  

 

Ата-бабам қас жауымен алысқан,

Айырылған талай құтты қоңыстан.

Ұл-қызыма арақ-шарап ішкізген,

Қорқу керек діні қатты орыстан.

 

Қиындықтан шығар бар ма бір айлаң,

Көп табысты таба алдың ба мұнайдан?

Қорқу керек көз алартқан қытайдан,

Қорқу керек көріп тұрған Құдайдан.

 

Намысы да, ұяты да жоғалған,

Ешқашан да бас тартпаған харамнан,

Сөзі басқа, ісі басқа жасаған,

Қорқу керек иманы жоқ адамнан.

 

Жеміс терген жайнап тұрған бақшадан,

Жер бетінде аз емес қой жақсы адам,

Қорқу керек жағымпаздан жәдігөй,

Қорқу керек қайырымсыз патшадан.

 

Бұл фәниде көп берсе де, аз алған

Пенде ғана күнәсінен тазарған.

Өмір барда қаза да бар, ағайын,

Қорқу керек аңдып жүрген ажалдан.

 

*  

Ақылбек Шаяхметов

 

Қостанай

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер