«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Көркем - танымды хамса .хақында
Көркем - танымды хамса .хақында
Дайындаған: 2 апта бұрын

Жазушы, публицист, ғалым, қоғам қайраткері Бейбіт Қойшыбаев  1945 қараша айының 20 күні, Жамбыл облысы, Сарысу ауданының Саудакент ауылыда туған.

Қазақ ұлттық агр. университетін бітіргеннен кейін өмір жолын 1968 жылы Байқадам кәсіптік-тех. училищесінің оқытушысы қызметінен бастап, Қазақ КСР-і Мин. Кеңесінің “Қазақ ауыл шаруашылығы техникасы” бірлестігінде, Алматы облысы комсомол комитеті, “Қазақстан пионері”, “Білім және еңбек”, “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”), Қазақ КСР-і Жоғ. Кеңесі Төралқасы аппаратында, “Қазақ әдебиеті” газет-журналдарында, ҚР Экономика және сауда министрлігі автор құқығын қорғау агенттігі бас басқармасыда, Алматы облысы көші-қон және демография басқармасында жауапты қызметтер атқарды. 

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, Қазақстан әдеби қоры басқармасының төрағасы, “Тіршілік” журналының, “Әдеби қор жаршысы” газеті бас редакторы болды.

 “Қазақ әдебиеті” газеті бас редакторының, “Zaman – Қазақстан” газеті бас редакторының, “Қазақ энциклопедиясы” баспасы орталығы бастығының және “Заңгер” журналы бас редакторының орынбасары болып істеді. “Жұлдыз” журналының жауапты хатшысы болған.

 Ол қазіргі кезде тарихтың “ақтаңдақ” беттерін зерттеумен айналысады.  Бейбіт Қойшыбаевтің шығармалары орыс, беларус, болгар, қытай тілдеріне аударылған.                                                                                                                                                              

Ол Қазақ КСР-і Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен, “Құрмет” орденімен марапатталған.

                         Aqsaqaldar.kz сайтының редакциясы Бейбіт Қойшыбаевті туған күнімен құттықтайды. Зор денсаулық, бақыт және шығармашылық еңбегіне табыс тілейді.                                                                                                                                                                          

                                                                                          Aqsaqaldar.kz сайтының редакциясы  алқасы                           
 

«Рух БГ» баспасынан жазушы Бейбіт Қойшыбаевтың бес кітапшадан тұратын «Өртең өскіндері» атты әңгімелер мен хикаяттар жинағы шықты.

Жинаққа берген алғысөзінде автор өрттен кейінгі дала кейпін «өртең» дейтінін, өртеңде көк шөп келер жылы бітік, жақсы шығатынын меңзеп, «тіршілікті жасампаздықпен жандандыру үшін салынған өрттің күйген орнын білдіретін» осы сөзді қоғам өміріндегі «Алаш аты әлдеқашан аласталған, коммунизмнен басқа қоғамдық құрылыс үміттері мүлдем өшірілген тыныс-тіршілік алаңына» қолданғанын ескертіпті. Сонымен, «Өртең өскіндерінің» негізгі кейіпкерлері – «рухани өртеңде» коммунистік қоғамның «жаңа адамын» тәрбиелеу шаралары кең көлемде жүргізілген шақта өмір сүрген жас ұрпақ. Әрине, олардың бәрі бірдей «жаңа адамға» тән болмақ стандартты өмір салтын қабыл алған жоқ.

Тоталитарлық дәуірде өскелең ұрпақты нағыз азамат рухында тәрбиелеу мәселесіне арналған шығармалардың біразы жинақтың «Керней» атты алғашқы бөліміне топталған. Мұнда сол шақтағы сана-сезім тәрбиесінде ерекше орын алған пионер, комсомол ұйымдары хақындағы әліппе секілді ақпараттарды бала ұғымына жеңіл сіңіретін, кішкене шәкірттердің тарихи танымын кеңейтуге жәрдемдесетін, сондай-ақ ауыр өнеркәсіптің маңызды саласы мен ондағы  еңбек адамдары туралы баяндайтын туындылар бар. Автордың осындағы «Қара алтын қайдан шығады?» деген әңгімесі бүгінгі күнге дейін бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие жұмысында пайдаланылып жүр. Бөлімдегі «Жас қалам» хикаятының жас тілшіге қажет білімді алға тарту арқылы оқушылардың қоғамдық белсенділігін   арттыруды көздеп жазылғаны байқалады. Шынтуайтына келгенде, шығармашылық әліппесін арқау еткен бұл туындының журналистік жолды таңдағысы келетін бүгінгі жасқа да өте пайдалы мағлұмат берері хақ. 

Жинақтың «Балдәурен» деп аталатын екінші бөліміне енген  туындыларда жеткіншектердің мектептегі оқу-тәрбие жұмысы ауқымында жүргізген қызықты ізденістері, жасампаз еңбекке өзіндік құлшыныс танытып, шығармашылықпен атқарған іс-әрекеттері сөз болады. Бұл кітапшада, сондай-ақ, балалар ғылыми-фантастикалық хикаяттардың кейіпкерлері ретінде де бейнеленеді. Олар ғарыш лифтімен көкке көтеріліп, космостағы айрықша астроқалашықта тәжірибелер жасап жүргендерінде әлдебір қаскөйлерге, сондай-ақ жердегі табиғат аясында орналасқан пионер лагерінде өзге планетадан келген кеме ғарышкерлеріне ұшырасып, шытырман оқиғаларды бастан кешеді. Ал «Гүлдәурен» бөліміндегі әңгімелер мен хикаяттардың  кейіпкерлері – қилы мінезді, ізденімпаз, әділет пен адалдық, жақсы көрушілік жайында өзіндік ұғымдары бар  жеткіншектер мен жасөспірімдер. Осындағы «Біз табысар қиырлар» хикаятына коммунистік рухта тәрбиеленіп келе жатқан балалардың екі тұрпаты арасындағы қақтығыс арқау болған. Ал «Жүрегіңе сен» әңгімесінде тоталитарлық сана сарқыншағының жасөспірімдер арасындағы бүгінгі күнгі көрінісі Жаңа Өзен оқиғасына байланыста алға тартылған.

«Өртең өскіндерінің» төртінші, бесінші бөлімдерін құрайтын «Жасдәурен-І», «Жасдәурен-ІІ» кітапшаларындағы әңгімелер мен хикаяттар болашақ өмірде алар орнын ойластырған және әр салада еңбек етіп жүрген қыздар мен жігіттердің тыныс-тіршілігінен сыр шертеді. «Бұл таңғажайып әлем», «Ай нұры» хикаяттарына тоталитарлық дәуірде өмір сүрген жастардың ағымдағы саясат қаламағандықтан ұмыттырылған ұлт мәселесіне, қаралы тарихқа, ұлттық мұраларға, екінші орынға ығыстырылған ана тіліне көзқарастары,  өскелең ұрпақты тарих арқылы тәрбиелеу жайындағы ұғым-түсініктерінің кеңейіп-бекуі, сол реттегі нақты істері арқау болған.  Комсомол қызметіне сыңаржақ көзқараспен мансап баспалдағы ретінде қарау мен оны адал да біліктілікпен атқарудың («Екі таныс», «Жеңіс сыры»), сондай-ақ әділдікке емес, сыбайластық құдіретіне сенудің («Қателік») қоғамдағы көріністері бейнеленеді. Бұл бөлімдердегі туындылардың көпшілігінде жалпы жинаққа тән жылылықпен қыз-жігіттердің сүйіспеншілік сезімдері суреттеліп, кейіпкерлерінің бейнесін толымды ете түскен.      

Жалпы, «Өртең өскіндері» әңгімелер мен хикаяттар жинағы тоталитарлық кезеңде өмір сүрген жас ұрпақтың көркем ескерткіші іспетті әсер береді. Оны басып, таратумен Алматының «Тастақ» сауда үйіндегі Тастақ жарнама агенттігі (8727 374 8342, 8701 746 3301) шұғылдануда. Өзіндік хамса рәуішті бұл бес кітапшамен танысқан тәуелсіздік дәуірдің қыз-жігіттері өздерімен қатар өмір сүріп келе жатқан  бүгінгі аға ұрпақтың советтік тоталитаризм заманында өткен жастық шағын бейнелеген көркем туындылардан тағылымды сабақ алады. Жинақтың қалың оқырман қауымы көңілінен шығарына күмән жоқ.

Балжан Хабдина,  ҚР Баспа және полиграфия ісінің қайраткері.

Aqsaqaldar.kz

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер