«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Сен қазақсың басқадан . дара тұлғаң!
Сен қазақсың басқадан . дара тұлғаң!
Дайындаған: 2 апта бұрын

Сен қазақсың басқадан дара тұлғаң,
Дарxан дала төсінде жаратылған.
Бала емессің әлжуаз жаңа туған,
Ұрпақсың сақ пен ғұннан таратылған.

 

Аулақ жүрсін деп жау алашыңнан,
Алыпсың ат үстінде таң атырған.
Туын ұстап елдіктің неше ғасыр
ЕврАзия төсінде аласұрған.

 

Тағдыр талай жаныңа жара салған,
Кездерің бар кем болған, аласарған.
Атпал жүкті арқалап иық талған,
Жолдарда да тұрғансың тұйықталған.

 

Аңсарыңнан болса да алыс арман,
Жабы мініп жүйрікпен жарыса алған.
Теңдік үшін тер төккен, алыса алған,
Ұрпақ үшін қан төккен, шабыса алған.

 

Сен қазақсың, жаралған жаны асылдан,
Қазыналы кендейсің жаңа ашылған.
Қыстығып қиянаттан қиналғандар,
Таба алмас сен секілді жанашыр жан.

 

Бата алып қазақ деген қара шалдан,
Соқпақпен келесің сен бабаң салған.
Халықсың өзіңе тән келбетің бар,
Жұртымен барша әлемнің жараса алған!

 

Мұқтарбек Тұрысбекұлы, ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер